Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Нұрсұлтан Рысмағанбет

NursultanRysmaganbet
Subscribers
46 200
Post views
19 908
ER
42,91%
Posts
759
September 04, 15:26

https://youtu.be/lIbJSaOPVWg

September 04, 15:25
Media unavailable
1
Show in Telegram

https://pay.kaspi.kz/pay/erc95swr

September 03, 17:35

اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ
مُحَمَّدٍ
Аллаһуммә салли ‘аля Мухаммадин уә ‘аля али Мухаммад.
Мәуліт айы береке мен мейірім айы

September 03, 17:35

Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Кім маған бір рет салауат айтса, Алла оған он мәрте салауат (рақым) етеді, күнәсін он есе кешіреді және дәрежесін он есе көтереді».
(Ахмад, Насаи)

September 02, 17:17

Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей жатқанда жұрт оны:
Шыншыл, сенімді деген жақсы аттармен атайтын.
Кейін жамандықтан тыйып бастағанда, оны: өтірікші, сиқыршы деп айта бастады.
Түйін: жамандықтан тыйып жүрген адам ешкімге ұнамайды. Ал ең өкініштісі ол өзіміздің мұсылман атты адамдарға да ұнамай бара жатыр…
Аллаһым жағдайымызды жақсартшы, кешірші бізді
🤲

August 29, 06:21

Жүректі кектен, көреалмаушылықтан, жеккөрушіліктен, ызадан тазалау - сүннеттердің ұлысы.
Әнас ибн Мәликтен риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған былай деді:
«Ей, балам! Егер сен таңертең және кешке қарай жүрегіңде ешкімге алдау (зұлымдық, кек, іштарлық) болмауын қамтамасыз ете алсаң, соны істе.
Ей, балам! Бұл менің сүннетім. Кім менің сүннетімді жандандырса ,ол мені жақсы көреді. Ал кім мені жақсы көрсе, жәннатта менімен бірге болады».
Тирмизи

August 28, 13:02
Media unavailable
1
Show in Telegram

https://pay.kaspi.kz/pay/erc95swr

August 28, 11:12

Ка’б бин Малик өзінің Қателігін айтып, сол қателіктен қалай шыққандығын баласына айтып берген еді.
“Мен сенің жасыңда, тау қопардым” демей. Кейбір сәтте өзінің қателігіңді айтып, сол мәселеден қандай сабақ алғаныңды да балаңа айтқан жөнді болар…

August 28, 09:12

Барлығының бір-бірінің алдында ақысы яғни міндеттері бар. Мысалы: Ата-ананың бала алдында, баланың ата-ана алдында, ердің әйел алдында, әйелдің ер алдында, мұғалімнің оқушы алдында, оқушының мұғалім алдында және біздің Алла алдында міндеттеріміз бар, және тағы басқа кете береді осылай.
Естеріңізде болсын Бірақ Алланың біздің алдымызда ешқандай міндеті жоқ. Алла таға ешкімге, ешнәрсе міндетті емес.
Тіпті Алла істегенінен сұралмайды, бәлкім біз Оның алдында сұраламыз…
Сол үшін Алла бізге бір нәрсе берсе ол оның мейрімі мен жомарттығы…
Аллаһым бергеніңе шүкір етіп, мұсылманшылықты міндетсінуден сақта
🤲

August 22, 19:51

Адам бұл дүниеге Раббысына құлшылық ету үшін,
күнә жасап тәубе ету үшін,
қателесіп содан үйрену үшін келген.
Ал мінсіздігімен біреуді таңқалдыру үшін емес.