Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

nursultan_ustazdan

nursultan_ustazdan

Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

Subscribers
17 700
Post views
5 211
ER
29,28%
Posts
740
July 21, 18:18

БҰЛ ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ НӘРСЕ:
жалғыз қалу да емес,
ешкімге керексіз, ұмыт болған күйде өмір сүру де емес, жақыныңнан, дүние-мүлкіңнен айырылу да емес,
аштық пен жоқшылықта жүру де емес,
сатқындық пен жала жабылу да емес…
Жоқ!
Егер сіздің жүрегіңізде Алла болса бұл дүниеде ештеңе де қорқынышты емес
Бірақ ең қорқыныштысы – Раббыңызды жоғалту!
Жүрегіңізден Аллаға деген қорқыныш пен үміттің кетуі, міне, ең ауыр қасірет
Ең қорқыныштысы мыналар:
Алла жүрегіңізден Оның азабынан қорқу сезімін алып қоюуы;
күнәдан тазаруға апарар тәубе жолын іздеуден қалуыңыз;
тіліңізден зікірдің кетуі;
құлшылықтарыңызда ықылас пен ләззаттың болмауы;
уақытыңыздан береке кетуі;
ұрпағыңыңыз ізгілікке жетпеуі;
өміріңізден тыныштықтың кетуі;
жүрегіңіздің бос, мәнсіз, күнәлі істермен шұғылдануы;
Сөйтіп осылардан соң ең сорақы соңғысы-
ИМАНСЫЗ КҮЙДЕ ӨЛІМ!
Міне, бұл ең қорқыныштысы…
Қалғанының бәрін жеңуге болады.
Тек Алладан айырылып қалмайық!

July 21, 14:54

Сабырдың ең маңызды үш түрі бар:
1) Құлшылық амал жасауға сабыр ету
2) Күнәні тастауға сабыр ету
3) Өмірдің сынақтарына сабыр ету
Сабыр еттің, сыйы – жәннәт. Намазға тұру, ыстық күні ораза ұстау оңай емес, бірақ сабыр еттің, сыйы – жәннәт.
Күнәні, құмарлықты тастау оңай емес, бірақ сабыр еттің – жәннәт. Үлкен сынаққа тап болдың, бірақ сабыр еттің – жәннәт.
(Әл-уағз әл-матлуб
📚
)

July 21, 14:54

Кейде, адамдарға бәрі жақсы екенін айту оңай, бірақ өзіңе айту қиын. Себебі, өзіңе өтірік айта алмайсың.

July 21, 08:42

Құдайды мойындау, бірақ елемеу;
Тілің “Бар” дейді, бірақ өмірің “Жоқ” деп тұрады.
Ең ауыр өтірік

July 15, 19:14

Басына үлкен сынақ келсе: “Неге маған?” дейді.
Басына үлкен нығмет келсе: “Неге маған?” – деп ешкім айтпайды.
Осыдан-ақ адам баласының налығыш екенін түсінуге болады. Алла амандық берсін
🤲🏻
✍🏻

July 15, 19:14

Өзгелерге жұмсақ бол да, өзіңе қатал бол
Имам аш-Шафиғи

July 15, 19:14

Тамшыдай өтірік,
теңіздей сенімді кетіреді.

July 12, 16:17

Кейде күнәһар бір сәтте тәубе етіп, ардақты пендеге айналады. Ал кейде салиқалы жан бір-ақ мезетте арсыз күнәһарға айналуы мүмкін. Сондықтан құлшылығыңа мастанба. Өзгелердің күнәсін көріп, оларды қорлаушы да болма.

July 12, 16:17

Жетістікке жеткен табысты адамды табалап, оған шабуыл жасаудың орнына, оны табыс майданында басып озуға тырыс. Қызғаныш пен талпыныстың айырмашылығы – міне осыда.
©️
Шейх Ғаусани

July 12, 16:14

Шүкірсіздіктің ең үлкен белгісі — мен осы нығметке немесе бұдан да үлкеніне лайықтымын деп ойлау!