Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

қар қызы

qarqyzy

қар және мен, бізде шексіз махаббат
🤍

Subscribers
985
Post views
569
ER
57,78%
Posts
5 538
October 26, 23:41

Не сезініп, не қалап тұрғанымызды ешбір намёксыз, ашық айта алмасақ, “сау” достық құру ешқашан мүмкін болмайды.
ашық мінез бен шынайылық барлық сезімді жеңеді.

October 26, 23:39

Біз сәл де болсын ішіміздегіні, айтқымыз келген нәрсені бүкпей айтқанда өміріміз жеңілдей түсер ме еді? “Жоқ, керексің, кетпе!", "жақсы көремін", "өтінемін..." деген сөздерді, қарапайым "кешірді" дәл уақытында айтқанда ғашықтар айрылмас, достар ренжіспес, бауырлар ұрыспас еді. Тіліміз бар, бірақ әттең, соны айтуға келгенде оны жұтып қоятынымыз жаман.
ПыСы: өзім сондай болып, не істеп жетісіп отырғанымды айтамын да. алайда мен бұнымен жұмыс істеп жатырмын, өзгертіп. өзгеремін де.

October 25, 21:39

Көңілшекпін. Айтылған сөзді, пікірді жүрегіме жақын қабылдап қалатын жаман қасиетім бар. Десе де құрбымның осы қасиетіме үнемі айтатын сөзі бар еді: "оның бәрін ішіңе сала берсең, сақтай берсең, өзің ауру боласың. Ал ол адамдардың ештеңесі де кетпейді. Оданда оны елеме, елесең де сыртыңа шығарып елеп таста" - дейтін.
Осы қасиетімнен бәрін ішіме сала беріп тұйықталып кеттім, эмоционалды күйзеліске көп түсетін болдым. Одан шыққанмен баяғы қалпыма түсе алмай біраз жүріп қалатыным бар. Адамдардың әрбір сөзін, әрбір ұсақ түйекті көңіліме аламын. Біреу күл дейді, біреу суықсың дейді, енді бірі керексің дейді. Солай әркімнің сөзіне мән бере беріп өзімнің ішкі дауысымды, жүрегімді естімей қаламын. Өзім бұл нәрсені кеш түсіндім. Кеш түсінсем де, ақыры соны түсініп, іске асырып жатқаныма қуанамын. Қанша критик болсын, қанша жерден беделі бел асып тұрған жан болсын, оның сөзі саған әсер етпеуі тиіс екенін ұқтым. Тыңда, бірааақ! соңғы шешімді өзің қабылда. Өзіңе деген сенімділік, махаббат олардан жоғары тұруы тиіс.
Бір күні көңілім түсті, екінші күні мұңайдым, үшінші күні көзімдегі жасты сүртіп тұрып: жұрттар маған не үшін пікір айтады осы? мәселені шешу үшін оның туындауына себеп болған не нәрсе? олардың өзгергенін күткенше, мен өзім неге өзгермеймін? - деп сұрақ қойдым өзіме. Сосын отырып сол сұрақтарға жауап іздедім, таптым. “Өзгеру керек” дедім. Несін жасырайын мен де отырып алып, “ой бұл” деп бастап, біреуді сөз қылатын адамдардың қатарынанмын. Бірақ мен бұлай әңгіме айтуды доғардым. Өзіме қатысты емес әрекеттер мен әңгімелерге араласпайтын болдым. Бастысы адамдардың мен жайлы айтылған сөздеріне мән бермеуді үйрендім.
Түйін: бірге қосылып өз-өзіңді жегенше, сонымен күресуді үйрен. Бұл оқиғамды сол үшін бөлісіп отырмын. Мен жасаған қателіктен сабақ алсын дедім мұндағы әрбірің.

October 25, 17:53

Шарт көп болған сайын, қайғы да көп бола бермек. Оған адамдарды кінәлап, өзіңе керектіні оған байлап қажет емес. Қиналатын өзің. Адамдармен қарым-қатынас орнатар болсаң, шартсыз бол!

October 25, 12:37

Өзіміз шарт қойып, өзгелерден шамадан тыс дүние күтіп, нәтижеге ұмтылып, соңында өзіміз жапа шегуші рөлде орнығып қаламыз. Шын мәнісінде бізді ренжітетін де, мұңайтып, қайғыға түсіретін де өзіміз құрастырып алған шектен тыс күтулер (ожидании)…

October 24, 07:29

Бір адамның саған қасиеті, сөзі, мінезі ұнамаса оның тек сол ісін ұнатпа, өзін емес. Өйткені ол құл, оған қателесуге мүмкіндік бер. “Қателіктен ада, пәк тек Алла” деген. Осы сөз есте болсын.

October 23, 13:29

Жалғыз өзім тамақтанғанда үнемі телефон қарап отырады екенмін. Дорама, кино көремін немесе сторис қараймын. Кейде кітап оқып, ойларымды жазатын сәт те болады. Осы бір қылығым өзіме ұнамсыз болып көрінгесін, телефонды ас үйге апармаймын деп шешкенмін. Нәпсіні тыю үшін тамақты тыя білу керек екенін біле тұра, тойып тамақ жеп аламыз. Ішкен асты шайнамай жұтып жатамыз. Ең маңыздысы ішкен астан рақат та ала алмайды екенбіз. Оған алғыс айта алмаймыз. Балқия апай “не ішіп отырғандарыңды біліңдер” деп үнемі айтатын. Бір рет телефонсыз, адамдарсыз, Аллаға шүкіршілік айтып тамақтандым. Сезімімді жеткізе алмаймын, тыыым ғажап

.
Түйін: байқап көріңдер.

October 22, 03:19

Дисциплина - жай ғана артықтан арылу. Шамадан тыс ұйқы, артық тамақ, артық сөз, артық ақпарат, артық адамдардан арылу.

October 21, 08:22

Өте көп ақпарат. Жағымсыз. Керексіз.
Ақпарат заманында мидың ақпаратпен толуы қалыпты жағдай. Бірақ ол телефон жадын тазартқаннан өте қиын.
Ойларыңды, саған келіп жатқан ақпаратты фильтрлеу өте маңызды. Кейде шынымен не керек екенін білу үшін бас тартып та көру керек. Әлеуметтік желілердегі керексіз адамдардан бас тарт. Керексіз заттардан бас тарт. Тек сол кезде ғана көп заттың маңызын түсінесің және өзіңе нақты не керек екеніне көзің жетеді.
ПыСы: өзім байқап көргесін, нәтиже берген соң жазып отырмын.

October 20, 05:52

Керемет адам боп көрінгім келмейді.
Әдемі сөздер жазғанмен, әрекетімнің бәрі мінсіз емес. Естілігімнен ессіздігім көп. Мені ұнатпайтындар жетерлік. Сәйкесінше, менің де жақтырмайтын адамдарым бар.

Кейде мен де автобуста жасы үлкенді сыйламай, орын бермей, отырып аламын. Оқуыма өтірік ауруды сылтауратып, бармай қоямын. Біреудің жылаған баласына қарап: "неге аңырай береді?" деп ойлаймын. Маған бәрі міндетті секілді айтқаным орындалмай қалса ренжимін. Маған тиіскеннің жанды жерін тырнап, ақымды аламын. Өтірік айтамын, ауыр әзілдеймін, көңілге қарамаймын, ауыз жаппай ұрысамын. Біреуді сөз қыламын.

Мұндай әрекет, сәттер жиі болмайды. Байқатпай, айтпай, білдірмей де жасап жатамыз. Бірақ өзімізге өзіміз мойындайықшы. Сонда ғана мінсіздік болмайтынын, барлық адам қателік жасайтынын түсіне аламыз. Және сол кезде барып өзгереміз.