Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Құранмен саяхат

quranmensayahat

Құран жаттау әдістері, пайдалары, артықшылығы, үкімдері және т.б.

Subscribers
4 260
Post views
1 668
ER
38,81%
Posts
438
October 22, 10:38

«Кімде-кімде білім, түсінік және тақуалық болмаса,
ол Құранның ләззатын ешқашан сезе алмайды.»
📚
әл-Бурһан

October 15, 06:22

https://www.youtube.com/live/ssigiArbBvs?si=DwTK_dtr1hRGCFTY
Халықаралық Құран жарыс Астанада
😍
тікелей эфирден көре аласыздар

October 13, 03:56

فَإِذَا قَرَأْتَ الْقُرْآنَ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
Һәм қашан сен (уа, мүмін) Құран оқысаң, Алланың атымен қуылған шайтаннан сақтан. («Нәхл» сүресі, 98-аят)
Шындығында, бұл аяттың мағынасы — «Құран оқығың келсе, Алланың атымен қуылған шайтаннан сақтан». Бірақ Құранда «егер оқығың келсе» деп емес, «оқысаң» деп айтылған.
Бұл өзгерістің сыры не?
Себебі Құран сені тек оқуға ниеттенуге емес, оған толық берілуге шақырады.
Құран оқу — жай ғана “қаласам оқимын” деген іс емес, оған жан-тәніммен, жүрегіммен ұмтылуым қажет!
Осы секілді:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ
Уа, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуып, бастарыңды сипаңдар һәм аяқтарыңды да тобықтарына дейін (жуыңдар). («Мәида» сүресі, 6-аят)
Мен намазды оқып болғаннан кейін бетімді жуып, дәрет аламын ба? Жоқ. Аяттың мағынасы — «Егер намаз оқуға ниеттенсеңдер, беттеріңді жуыңдар».
Бірақ Алла Тағала бізге «Егер намазға ниет етсеңдер» деп емес, «Намазға тұрсаңдар» деп айтты.
Оның сыры
— сен намаз оқуға жай ғана ниеттенбеуің керек; намазға дереу, шын ықыласпен ұмтылуың қажет!
Имам Әбу Су‘уд осы жайлы былай деген:
والتنبيه على أن من أراد الصلاة حقه أن يبادر إليها بحيث لا ينفك عن إرادتها.
«Бұл жерде Алла Тағала намазға шын ниет еткен адамның міндеті – оны кейінге қалдырмай, дереу орындау керектігін ескертіп тұр».

October 08, 18:01

Ақтау іздегенше, шығатын жолды ізде.
Құран жаттауға ниет еткен жанға – бұл жолда ештеңе тосқауыл емес. Адам жасай алған істі сен де жасай аласың. Миыңда жеңілдет
😉
Ең әуелі Құранға арналған уақытыңды нақты белгіле. Ол уақытты шегелеп қой, ешнәрсеге берме.
Жоспармен жүруге дағдылан. Кейде бір аятты айлап жаттауың мүмкін, ал егер жоспарсыз жүрсең, жаттау қажет деп жүре бересің.
Ниетіңді түзет, истиғфар айт, тәһәжжуд оқы. Әрдайым Алладан жәрдем сұра. Өйткені Құран – таза, тек таза жүрекке ғана қонады.
Әрекетке берекет, бастап кет, тастап кеткен болсаң қайта кел.
Ұлы нығметтен мақрұм қалма

September 03, 20:10

Құранмен саяхат
pinned a voice message

September 03, 15:01

https://youtu.be/3rlExveKyT0?si=mn3Q_omdM7_t-D35

August 30, 15:11

«Құранмен оңаша қалып, өз жүрегін соған өлшеген жанға Алланың рақымы болсын. Егер амалы Құранға үйлессе – Раббысына шүкір етіп, одан артық нығмет тілейді. Ал егер қайшы келсе – кешікпей тәубеге келіп, дұрыс жолға қайта оралады».
©️
Хасан әл-Басри
(рахимаһулла)

August 30, 06:59

Әр адамға өзіне жеңіл және ауыр келетін амалдары болады.
“Сахаба Омар р.а қолынан келетін бүкіл жақсы амалдарды өз бойына жиды. Алайда ол үшін құран оқу ауыр келетін. Бірақ ол тырысты және 12 жылда Бақара сүресін жаттап шықты. Ол үшін ауыр келсе де, ол құранды тастап қоймады”.
📖
сойд әл-хотыр

August 25, 06:50
Media unavailable
2
Show in Telegram

Алла елшісінің ﷺ ұрпағынан- Хабиб Хусейн әс-Сәққоф

August 23, 16:31

Құран иесіне берілетін бес мәртебе:
1.
Шапағат:
«Құран қиямет күні өз иелеріне шапағатшы болып келеді».
2.
Дәреже көтеру:
«Сенің мекенің (жәннаттағы дәрежең) соңғы оқыған аятыңда болады».
3.
Серіктестік (жақындық):
«Ізгі, құрметті періштелермен бірге болады».
4.
Жақсылық:
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің».
5.
Ерекше мәртебе:
«Құран иелері – Алланың адамдарының ішіндегі таңдаулылары».
Алла бізді де, сіздерді де солардың қатарына қоссын!