Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Жүрек сырлары 🤍

zhureksyrlaary
Subscribers
1 390
Post views
4 234
ER
302,49%
Posts
5 043
August 16, 01:56

Баяғыда бір молдадан “сонда жұмақта олай бола ма, бұлай бола ма” деп сұрай берген екен. Сөйтсе “Білмейм, өзім де бірінші рет бара жатырмын” депті ғой ))

August 16, 01:55

— Мен неге таң намазына ұйықтап қала берем?
— Өйткені таң намазы сен үшін маңызды емес.
— Бірақ мен ұйықтап қалғаным үшін өкінем ғой?!
— Өкінбейсің. Өкінгің келеді. Өкінген адам қателігін қайталамайды.

August 15, 04:19

Білімділер дүниеден ақиретті артық көреді, сөйтіп екеуіне де қол жеткізеді. Білімсіздер ақиреттен дүниені артық көреді, сөйтіп екеуінен де айырылады.
Мухаммад Ротиб ән-Нәбулиси

May 12, 06:22

Әлхамдулилләһ! Раббымыздың тағы бір теңдессіз нығметін көрдік: жаңа күн, жаңа апта берекелі болсын, бауырлар
🤲🏻

May 06, 11:55

Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын.

March 19, 11:15

Аллаға не ұнайды?
Мұсылман бауырыңның жүрегіне сыйлаған қуаныш ұнайды

December 30, 20:11

Жүрегіңізден дүниені алыстатқан сайын, ахырет сізге көз алдыңызда боп көрінеді.

December 29, 17:43

Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) адамдардан, жақындарынан кейде бір сөздер естіп, ренжігенде, сабыр сақтап, былай дұға ететін болған:
“Бұдан да ауыр реніштермен сыналған Мұсаға Алланың мейірімі болсын”.
Әркез тақуалардың, ізгілердің сынақтарын еске алу, солай өзіңізді сабырға шақыру-сүннет.

December 25, 06:44

“Құл Аллаға деген махаббаттың дәмін татқан уақытта Алла ол құлының кемшілігін өзіне көрсетіп қояды. Осылайша ол басқалардың кемшілігін көрмес болады.
Рабия әл-Адауия”

December 24, 13:17

Тахаджудты “бірнәрсе алу” үшін емес, Сүйікті Рахман Раббыңызбен сырласу, шүкір ету, күндізгі күнә-кемшіліктеріңізге, әдепсіздігіңізге кешірім сұрау үшін оқымасаңыз, қалайшы Оны жақсы көремін дей аласыз? Қалай түнде тәтті ұйықтай аласыз, Оның басқа адал құлдары Онымен тәтті сырласып жатқанда? Уайым, қорқыныш жоқ па? Оның сүйіктілерінің қатырында болмай қаламын деген, солай Оның ерекше Махаббатын татпай, сезінбей, дүниеде босқа өмір сүрген боламын деген?
Сіз бұл өмірде, әсіресе жалғыз қалғанда, түнгі қараңғыда қаншалықты Раббыңызға қарай талпындыңыз, соған қарай сізді Раббыңыз қарсы алады дүниеден өткен соң.