Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Абылай Кенжалы

abylaikenzhaly

ислам, ойлар, аударма

Subscribers
48 200
Post views
14 582
ER
30,13%
Posts
3 250
September 04, 14:30

Шейх Юсуф Хаттар өзінің бір сөзінде табысты адам мен табыссыз адамның аражігін ажыра отыра былай дейді:
Табысты адам – проблеманың шешімін ойлайды. Табыссыз адам проблеманың өзін ойлай береді.
Табысты адам “шешімі қиын, бірақ мүмкін”- деп айтады. Табыссыз адам “шешімі мүмкін, бірақ қиын”- деп айтады.
Табысты адам басқаларға жәрдемдеседі. Табыссыз адам әрдайым басқалардан жәрдем күтеді.
Табыстының назары болашақта, табыссыздың назары өткен шақта.
Табысты адамның ой-пікірі таусылмайды. Табыссыз адамның сылтауы таусылмайды.
Табысты адамның әрдайым шабыт берер арманы бар. Табыссыз адамның өзі де оған сене қоймайтын қиялдары ғана бар….
(Таң атқанда
📚
)

September 02, 18:30

https://youtu.be/Nxg2mgk829s?si=vp-nReeur6wiYbbw

September 02, 12:53

“Үш кітап оқығанша — бір кітапты үш рет оқыған жақсы”.
✍🏻
Мысырлық жазушы, ақын Аббас әл-Аққад

September 01, 10:40

Іліммен азғантай амал жасау, надандықпен көп амал жасаудан хайырлы.
Имам Ағзам Абу Ханифа (Алла рахым етсін)

September 01, 09:20

Білім күніне орай 25% жеңілдікті қабыл алыңыздар
🙌🏻
wa.me/77073240722
Жеңілдік бір күн
🍁
🍂

September 01, 06:22

Білім күні құтты болсын. Білім алушы талапкер, ниетіңді түзе. Білім арқылы Аллаға жақындауды ниет қыл. Болмысыңды надандықтан арылтып, қоғамға пайдалы болуды көзде. Білім алуға қадам басқан күннен жәннәтқа барар жолың жеңілдейді. Осы жолда соңына дейін бекем бол.

August 29, 09:06

Ересек шақта әткеншекке отырсаң, бала күндегідей арқаңнан ешкім итермейді. Тербелу үшін өзің қозғалып, өзің күш саласың.
Есейгенін түсінген жанның өмірі де дәл солай. Біреудің демеуін күтпейді, ретін тауып, өз амалын өзі жасайды...
(Таң атқанда
📚
)

August 29, 04:47

Таңғаларлығы, сен – ризығыңның мекенжайын білмейсің. Ал ризығың – сенің мекенжайыңды жақсы біледі.
©️
Шейх Шағрауи

August 27, 17:14

Шейх Әдһәм әл-Ғасими айтпақшы: “Рия тек құлшылық амалдарды зая кетірмейді. Онымен қоса бұл дүниеде де рияңның жазасын алып кетесің” дейді.
Адамдарға жағыну үшін әрекет жасасаң, солармен сыналасың, солармен жазаланасың. Шейх Омар Сулеймән: “Рия тек құлшылықта емес, онымен қоса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю кезінде де орын алады” – дейді.
Белгілі бір топқа жағымды тақырыпты айту, сол арқылы беделіңді көтеруге тырысу да – рияның бір түрі.
Алла баршамызды жүрек ауруларынан сақтасын.

August 27, 16:55

Имам әл-Мухасиби айтады. (Иә дәл өзі, сонау атақты “Рисәләтул мустаршидин” кітабының авторы)
“Алла адамға ықылас сыйласа, онда ол басқалар үшін өмір сүруден тыйылады”.
Отырып алып мұсылмандарды жамандап, тәңірші мен атеисттерге жағу үшін әңгіме айту да – ықылассыздықтың белгісі. Яғни, рияның бір түрі деп ашық айта аламын. Құлшылықтағы рия – құлшылықты адамдарға жағыну үшін жасау болса, өмірдегі рия – іс-әрекеттеріңді адамдарға жағыну үшін жасау.