
адекватные мысли неадекватной девушки
немного и много обо всем
неге күйеуі әйелі өлген кезде тіпті оның табытын көтеруге де жарамай қалады?
ал неге әйелі өмірінің бойына сол күйеуінің разылығын алуға тырысады?
кейде өзіңе жылауға да рұқсат беруін керек болады.
всегда казалось, что она поддавалась его характеру.
он был сильным, уверенным, прямым. говорил — и делалось. решал — и шли за ним.
а она — тихая. мягкая. словно веточка возле бурного потока.
но со временем стало ясно: это он поддавался ей. он бурлил, кипел, шумел — а она просто делала своё.
тихо. упрямо. незаметно.
и в итоге всё шло так, как нужно было ей. без давления. без приказов.
только её тишина была сильнее любого его крика.
🖇
кейде сүйіспеншілік дәл осындай қарапайым сәттерде байқалады.
мен машинаға отырғанда орындықты алдын ала жылжытып қойғанында,
машинаның кондиционерын қосып қойғанында,
үнемі лимон дәмі бар сусындарды таңдап алатынында.
карак чай ішуге барғанда аяттар мен хадистер жазылған магниттерді сатып алатын әдетінде.
мейрамханада қасық пен шанышқыны сүртіп, алдыма жай қойып қоятынында.
маған болгарский перецтың иісі ұнамайтынын біліп,
құрамында сол бар тағамды жемей қоя салғанында.
мен кейде фаршы бар тамақтың тек сыртын жеп, ол ішіндегі фаршын үндемей жеп қойғанында.
екеуміз алғаш танысқанда
бір апта бойы қызыл раушан гүлдерін жібергенінде.
жаңбыр жауған күндері мені қасына ертіп, үнсіз жаяу қыдыртқанында.
өзі мүлде ән тыңдамаса да,
мен үшін кейде жай ғана ән қосып қоятынында.
менің жұмысымнан дым хабары болмаса да, ұсақ-түйек проблемаларымды шешуге тырысқанында.
кейде балалар ойын алаңына барып, менімен балаша ойнап, бір сәт бәрін ұмыттыратынында.
дым түсінбесе де, менімен бірге түріктің сериалдарын қарап отыратын сәттері де бар.
сөйтсем, махаббат — қымбат сыйлық,
әдемі, үлкен букеттер, жылы жаққа путёвка емес, махаббат кейде «байқамай істелген» ұсақ-түйектер.
инстаграмнан видео қарап отыр.
сұрақ: сіз анакондадан қорқасыз ба?
ол: и, мен анакондамен өмір сүріп жүрм ғо
🤣
.
бүгін екеуміз автобусқа міндік.
әдетте көлікпен немесе таксимен жүретінбіз.
бірақ осы жолы мен қоймай, "бір рет автобуспен барайықшы" деген.
міндік. адам көп, ауа тар, ыңғайсыздау.
түскен соң, ол маған қарап:
«енді екеуміз автобусқа мінбей-ақ қояйықшы…» – деп, басын шайқады.
сол сәтте мен ол сөзден жайлы өмірді емес,
жанымның жайлы болуын қалайтын оны көрдім.
өзіне емес, маған ыңғайлы болсын дейтін адамды.
енді маған да есі дұрыс адамдар сияқты 09:00–18:00 деген графикпен жұмыс жасауға тура келеді
😳
мен 24/7/365 жұмыс істеп үйреніп қалған адаммын ғой.
әлі демалыстамын.
қызық сезім екен.
өткенде бақандай 4 күн демалғанда үтігімді жандырып жіберіп едім. осы жолы ас үйдегі краным менің ыдыс жуа бергенімді көтере алмай, сынып қалды
🤣
👍
.