Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Telegram: Contact @adekvatniemisli

adekvatniemisli
Subscribers
993
Post views
214
ER
21,49%
Posts
11 237
October 13, 15:48

October 12, 21:06

шамамен бір апта бұрын қатты қызулап, төсек тартып жатып қалдым. қаладағы үйге әке мен мама келген еді. ұйқымнан бір оянып, өз бөлмеме келсем, диванда әке жатыр. қасына келіп, қисайып жата бергенім сол еді, әке бала кездегідей алақанының сыртымен маңдайымнан ұстап, қызуымды қарады. артынша өзі жамылып жатқан көрпесінің жартысын маған да жауып қойды "тоңып қалма" деп.
еріксіз жас келді көзіме
🥹
.

October 12, 21:01

кухнямен, тамақ жасаумен особо дос емеспін. ақша тауып, соны сатып алу жеңілірек.
ал бүгін алғаш рет манты пісірдім.
көптен бері жегім кеп жүр еді.
етін ерінбей қолмен ұсақтап турап, нанын да өзім түйдім. бұрын мама ылғи "етті турамыштап салсаң, күшті сочный болып шығады" дейтін.
мамау, ғажапсың ғой

.

October 10, 05:56

джума мубарак, джама'ат
🤍

September 26, 20:14

"а люди любят" деген рубрика болып тұр ма?

September 26, 20:11

немесе инстаграмға жасыл аймаққа салған әр сторизыма мән беріп, реакшн қалдырып отыратын сәттерде де

September 26, 20:11

немесе түн ортасында хабарласып, "жәй даусыңды естиін деп" айтатын сәттерде де

September 26, 20:10

кейде аяқасты хабарласып, не істеп жатқанымды сұрайды да, кейін "сүйем сені" деп айтатын сәттерде жүрегім қалады
🥹
🤍
.

September 26, 19:58

өлең жазатындай сезім кешетін кездерді сағындым
🤍

September 21, 11:50

кәзір белгілі бір себептерге байланысты екеуміз екі жақта жүрміз. қоштасар сәт әркез мен үшін ең қиыны. қимай, сағынышымды баса алмай, аздап жылап қаламын.
кеше де сондай болды. еркелеп, қимай тұрдым. ол маңдайымнан сүйіп, шашымнан сипап, ұзақ құшақтап тұрды да, кенет «сүйем» деді. жиі айтатын болса да, дәл осындай сәтте айтқаны жүрегімді елжіретіп жібереді.
сосын жымиып, "қанша жарыстан ұтсам да, өмірден ұтқан жетістігім — өзіңсің" деді.