
Данияр Кенжеұлы (екінші парақша)
Бұл парақшада өзімнің жеке ойларым, сыни пікірлерім мен оқыған шығармаларым жайлы бөлісіп отырамын.
Негізгі білімге қатысты парақшам осында:
➡️
t.me/mauaranahr
Баяғыда Мұса пайғамбар қауымының қатігездігіне налып: «Уа, Раббым! Бұл жұрт менің бойымда жоқ істерді маған теліп, жасамағанымды жасап қойғандай жала жауып, ызамды келтірді. Бұларды жазаласаң қайтеді?» — дейді. Сонда Алла Тағала: «Ей, Мұса! Ондай сөздер сен түгілі, маған да айтылып жатыр. Олар менің өзіме тіл тигізіп, сипатыма сай келмейтін сөз айтады емес пе. Олардың сөзін елеме» — деген екен.
Адам болған соң сөз естімей қалу мүмкін емес. Жалаға қалудан, ғайбатқа ұрынудан ешкім толық құтыла алмайды екен ғой. Адам тұрмақ, Жаратушының өзіне тіл тигізіліп жатқан заманда, біздің жағамыздан алған сөз түк те емес. Шындық жолында жүріп, ғайбат есту — шыдамның шеңбері шығар бәлкім…
Егер бір пендені тек Алла сүйсе бірақ оны жер бетінде ешкім танымаса, ешкім іздемесе, артынан сөз ермесе, оның жүзі газетке шықпаса, есімі ешбір дастанға кірмесе ол не жоғалтады? Ештеңе де.
Ал егер бір адамды бүкіл жұрт жақсы көріп атақ берсе, қошеметтесе, есімін естеліктерге жазса бірақ, Алла оны сүймесе, ол не ұтады? Ештеңе де. Бәрі — бос. Өйткені адамдардың махаббаты, құрмет-қошеметі қабірдің есігіне дейін ғана еріп барады. Ал Алланың махаббаты мына дүние де де, қабірден кейінгі өмірде де жалғасады. Себебі Алланың махаббаты уақытқа емес, шынайылыққа байланған.
Сол үшін ең алдымен Алла сүйген адам болайық…
©
Йылдыз
Біз тозақты әділетті болғаны үшін жек көреміз бе, әлде жаман орын болғаны үшін бе? Егер сол орынға апаратын жолмен өзіміз жүріп келе жатсақ, онда нені жек көріп жүрміз? Тозақты ма, әлде өзімізді ме?
Себебі тозақ өзге біреудің бізге жасаған зұлымдығы емес. Біз жасаған таңдаулардың нәтижесі ғой. Біз салып жатқан жолдың ең соңындағы аялдама.
Тозақ әділетсіз емес. Біз соған лайық өмір сүріп жатқанымызды мойындағымыз келмейді. Сондықтан тозақтың өзін емес, өз әрекетіміздің салдарын жек көру керек. Бірақ өкініштісі — біз әлі де сол жолмен жүріп келеміз.
Әлі тұрмыс құрмаған, жігітпен сөз байласуға ниетті қарындастарыма кеңесім:
Түсінігі мен түйсігінен пендешілігі терең жігіттерге тұрмысқа шықпаңдар.
Ішу, жеу, күлу, төсек. Өмірді осы төрт шеңбердің ішінде ғана түсінетін еркекке байланып қалмауға кеңес берем. Себебі бұл нәрселерге жету үшін университет оқып, диплом алудың қажеті жоқ. Мұндай тірлікті хайуандар да істей алады. Еркектің шын болмысы — оның арманынан, ардан басталады. Мақсаты тек нәпсімен шектелмей, елі мен діні үшін күресетін жігітті таңдаңдар.
Не болып жатыр? Бүкіл европа жабылып жүріп жеңе алмаған еді ғой. Метлайфта қазір қыс
🥶
😀
Сенің өміріңде болғысы келмейтін адамды ұстап қалуға әрекет етпе. Оның сенің жаныңда қалуы үшін өз дәрежеңді түсіріп, түрлі істерге барма. Талпындың, тырыстың болмады. Просто — жібер. Себебі арақатынасты ұстап, жалғап тұру — біржақты болмайды.
Сен дайын болған кезде, тағдыр саған керек адамды алдыңа өзі әкеліп қояды…
Мына болып жатқан КӘЧ түк қызық емес пе, қалай өзі. Тапа тал түсте терлетіп…
🥱
Тағдыр адамға сирек күледі. Бірақ бір күлсе – шын масқара сол кезде басталады.
Егер жалғыз қалған сәттегі шынайы болмысыңды адамдар көрсе — сенен теріс айналатын болса, Алланың алдында қандай дәрежеде екеніңді өзің-ақ түсіне бер.