Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Данияр Кенжеұлы (екінші парақша)

daniyarkenzheuly
Бұл парақшада өзімнің жеке ойларым, сыни пікірлерім мен оқыған шығармаларым жайлы бөлісіп отырамын. Негізгі білімге қатысты парақшам осында: ➡️ t.me/mauaranahr
Подписчики
1 450
24 часа
-10
30 дней
60
Просмотры
2 160
ER
149,31%
Посты (30д)
1
Символов в посте
749
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Психология
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Психология и консультация
Краткое описание
February 15, 12:14
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

🤩
🤩
Құрметті бауырлар, 8 айға жуық бүкіл уақытым мен күшімді сарп еткен кітабым, Алланың қалауымен, алдағы аптада жарыққа шыққалы тұр. Бүгінде елімізде отбасы мәселесі, соның ішінде ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінбеуі, ұрыс-керіс, әйелге көңіл бөлмеу, әйелдің құқығының еленбеуі, ер адамның қиянатқа баруы, ажырасудың шегіне жету, қарым-қатынастың бұзылуы сынды індеттер өршіп тұр.
«Бір үйдегі бөтендер» кітабым осы және бір шаңырақ астында тұрып, бір-біріне бөтен болып кеткен жұптардың мәселелерін қаузайды. Кітапқа алдын ала сатылым ашық. Алдын ала тапсырыс беру арқылы сіз кітапты жеңілдікпен, арнайы тілекпен және қолтаңбамен аласыз. Сондай-ақ алдын ала тапсырыс берушілерге баспа түріндегі 44 беттен тұратын қарым-қатынас планері тегін беріледі.
Кітап үйленіп үй бола аламай жүрген жұптарға және үйленуге ниетті жастарға арналған. Үйленбей тұрып қателікке бой алдырмас үшін оқы. Отбасын сақтап қалу үшін оқы, үйрен, біл.
Тапсырыс беру үшін
осы жерді басыңыз

January 08, 23:03

«Жарасы үстірт жазылып, өмірін қайта бастауға асыққан, көзі жаңа әйелге түскен әке ме? Әлде ұзақ уақыт жанын жеген күйзелістен шаршап, «енді өткенімді еске салмайтын біреумен тыныш өмір сүргім келеді» деп өзгенің қолынан ұстаған ана ма? Әлде «қызым, ажырасқаның жөн сияқты, бұл саған лайық емес, дәл осылай жылау үшін сені дүниеге әкелмедім» деп, сабырды емес, ажырасуды ақыл көрген әулеттің үлкендері ме? Немесе «мына әйелің біздің әулетке жарамайды, келін бола алмады» деп, баласына жар емес, өзіне қызметші іздеген ата-ене ме? Я болмаса «абьюзермен өмір сүретін заман емес, редфлаг қой ол, сотқа бер, алиментін өндір, біз жаныңдамыз» деп, жанашырдың кейпіне енген, бірақ жауапкершіліктің бір мысқалын да көтермейтін құрбылар ма?
Мейлі. Айып сенде емес делік. Бар кінә жұбайыңа артылсын. Жоғарыдағы сөздердің ешқайсысы сен үшін шешуші рөл атқармады деп есептейік. Сонда да осы ажырасудың ең ауыр салмағын кім көтереді? Сен емес. Ол емес. Ақыл айтқан «жанашырлар» да емес. Бұл жүктің бәрін өмір бойы арқалап өтетін жалғыз жан бар. Ол – бала. Кеше ғана дүниеге келгенде екеуің де көздеріңе қуыныштың жасын алып, «осы баланың болашағы үшін бәріне шыдаймыз» деп өздеріңе ант берген сәби. Алғаш көзін ашып, анасының жүзіне қарап күлген, шынайы шаттықпен жанары жарқыраған бала. Тәй-тәй басып, «мама», «папа» деп үйдің ішін қуанышқа толтырған сол бір кішкентай жүрек. Дәл сол жүрек бүгін сендер елестете де алмайтын ауырлықтың астында қалды…»
«БІР ҮЙДЕГІ БӨТЕНДЕР»

January 06, 21:16

«Дегенмен, әйелдің төсектен бас тартуы көбіне еркекке қарсы әдейі жасалған қасақана әрекет емес. Өйткені жыныстық жақындықты Жаратушы тек еркектің бойына ғана тән қасиет етіп бермеген. Тәннің бұл қажеттілігінен әйел де үлесін алған. Бірақ қабылдау сипаты бөлек. Әйел үшін жыныстық жақындық сезіммен, байыптылықпен, өкпе-ренішсіз күймен байланысты. Егер осы негіздер сақталса, әйелдің де күйеуіне деген ықыласы мен құштарлығы күшейе түседі. Жолдасынан мейірім мен қолдау көрген әйел үшін ыстық құшағын ұсыну ауыр міндет те, артық салмақ та емес. Өйткені әйел үшін ең бастысы – көңілдің тыныштығы. Көңілі орныққан әйелдің тәні де ашылады, жүрегі де жұмсарады.
Өкінішке қарай, кейбір еркектер әйелінің жүрегіне реніш ұялатып, қол көтеріп, оның алдында қадірін кетіріп алып, соған қарамастан тәндік жақындықты талап етеді. Бұл қаншалықты әділетті. Мен көңілі қалса ұрғашысын бас салып нәпсісін қандыратын жануарларды білемін. Бірақ кеше ғана әйеліне қол көтеріп, жүрегін жаралап, денсаулығына мән бермей, емдетуді ауыр міндет санап, босанғаннан кейін әйел табиғатында өзі қаламаса да болатын күйзелісті елемей, сонымен бірге өз нәпсісін ғана ойлайтын еркектің ісін моральдық тұрғыдан да, діни тұрғыдан да рұқсат деуге аузым бармайды. Сонда адам мен жануардың арасына не түседі деген сұрақ еріксіз туындайды…»
«БІР ҮЙДЕГІ БӨТЕНДЕР»

September 21, 06:58
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Бүгін тіркелудің 3 ші күні. Әзірге 250 ден астам адам тіркелді. Ертең арғы күні тіркелудің соңғы күндері, тездетеміз.
Тіркелу үшін осы жерді бас

August 27, 20:00

Сан тағдыр тоғысқан бұл өмірдің жолы бұралаң. Бірі басталып, межесіне жетпей үзіледі. Неге біз өзіміз таңдаған жанмен бақытты ғұмыр сүре алмаймыз? Неге сүйіп қосылғандар сүйіктісінен түңіліп, сезімін қара жерге көміп тастайды? Алла бақыттың шекарасын сызып…

August 27, 19:58
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Сан тағдыр тоғысқан бұл өмірдің жолы бұралаң. Бірі басталып, межесіне жетпей үзіледі. Неге біз өзіміз таңдаған жанмен бақытты ғұмыр сүре алмаймыз? Неге сүйіп қосылғандар сүйіктісінен түңіліп, сезімін қара жерге көміп тастайды? Алла бақыттың шекарасын сызып бермеді ме? Пайғамбар бақыттың қайда екенін айқындап кеткен жоқ па? Әлде біз әлі күнге дейін шынайы бақыттың мәнін ұқпадық па? Құндылық басқа, арман басқа болғанда, көңілден ескен ызғар — осындай суық.
Бүгін қосылғандар ертең ажырасып жатыр. Таңдауында қателескеннің жүрегі жараланса бір жөн, уақыт өте ұмытар, басқа адамды жолықтырар. Бірақ арада бала болса, бәрінен қиын. Екі көз, төрт көз кезек жәутеңдеп жүрекке қайғы салғанда одан асқан қасірет бар ма? Мен баланың сағыныштан жәутеңдеген көзінен артық аянышты көрмедім. Сонда біз шынымен соншалық тас жүрекпіз бе? Әке мен ананың қателігіне жазықсыз көздер неге жәутеңдеуі тиіс?
Олар бізді таңдаған жоқ, біз таңдадық. Ендеше өз таңдауымызға неге қиянат жасаймыз?

August 08, 20:31

Баяғыда Мұса пайғамбар қауымының қатігездігіне налып: «Уа, Раббым! Бұл жұрт менің бойымда жоқ істерді маған теліп, жасамағанымды жасап қойғандай жала жауып, ызамды келтірді. Бұларды жазаласаң қайтеді?» — дейді. Сонда Алла Тағала: «Ей, Мұса! Ондай сөздер сен түгілі, маған да айтылып жатыр. Олар менің өзіме тіл тигізіп, сипатыма сай келмейтін сөз айтады емес пе. Олардың сөзін елеме» — деген екен.
Адам болған соң сөз естімей қалу мүмкін емес. Жалаға қалудан, ғайбатқа ұрынудан ешкім толық құтыла алмайды екен ғой. Адам тұрмақ, Жаратушының өзіне тіл тигізіліп жатқан заманда, біздің жағамыздан алған сөз түк те емес. Шындық жолында жүріп, ғайбат есту — шыдамның шеңбері шығар бәлкім…

July 23, 19:51

Егер бір пендені тек Алла сүйсе бірақ оны жер бетінде ешкім танымаса, ешкім іздемесе, артынан сөз ермесе, оның жүзі газетке шықпаса, есімі ешбір дастанға кірмесе ол не жоғалтады? Ештеңе де.
Ал егер бір адамды бүкіл жұрт жақсы көріп атақ берсе, қошеметтесе, есімін естеліктерге жазса бірақ, Алла оны сүймесе, ол не ұтады? Ештеңе де. Бәрі — бос. Өйткені адамдардың махаббаты, құрмет-қошеметі қабірдің есігіне дейін ғана еріп барады. Ал Алланың махаббаты мына дүние де де, қабірден кейінгі өмірде де жалғасады. Себебі Алланың махаббаты уақытқа емес, шынайылыққа байланған.
Сол үшін ең алдымен Алла сүйген адам болайық…
©
Йылдыз

July 16, 07:56

Біз тозақты әділетті болғаны үшін жек көреміз бе, әлде жаман орын болғаны үшін бе? Егер сол орынға апаратын жолмен өзіміз жүріп келе жатсақ, онда нені жек көріп жүрміз? Тозақты ма, әлде өзімізді ме?
Себебі тозақ өзге біреудің бізге жасаған зұлымдығы емес. Біз жасаған таңдаулардың нәтижесі ғой. Біз салып жатқан жолдың ең соңындағы аялдама.
Тозақ әділетсіз емес. Біз соған лайық өмір сүріп жатқанымызды мойындағымыз келмейді. Сондықтан тозақтың өзін емес, өз әрекетіміздің салдарын жек көру керек. Бірақ өкініштісі — біз әлі де сол жолмен жүріп келеміз.

July 16, 04:17

Әлі тұрмыс құрмаған, жігітпен сөз байласуға ниетті қарындастарыма кеңесім:
Түсінігі мен түйсігінен пендешілігі терең жігіттерге тұрмысқа шықпаңдар.
Ішу, жеу, күлу, төсек. Өмірді осы төрт шеңбердің ішінде ғана түсінетін еркекке байланып қалмауға кеңес берем. Себебі бұл нәрселерге жету үшін университет оқып, диплом алудың қажеті жоқ. Мұндай тірлікті хайуандар да істей алады. Еркектің шын болмысы — оның арманынан, ардан басталады. Мақсаты тек нәпсімен шектелмей, елі мен діні үшін күресетін жігітті таңдаңдар.