
salli_ua_sallim
Бұл парақшаның мақсаты Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтушылардың санын көбейту!
Алла бізге дұғаның құлшылықтағы ең асыл сәт екенін айтты: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін» (Ғафир 60).
Бірақ неге кейде тілектер орындалмайды? Бұл хадис осыған жауап береді: дұға
салауатпен ашылады
.
Салауатсыз дұға — мөрсіз хат сияқты. Ол адресатқа жетпейді. Өйткені Пайғамбар ﷺ — біздің дұғамыздың көтерілуіне жол ашатын кілт және мөр болып саналады. Біз оны атап өтпейінше, дұға толық қабыл болмайды.
Бір сәт елестетіп көріңізші: сіз билікке немесе үлкен тұлғаға әлде Президентке хат жазып отырсыз. Оны тікелей жібере алмайсыз, сіз міндетті түрде ресми мөр, арнайы жол арқылы өткізесіз сол хатыңызды.
Дұға да сондай: тікелей көкке көтерілмейді. Оның
мөрі, кілті— салауат
.
Салауат — дұғаның құлпы емес,
кілті
.
Дұғаң көкке көтерілуін қаласаң, алдымен салауат айт, соңында да салауатпен аяқта.
Сонда сенің дұғаң екі нұрдың ортасында болады.
Ғұламалар айтқан:
«Салауатпен басталған және аяқталған дұға қабыл болудан қорғалмайды».
3-күн:
Салауат – дұғаның қабыл болуы
Хадис: «Дұға салауат айтылғанға дейін көкке көтерілмейді» (Тирмизи).
📿
Минимум: 100
(артық айтуға болады шектеу жоқ) жоғарыда келтірілген қысқа салауаттан айтсаңыз болады.
📝
Отчет: тек сан. Сағат 22:00-ге дейін тапсыру керек.
Келесі апта кем 300 салауаттан айтуды әдетке айналдырамыз!
Құрметті қатысушылар!
Міне, салауат айтудың 2-ші күні де аяқталды. Аз қадам болса да – бұл үлкен жетістік!!!
Себебі Алла Тағаланың Өзі Пайғамбарымыз ﷺ салауат айтады және Оның періштелері де салауат айтады!
Алла Тағаланың салауат айтуының уақытының басы да, аяғы да жоқ. Ешкім білмейді… тек бір мәлім нәрсе бар: Ұлы Алла Тағала Сүйікті құлы Мұхаммедке ﷺ ешбір секунд үзбей дәл қазір (здесь и сейчас) салауат айтуда!
Біз Ұлы Алла Тағаланың Өзі істеп жатқан әрі құптаған амалды істеп жатырмыз
😍
. Бұл – ұлы берекет жолы!
Мысалы, сіз Головкин істеп жатыр десе, Роналду істеп жатыр десе немесе тағы басқа танымал адамдар істеп жатыр десе, бірден соны қайталауыңыз мүмкін. Бірақ олар сіздің істеп жатқаныңызды білмейді, сізге еш мән бермейді де. Ал Алла Тағала істеп жатырмын деген нәрсені істеу арқылы Раббыңыз сізге ұлы сауаптар жазып, Өзінің шексіз махаббатына бөлейді
😍
.
Және әрқайсыңызды әкеңіздің есімімен атап тұрып, Ұлы Алла Тағаланың Өзі, бүкіл періштелер және Сүйікті Пайғамбарымыз ﷺ сізді жеке таниды
😍
.
…Бір сәт елестетіп көріңізші: сіздің дауысыңызды, сіздің жүзіңізді Ұлы Раббыңыз біледі, періштелер біледі, Сүйікті Пайғамбарымыз ﷺ жеке Өзі таниды
😍
✨
.
Бұл – қиял емес, бұл – шындық! Сіздердің әрбір айтқан салауаттарыңыз дәл қазір Алла Тағала тарапына көтерілуде.
Алла қаласа, осы жолда бірге болып, бірге жалғастырайық! Жүректеріміз нұрға толсын!
❤️
🌿
Осы апта кем дегенде 100 салауатқа жеткізіп оқимыз келесі аптадан бастап кем дегенде 300 салауат айтуды әдетке айналдырамыз !!!
«Салауаттарыңды көп айтыңдар, себебі ол – уайымнан құтылу, тілектеріңнің орындалуы»
• Уайым – адамның ең үлкен ішкі жауы. Ол жүректі тұсаулап, ақылды тұмандатады. Алла бізге уайымнан құтылудың жолын көрсетті:
ол Пайғамбарға салауат оқу.
Неге? Өйткені салауат – Алланың сүйікті құлын еске алу. Ал кім сүйіктіні еске алса, Алла оның қайғысын жеңілдетеді.
• Уайым – көбіне өткенге өкіну немесе болашақтан қорқу.
• Салауат оқу арқылы – ойыңды қазіргі сәтке әкеледі, жүрегіңді нұрландырады. Ол сенің психикаңа «тыныс алу» береді.
• Көп адамдар тілегі орындалмайды деп қиналады. Бірақ салауат –
психологиядағы сенімді күшейтетін құрал
. Ол саған: «Мен Алланың сүйіктісіне дұға еттім, енді Алла менің жағдайымды реттейді» деген ішкі тыныштық береді.
• Өмірде біз кімге көп көңіл бөлсек, соның ықпалында боламыз. Егер сен тек проблемаларыңа мән берсең, олар сені қысады.
Ал егер салауатпен Пайғамбарды ﷺ еске алсаң, сенің ойың мен жүрегің жоғарғы деңгейге көтеріледі.
Бұл көтерілген деңгейде тілек қабыл болуға жақын. Өйткені сенің жүрегің Алланың нұрына қосылды.
• Көп салауат айту = уайымнан құтылу + тілекке жақындау.
Бұл хадис бізге не үйретеді ? кімнің арманы бар, кімнің жүрегі қысылып тұр – салауат арқылы шешім тапсын. Өйткені салауат – тек сөз емес, ол –
Алланың тарапынан көмек шақырудың ең нәзік әрі күшті
,
керемет жолы
.
2-күн:
Салауат – тілегіңнің орындалуы
Хадис: «Салауаттарыңды көп айт, себебі ол – уайымнан құтылу, тілектеріңнің орындалуы» (Тирмизи).
📿
Минимум: 100
(артық айтуға болады шектеу жоқ) жоғарыда келтірілген қысқа салауаттан айтсаңыз болады.
📝
Отчет: тек сан. Сағат 22:00-ге дейін тапсыру керек.
«Кім маған бір рет салауат айтса, Алла оған он есе рахым жібереді»
(Муслим).
• Бұл жерде Алла бізге заңдылық көрсетіп тұр:
сен бір қадам жасасаң – Алла он қадам жасайды.
• Салауат – бұл Пайғамбар ﷺ арқылы Аллаға жақындау. Сен Оның сүйікті құлын еске алсаң, Алла сені Өзі есіне алады.
• «Он есе рахым» – жай ғана сан емес. Бұл – Алланың сенің өміріңнің барлық қырына араласуы: жүрегіңе тыныштық, ойыңа жарық, денеңе күш, ризыққа береке, әр қарым-қатынасқа мейірім сыйлауы.
• Егер біреу саған аз ғана жақсылық жасаса, сен оған алғыс айтасың, ал Пайғамбар ﷺ бізге ең ұлы жақсылық жасады – иман, Құран, бүткіл өмірлік қағидаларды көрсетіп үйретті. Ендеше біздің оған алғысымыз ол – салауат айту.
Сен қазір бір рет:
«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммад» десең.
• Сол мезетте Алланың тарапынан
он еселік нұр
сенің жүрегіңе түседі..
• Сен байқамайсың, бірақ ішіңдегі уайым азаяды, ойың ашылады, жүрегің жұмсарады, жолың жақсылыққа ашыла бастайды.
• Періштелер сенің атыңды айтып дұға етеді.
• Бұл – «рахыметтің кілті». Әр айтқан салауатың саған жаңа есіктерді ашады.
• Салауат – тек Пайғамбарға ﷺ дұға емес. Ол –
Алланың рахымына ең қысқа және тез жететін жол.
• Біз бір ғана салауат айтамыз, бірақ Алла он есе оны сансыз нығмет етіп есейтіп өзімізге қайтарады.
• Демек, кім мейірімді, тыныштықты, берекені қаласа – үнемі салауат айтып жүрсін.
🕌
1-күн:
Салауат – рахметтің кілті
📜
Хадис:
«Кім маған бір рет салауат айтса, Алла оған он есе рақым жібереді»
(Муслим).
📿
Минимум: 100 салауат (артық айтуға болады шектеу жоқ) жоғарыда келтірілген қысқа салауаттан айтсаңыз болады.
📝
Отчет: тек сан. Сағат 22:00-ге дейін тапсыру керек.
Ең қысқа салауат түрлері:
1️⃣
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّد
Оқылуы:
Аллаһумма солли ‘ала Мухаммад.
Мағынасы:
Уа, Аллаһ! Мұхаммедке салауат айт!
2️⃣
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ
Оқылуы:
Аллаһумма солли ‘ала саййидина Мухаммад.
Мағынасы:
Уа, Аллаһ! Біздің мырзамыз Мұхаммедке салауат айт!
3️⃣
اللَّهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ عَلَى نَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ
Оқылуы:
Аллаһумма солли уә сәллим ‘ала набиййина Мухаммад.
Мағынасы:
Уа, Аллаһ! Біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке салауат айт әрі сәлем жолда!
4️⃣
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ
Оқылуы:
Аллаһумма солли ‘ала Мухаммадин уә ‘ала али Мухаммад.
Мағынасы:
Уа, Аллаһ! Мұхаммедке және оның әулетіне салауат айт!
salli_ua_sallim
pinned «
САЛАУАТ ТҰРАЛЫ ОТЧЁТТЫ ӘР КҮНІ сағат 22:00-ге дейін жіберу керек
✅
📌
Чат Ережелері 1. Негізгі мақсат: Бұл топ – Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтудың құндылығы тұралы ақпаратпен бөлісіп және күнделікті салауат айту үшін ашылған. 2. Күнделікті тапсырма:…
»
САЛАУАТ ТҰРАЛЫ ОТЧЁТТЫ ӘР КҮНІ сағат 22:00-ге дейін жіберу керек
✅
📌
Чат Ережелері
1.
Негізгі мақсат:
Бұл топ –
Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтудың құндылығы тұралы ақпаратпен бөлісіп және күнделікті салауат айту
үшін ашылған.
2.
Күнделікті тапсырма:
📿
Күндік минимум – 100 салауат.
(Көбірек оқығысы келгендер өздері қоса алады, көбірек қоссаңыз нұрдың үстіне нұр болады).
3.
Отчет формасы:
📝
Тек сан жазамыз
(мысалы: «100», «250»).
❌
Артық смайлик, сөйлем жазбау. Фото және видео жібермейміз
🙅🏻♂️
4.
Посттар:
– Күнде админ мотивация + хадис + фото/видео салады.
– Тек админ ғана ақпараттық пост жібереді және басқа группалардың сілтемесін (ссылка) жіберуге, бұл чатта уағыз айтуға болмайды.
5.
Әдептілік:
❌
Артық әңгіме, талқылау, даулы тақырып айтуға болмайды.
✅
Барлық ниет – салауатты көбейту және салауат құндылығын, пайдасы тұралы білім алу!
6.
Береке үшін:
– Топты құрметтейміз.
– Әр аптаның аяғында қорытынды жасаймыз егер ойдағыдай болып жатса Хатым дұғасын жасаймыз!
– Тұрақтылық – ең үлкен нәтиже екенін ұмытпаймыз!!!
🆘
ЕҢ МАҢЫЗДЫ НӘРСЕ:
Егер біреу сізге осы чаттан қаражат сұрап жекеге жазса міндетті түрде ЕСКЕРТІҢІЗ ол адамды БЛОКҚА қоямыз!!!