ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
📹
Беречь воду с детства учат в Кызылординской области
📹
Қызылордалық оқушылар су үнемдеуді үйреніп жатыр
💦
📝
Образовательный проект по формированию бережного отношения к воде с охватом более 67 тыс. детей стартовал в Кызылординской области
В Кызылординской области стартовал пилотный образовательный проект по формированию бережного отношения к водным ресурсам в бассейне Аральского моря среди детей и молодежи Казахстана и Узбекистана.
Проект реализуется при поддержке Министерства водных ресурсов и ирригации, Министерства просвещения, ЮНИСЕФ, Французского агентства развития (AFD) и в сотрудничестве с Исполнительным комитетом Международного фонда спасения Арала.
Образовательный проект охватывает более 67 тыс. учащихся и свыше 800 педагогов 55 школ региона.
🗣
«Наша цель – повысить водную грамотность детей и сформировать среди подрастающего поколения правильные привычки в условиях изменения климата. Проекты, направленные на формирование культуры водосбережения, реализуются и в других областях Казахстана. Проводятся открытые уроки и экологические часы с участием послов и руководителей международных организаций для тысяч школьников и студентов»,
– сообщил вице-министр водных ресурсов и ирригации Аслан Абдраимов.
💦
📝
Қызылорда облысында 67 мыңнан астам баланы қамтитын суды үнемдеуге бағытталған білім беру жобасы басталды
Қызылорда облысында Қазақстан мен Өзбекстанның балалар мен жастары арасында Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пилоттық білім беру жобасы іске қосылды.
Жоба Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің, Француз даму агенттігінің (AFD) қолдауымен және Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы комитетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
Білім беру жобасы өңірдегі 55 мектептің 67 мыңнан астам оқушысын және 800-ден астам педагогті қамтиды.
🗣
«Біздің мақсатымыз – балалардың су туралы сауатын арттырып, климаттың өзгеруі жағдайында өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында дұрыс дағды қалыптастыру. Су үнемдеу мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асырылып жатыр. Елшілер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен мыңдаған оқушылар мен студенттерге арналған ашық сабақтар мен экологиялық сағаттар өткізілуде»,
– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
💦
🏗️
Казахстанские производители намерены коммерциализировать разработанные КазНИИВХ водосберегающие устройства
Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства (КазНИИВХ) совместно с отечественными производителями водосберегающих устройств реализует проект «Организация и внедрение научно-обоснованных водосберегающих технологий орошения».
В рамках проекта планируется вывод на рынок дождевальных машин на основе разработанной КазНИИВХ дождевальной насадки с улучшенными эксплуатационными характеристиками.
Задачи проекта включают производство дождевальных насадок и дождевальных машин, сертификацию выпускаемой продукции, продажу дождевальных машин на казахстанском рынке с дальнейшим выходом на экспорт.
🗣️
«Реализация проекта позволит заменить импортные компоненты отечественными, разработанными КазНИИВХ. Это снизит себестоимость дождевальных машин и повысит конкурентоспособность казахстанской техники»,
– сообщил генеральный директор КазНИИВХ Серик Саиров.
💦
🏗️
Қазақстандық өндірушілер ҚазСШҒЗИ әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) отандық су үнемдеу құрылғыларын өндірушілермен бірлесіп «Ғылыми негізделген су үнемдейтін суару технологияларын ұйымдастыру және енгізу» жобасын жүзеге асырып жатыр.
Жоба аясында ҚазСШҒЗИ әзірлеген, пайдалану тиімділігі жақсартылған жаңбырлатқыш саптама негізінде жасалған жаңбырлатып суару машиналарын нарыққа шығару жоспарланып отыр.
Жобаның негізгі міндеттеріне жаңбырлатқыш саптамалар мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру, шығарылатын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару кіреді.
🗣️
«Жобаны іске асыру импорттық компоненттерді ҚазСШҒЗИ әзірлеген отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңбырлатып суару машиналарының өзіндік құнын төмендетіп, қазақстандық техниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады»,
– деді ҚазСШҒЗИ бас директоры Серік Саиров.
💦
«Қазсушардың» Қызылорда филиалы
суару маусымына дайындықты бастап кетті. Филиал Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы магистралды каналдарда механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шиелі ауданындағы Р-12 каналының 3,6 шақырымында механикалық тазалау жүргізіледі. Бүгінде оның 2,5 шақырымы тазартылып, 43 432 текше метр топырақ шығарылды. Ал Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе каналының 15,9 шақырымын тазалау жоспарда бар. Қазіргі таңда каналдың 5,4 шақырымы тазартылды. Шығарылған топырақ көлемі - 63 672 текше метр.
Айта кетейік, нысандарда 13 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
💦
Кызылординский филиал «Казводхоза»
начал подготовку к поливному сезону. Филиал проводит работы по механизированной очистке магистральных каналов Шиелийского и Жанакорганского районов. Механизированная очистка ведется на 3,6 км канала Р-12 в Шиелийском районе. На сегодня очищено 2,5 км и извлечено 43 432 кубометра грунта. В Жанакорганском районе планируется очистить 15,9 км канала «Келинтобе». В настоящее время очищено 5,4 км. Объем извлеченного грунта – 63 672 кубометра.
Отметим, на объектах работают 13 единиц спецтехники.
💦
Вегетация кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы
«Қорам» магистралды каналында механикалық тазалау жұмыстарын бастады.
Бұл жұмыстар каналдың су өткізу қабілетін қалпына келтіруге және арттыруға, суармалы жерлерді сенімді әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ нысанның техникалық және пайдалану жағдайын жақсартуға бағытталған.
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
➖
💦
В рамках подготовки к вегетационному сезону филиал «Большой Алматинский канал им. Д. Конаева» РГП «Казводхоз»
начал работы по механизированной очистке магистрального канала «Корам».
Очистка направлена на восстановление и повышение пропускной способности канала, обеспечение надежного и бесперебойного водоснабжения орошаемых земель, а также улучшение технического и эксплуатационного состояния объекта.
⚜️
💦
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ПОСЛАНИИ НАРОДУ КАЗАХСТАНА
❕
СКАЗАНО:
«Следует создать единую цифровую платформу водных ресурсов, которая на основе искусственного интеллекта объединит данные о поверхностных и подземных водах. Запуск платформы позволит полноценно решить задачу гидрогеологического мониторинга. Эта работа должна сопровождаться формированием Национального водного баланса — важнейшего инструмента долгосрочного планирования водной политики».
✅
СДЕЛАНО:
🌐
💧
Национальная информационная система водных ресурсов (НИСВР) уже функционирует в пилотном режиме: запущены 8 из 12 модулей, настроено 11 интеграций с государственными базами данных, реализовано около 80% запланированных работ.
К системе подключены 2 430 организаций и более 3 500 активных пользователей. Обеспечено централизованное администрирование участников.
НИСВР формирует единую цифровую базу водохозяйственной инфраструктуры и ресурсов: ведётся цифровая паспортизация объектов, учёт подземных вод, создаётся прозрачная система ответственности за состояние водных объектов.
На основе картографического модуля сформирована цифровая база:
17 307 рек, 3 148 озёр и 1 009 гидротехнических сооружений уже внесены в систему.
Полное завершение работ и ввод НИСВР в промышленную эксплуатацию запланированы на второе полугодие 2026 года.
⚜️
💦
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ
❕
АЙТЫЛДЫ:
«Жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты суы туралы деректерді біріктіретін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру қажет. Платформаны іске қосу гидрогеологиялық мониторинг мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс Ұлттық су теңгерімін қалыптастырумен қатар жүруі тиіс. Бұл – су саясатын ұзақ мерзімді жоспарлаудың ең маңызды құралдарының бірі».
✅
ОРЫНДАЛДЫ:
🌐
💧
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) қазіргі таңда пилоттық режимде жұмыс істеп тұр: 12 модульдің 8-і іске қосылды, мемлекеттік дерекқорлармен 11 интеграция орнатылған және жоспарланған жұмыстың шамамен 80%-ы аяқталды.
Жүйеге 2 430 ұйым қосылған, 3 500-ден астам белсенді пайдаланушы тіркелген. Жүйе қатысушыларын басқару бір орталықтан жүзеге асырылады.
СРҰАЖ су шаруашылығы инфрақұрылымы мен ресурстары бойынша біртұтас цифрлық деректер базасын қалыптастырады. Атап айтқанда, нысандарды цифрлық паспорттау, жерасты суын есепке алу, су объектілерінің жай-күйі үшін жауапкершіліктің ашық жүйесі құрылады.
Картографиялық модуль негізінде су нысандарының цифрлық деректер базасы жасалып, жүйеге 17 307 өзен, 3 148 көл және 1009 гидротехникалық құрылыс енгізілді.
СРҰАЖ-ды толық аяқтау және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.