Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Orientalist's Notes

Shlounak
Автор: Arsen Shadi #запискиВостоковеда
Subscribers
12 000
24 hours
-12
30 days
5
Unusual 24 hours drop
Post views
1 506
ER
12,55%
Posts (30d)
11
Characters in post
1 029
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
February 17, 11:02
Media unavailable
1
Show in Telegram

Адамдар алып бастап кетті. Шынында, білім арқылы ақша табу — жақсы өнер деп ойлаймыз.
Бір қызық нәрсе бар: білімге жұмсалған ақша ешқашан текке кетпейді.
Өмірде білімге ақша жұмсап, артынан өкіндім деген адамды өзім кездестірмедім.
Сіздерді де сондай игілікке үгіттейміз.
🙂

February 17, 09:49

Достар, жаңадан шыққан
Құран курсына
өте қолжетімді бағада
50 орын
бар.
Бұл біздің жаңадан шыққан араб тілін 0-ден бастап үйрететін + тәжуид қамтылған 1 айға жоспарланған курсымыз.
Бұл курсқа қатысушылар не алады?
- Құранды өзі жүргізіп оқи алады;
- ⁠Тәжуид ережелерін түсінеді;
- ⁠Араб тілін ары қарай жалғастырып кетуге негіз алады;
- ⁠Маңызды 10 дұға жаттайды;
- ⁠Арабша жазып үйренеді;
- ⁠Әр үйренген және қайталаған әріпке 10 сауаптан алады;
- ⁠Рамазан айына рухани дайындалады;
- ⁠Zoom сұқбатымызға қатысып, сұрақтары болса қоя алады (4 Zoom кездесу);
- ⁠Тіл үйренудің шаршататын емес, шаттандыратын процесс екенін түсінеді;
- ⁠Курсты аяқтаған соң сертификат алады.
Сабақ саны: 15
Сабақ форматы: жаңа 15 видео-дәріс және 4 Zoom кездесу
Тек
50 ғана адам
қабылданады.
📌
Төмендегі батырмадан бірінші сабақтың үлгісін көре аласыз, қызықтырса төлем жасап, чекті менеджерге жіберу керек
⤵️

February 16, 08:45

Хизбты да, Дәләилді де өздеріңіз оқи алатындай деңгейге жетерсіздер. Осындайда енді түрлі адамдар шығады, қазақша дұға ете берсе болмай ма дегендей...
Ешкім жоқ демейді ғой, осыған дейін қазақша дұға етпе деген бір ұстаз жоқ. Қазақша дұға ететін адам олай өзгелерді сынап, мін іздеп те отпайды.
Арабша дұға етудегі мақсат - Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұға еткендей, үйреткендей дұға ету. Себебі ол сөздердің терең мағынасы бар, бүкіл қажеттіліктер қамтылған. Құранда келген дұғалар бар. Алла Тағаланың өзі үйреткен дұғалар келеді. Оны мағыналық тұрғыдан қазақша да айта бер, ешқандай қиындық жоқ. Бірақ оригинал дұғада біз білмейтін, алайда өзіміз үшін хайырлы мағыналар да жасырынған.
Басқа қажеттіліктерімізді онсыз да өзіміздің ана тілімізде сұраймыз. Екеуі бөлек-бөлек тақырып қой, асылында.
#дұға_қару

February 16, 08:35

Мен өзім тұрақты оқитын екі дұға кітабы бар:
1. Хизбуль Ағзам (Мулла Әли Қари)
2. Дәләил Хайрат (Имам Жәзули)
Алла ғалымдарды рақымына алсын!
🤲
Екеуі де апта күндеріне бөлінген. Яғни, дүйсенбі күні тек сол дүйсенбі бөлімін оқисың, сейсенбі күні тек сейсенбі бөлігін ж/е т.с.с.
Практикалық тұрғыдан өте ыңғайлы. Бастау нүктесін және аяқтау нүктесін білесің, уақытыңды жоспарлай аласың. Тұрақты оқып жүрсең, уақыт интервалын да есептеп қоясың.
Соның бәрінде маңыздысы - ықылас. Бір бетінің өзін, тіпті бір дұғаның өзін ықыласпен оқысаң, бүкіл күніңе күш береді.
Ол жерде сенім мәселесі. Мен таңертең үйден әлемдердің Раббысынан қажетімді сұрап шықтым, болды, гарантия деген сенім ғой. Сол сенім күніңе әр береді.
#дұға_қару

February 16, 08:22

Біз әдетте адамдарға
"Болмағанда маған дұға етші"
деп жатамыз. Шынында, дұға -
"Болмағанда"
дейтін нәрсе емес, керісінше, көмек үшін жасалатын ең ұлы амалдардан.
Әрдайым дұға етіп жүретін адамның уайымы да аз, стресс көрсеткіші де төмен дейді.
Себебі ол адам уайымын төге біледі, дұға арқылы сыр шертеді, ішін ақтарады.
Осындай маңызды амалды күнделікті әдетке айналдыра білу маңызды. Күн ішіндегі бір сәт. Тіпті бір күнде 5 минут ғана уақытыңыз кетуі мүмкін.
Руханият - өзге де өмірлік аспектілердің бәріне әсер етеді.
Рухани сау адам отбасында, қызметінде, достармен қарым-қатынасында болсын тығырыққа тірелгенде шығатын жолды біледі, мәмілеге келеді.
Сол рухани саулықтың ажырамас бөлігі - дұрыс дұға ете білу.
#дұға_қару

February 16, 06:49

Алланың берген берекесімен, алдыңғы апта
320 бет кітап
оқи алдым. Студенттік шақта бұдан да көп оқитынбыз. Алайда ол уақытта бұлай нәтижемді тіркеп отпайтынмын.
Уақыт өтеді, өсеміз, жауапкершіліктер көбейеді...
Сол себепті де студенттік шақты (жалпы жастау кезді) кеңінен сол кеңдігімен пайдаланып қалу керек. Сол себепті де
"Студентке кеңес"
деген кітап шығардық.
Кейде біздің парасат-танымымыз жетпей тұратын жерлер болады. Оны уақытпен, соны сүрумен ғана көре аласың, біле аласың. Уақытында дұрыс адамның дұрыс ақылын тыңдау арқылы, соған амал етумен біраз нәрсені еңсерген-дік.
Енді біздің кезек. Біз де мейлінше өзімізден кейінгілерге дұрыс бағыт-бағдар беріп қалсақ дейміз.
Бүгінгі оқыған әрбір әріп, әрбір бет - ертеңімізге жасалған инвестиция. Үлкен дивиденд әкеледі, сөзсіз. "Иқро" үмметіміз! Құдайдың ең алғашқы әмірі - "Оқы" болды.
#ой_түймекке

February 15, 09:58

Жағдайым белгілі. Денем иықтан төмен қимылдамайды. Сезбейді. Оңай емес, әрине.
Кейде мынадай ой келеді: ақыры осылай жату тағдырыма жазылған болса, неге ес білмейтін бала күнімде құламадым екен?
Тағдырға наразылығым емес. Бұлай қалау, тіпті ойлаудың өзі қате екенін білем. Бірақ сол ойдың түбінде не жатқанын осы жазбамда түсіндіргім келеді.
Адам қартайғанда өткенін көп еске алса, жастық шағын жиі ойласа, баяғы күш-қайратын сағынса – қартаюы ауырлау өтеді дейді. Өйткені ол бұрынғыдай жүре алмайтынын іштей мойындағысы келмейді. Кейде өзін-өзі жейді. Бірақ айналасына қарайды: өзі қатарлы адамдар да әлсіреген, бәрі де қартаяды. Өмір заңы сол екенін көреді. Сабыр етеді. Шүкір айтады.
Менің жағдайым ше?
Мен уақытпен бірге баяулаған жоқпын. Қиыны – осы. Он сегіз жасымда бір күннің ішінде тоқтадым да, қимылсыз қалдым.
Оған дейін денсаулық мәселе болмаған. Футбол ойнағанда ішкен асымызды жерге қоя салатынбыз. Ештеңеден қорықпайтынбыз. Дене мықты, сынбайтын нәрсе сияқты көрінетін. Гол соққан сәттер… Доп торға тигендегі дыбыс, балалардың айқайы, иықтан қағып, құшақтап жатқан достар… Кеудеге сыймай кететін қуаныш болатын.
Қызбен танысқанда да ешқайсысы “сізді тек аға ретінде көрем” деп сырғытып жібермейтін)) Жассың, еркінсің, алдыңда тұтас өмір тұрғандай сезілетін. Кез келген қызды қаратып алуға қауқарың жететіндей

Ал таңғы жүгірістер – бөлек әңгіме.
Жүгіру мейнстрим болмай тұрған кезде, 16-17 жыл бұрын таңғы бесте оянып жүгіруге шығатынмын. Ешқандай орта жоқ. Ешқандай қолдау жоқ. Жалғыз өзім.
Үй футболкасы мен спортивка. 1500 теңгелік әмбебап көк кеды. Арнайы жолақ емес, көлік жүретін трасса. Шагомер де жоқ, пульс өлшегіш те жоқ. Интернет жоқ, әлеуметтік желіге салатын мүмкіндік те жоқ.
ШымКТЛ-ден төмен түсіп, Фиркан арқылы өтіп, Көктемді айналып, Востокқа түсіп, Северден асып, Евразияға қарай бұрылып, қаланы бір айналып келетінмін. Шымкенттің таңғы салқын ауасын кеудем толтыра жұтып, жалғыз жүгіретінмін. Ешкім көрмейді. Ешкім бағаламайды. Өзің үшін жасалған таза еңбек болатын.
Жатқханаға қайтып кіргендегі сезімді айтып жеткізу қиын. Денең шаршап тұрса да, ішіңде бір жарық жанады. Күнің жақсы өтетінін алдын ала сезесің. Жай ғана жүгіріп келгенің үшін өзіңе деген сенім артады.
Сол сезімдер жадымда сақталған ғой.
Айтпағым, мен қозғалыстың өзін емес, сол сәттердегі күйді, сезімдерді сағынамын. Гол соққандағы жеңіс дәмін, жанында жүрген сүйген қыздың жылы тынысын, жүгірістен кейінгі бойды кернеген сергектік пен энергияны аңсаймын.
Қайталағым келеді. Бірақ қолымнан келмейді.
Сосын еріксіз 30–35 жастағы жігіттерге қарайсың.. Олар жүріп барады, жүгіріп барады, әдемі өмір сүруде. Өзіңді солармен салыстырасың. Сағыныш оянады. Көңіл бір сәтке түсіп кетеді.
Сондағы ой:
егер бала кезде жарақат алсам, бәлкім бұл сезімдердің бәрін білмес едім. Сағынбас едім.
Жүгірудің ләззатын, футболдың қуанышын да сезбес едім.
Бірақ бұл ойдың өзі уақытша ғана. Өйткені дәл осы естеліктер – байлығым. Мен өмірді сезініп үлгердім. Жүгіріп те көрдім. Жеңіп те көрдім. Сүйіп те көрдім. Әлі де сезінудемін.
Қазір разылықпен өмір сүруге тырысамын. Бұл хәлдің де өз сабақтары бар. Денсаулықтың қадірін түсіндім.
Бір күні Жәннатта өз аяғыммен жүрем деген үміт бар. Со күні әр қадам мен үшін шексіз қуаныш болады. Сол кезде, бәлкім, ең бақытты адамдардың қатарында болармыз.
Әмин.

February 12, 18:23

Автобан. Трассада кетіп барам. Жолда жанармай бекетіне тоқтадым.
Көліктен түспей, маңызды шаруаларды телефон арқылы шешіп жаттым. Бір мезетте жаныма үлкен жүк көлігінің жүргізушісі кеп, тереземді қақты. Не болды екен деп есікті аштым. Қанша күн жолда жүргенін айтты, қалтасында ақша қалмаған, бір тамақ алатын қаражат сұрады.
Тас боп кеткенбіз ғой мына қоғамда, қолма-қол ақша жоқ еді деп ары қарай жұмысымды жасай бердім…
Терезеден көрініп тұр, жаңағы кісі басқа бір көлікке барып тура осындай өтініш білдірді. Ол көліктегі ер азамат түсіп, қолынан жетектеп, жанармай бекетінің тамақтанатын жеріне кіргізіп, бір сендвич пен шай әперді.
Мен тек сол сәтте ғана түсіндім, сол кезде ғана жетті, сол кезде барып оянғандай болдым.
Ақпарат толқынының көптігінен шын мұқтаж бен “кәсіпкерді” айыру қиын боп қапты… Оңайы — ешкімге сенбеу дегенге бекініппін... Алайда соның әсерінен бірте-бірте бізді адам қып тұрған нәрседен айырылып баратқандай күйге ендім…
Жанармайымды құйып болған соң жаңағы кісіге өз атымнан тамақ әперіп, арқасын қағып, сәтті сапар тіледім де, ары қарай жолымды жалғадым. Сол кезде тағы да бір есейгендей болдым.
Бірінші келген кезіндегідей сауап болмаған шығар, бірақ сабақ болды.
#ой_түймекке

February 10, 02:35

Шейх Мұхаммед Аууама (حفظه الله)
айтып еді:
Әр таңда осы дұғаны қалдырмай айтып жүріңдер, әсіресе, білім жолындағы жандар!
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا، وَرِزْقًا طَيِّبًا، وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا
Мағынасы:
Аллаһым! Мен, шынында, Сенен пайдалы білім, жақсы ризық, қабыл болатын амал сұраймын!
#дұға_қару

February 09, 17:43

Бірінші үйренген шеттілім қандай болды?
Мен әрдайым орыс тілі деп айтам, себебі, шынында, бөтен тіл ғой. Орыс мектебінде оқып, кейін қазақ мектебіне ауысқан кезде өз ана тілімді қайтадан оқу процесінен өткем.
6 жасымда бірінші сыныпқа бардым, орысша екі ауыз ғана сөз білдім. Яғни, жаңа бір тілді 0-ден бастап үйрену жолынан өттім. Бір қызық детальдар есімде. Сенесіздер ме, сол кезде Олеся Павловна (сынып жетекшім) Адам и Еваның оқиғаларын айтып берген бүкіл сыныпқа. Библия нұсқасында, әрине. Сана тап-таза кездер ғой. Айқын-айқын бірнеше фрагменттер есімде.
Руслан, Шыңғыс, Берік, Серік деген достарым болған. Бірақ ғасыр өтті, кімнің кім екенін, қайда екенін қазір білмеймін де.
Ол жекеменшік мектеп болатын.
9 жасымда туған ағам мен әпкем оқитын қазақ мектебіне ауыстырды. Қазақша отбасыммен сөйлесіп жүрсем де, кітап тілі бөтен еді. 9 жасымда ана тілім жаңа тілдей ашылып, қайта оқу процесінен өттім.
Бэкграунд, халфия ғой. Кейінгі жылдары да жаңа тілдер үйрену оңай соқты, себебі негіз бар еді. Тіл үйрену процесінен бір мәрте өткен адам, кейін де қадамдай алады. Яғни, қазіргі басымыздан өтіп жатқан қандай да бір жайттар текке емес, ертеңімізге әсері бар, ізін қалдырады.
#ой_түймекке