
UAGYZ MEDIA🌙
Біреуге 100 теңге бере алсаңыз – қуаныңыз…
Жомарт бола алғаныңызға шүкір етіңіз
🤲🏻
Өйткені әрбір кішкентай садақа – бір үлкен сауаптың бастауы
🤍
Сіздің бергеніңіз сіз үшін аз көрінгенімен, біреу үшін үлкен көмек болуы мүмкін
Жақсылық жасаудан ешқашан шаршамаңыз…
Алла тағала ниеттеріңізді қабыл етіп, жасаған әрбір ісіңізді еселеп қайтарсын
🤲🏻
Қанағат — байлықтан артық.
Еңбек — бос уақыттан жақсы.
Кешірім — кек алудан абзал.
Ал денсаулық — байлықтан да қымбат…
"Қанша дұға қылдым,
Қабыл болғаны кәні?" дейсің, шырақ.
Қанша күнә қылдың,
Жазасы берілгені кәні бірақ?
Елдің сөзі тас сияқты - арқалай берсең беліңді сындырады.
Ал, аяқ астына жинай берсең, биіктей түсесің.
Үйленгісі келетіндерге ғажап бір дұға
Ұстазым бір әңгімесінде маған айтып берген еді:
«Мен үйленбей тұрған кезімде мына дұғаны көп айтатынмын», – деді де былай үйретті:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجَةً صَالِحَةً تُحِبُّهَا وَأُحِبُّهَا، تَرْضَى عَنْهَا وَأَرْضَى عَنْهَا
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын бір салихалы әйел нәсіп ете гөр».
Сосын ол кісі айтты:
«Қазір әйелім мен үшін бүкіл әлемнің әйелдерінен артық. Тіпті оның жәннәттық екенін де жүрегіммен сеземін».
Мен сонда ұстазыма:
— «Ондай болса, бұл дұғаны үйленгісі келіп жүргендер бәрі айтуы керек қой», – дегенімде,
— «Әрине! Бұл дұғаның мағынасы өте ғажап», – деп жауап берді.
Мен тағы сұрадым:
— «Ал әйелдер өздері үшін дұға қылып айтса бола ма?»
— «Әрине!» – деді де ұстазым: «Тіпті әйел адам бұл дұғаны айтқанда
«وَيَرْضَى عَنِّي»
деп қосса, ол күйеуінің өзіне разы болуын сұрағаны болады. Бұл қосу әйелдер үшін өте маңызды», – деді.
Сонда әйелдерге арналған дұға нұсқасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجًا صَالِحًا تُحِبُّهُ وَأُحِبُّهُ، تَرْضَى عَنْهُ وَأَرْضَى عَنْهُ، وَيَرْضَى عَنِّي
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын, сондай-ақ маған разы болатын бір салихалы ер нәсіп ете гөр».
Үйленуді қалаған әрбір мұсылман бауырымыз осы дұғаны үйреніп, шын жүректен қайталай берсін. Аллаһ тағала бәрімізге разы болатын отбасылар нәсіп етсін!
🤲
Айттарыңыз құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған дұғаларыңызды, қылған құлшылықтарыңызды қабыл етіп, өмірлеріңізге береке, жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық нәсіп етсін. Келесі Айт мерекесіне де аман-есен жетуді жазсын
🤲🏻
🤍
🌙
«Әй, бүкіл өмірін босқа өткізіп алған бауырым. Өміріңнің босқа өткен кезеңін қадір түнімен толтыр. Расында, қадір түні – бір ғұмырға тең».
©️
Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)
Амал кітабыңның жазушысы да, техникалық редакторы да, көркемдеуші редакторы да – тек өзің екенін ұмытпа.
Алла елшісі ﷺ рамазанның соңғы он күнінде не жасайтын еді?
Пайғамбарымыз ﷺ рамазанның соңғы он күндігіне кірген шақта жеңін түріп, белін буып, үй ішін түнде құлшылыққа оятып, түндерін толықтай намаз оқумен өткізетін.
Соңғы он күнде мың айдан артық болған бір түн бар. Яғни бұл түн — сексен үш жылдан артық.
Үмметтің көпшілігі алпыс үш жыл ғана өмір сүреді, демек, бір түн сенің өміріңнен де артық болмақ. Нух а.с. қауымының өмірі ұзақ болатын. Ал біз бір түнде бір адамның толық өмір сүру уақытына қол жеткіземіз.
Бұл түн — өмірі қысқа болған үмбет үшін ғажап, орнын толтыратын сыйлық. Енді елестетіп көрші, осындай түндегі сауапты зая кетірген жан қапыда қалған жан болмай ма?!
©️
Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
Егер адамдардың сен өлген соң сені қаншалықты тез ұмытатынын білсең,
ешкімнің разылығы үшін өмір сүрмес едің — тек Алланың разылығы үшін ғана өмір сүрер едің.