
Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
The owner of this channel has been inactive for the last 11 months. If they remain inactive for the next 18 days, they may lose their account and admin rights in this channel. The channel will remain accessible for all users.
Абдулла ибн әд-Дәйләми (Аллаһ рақымына алсын) айтты:
إنّ أوَّل ذهاب الدين تركُ السّنّة، يذهب الدِّين سنّة سنّةً، كما يذهب الحبلُ قوّةً قوّةً
“Діннің кетуі - сүннетті тәрк етумен басталады. Жіпті ұстаған қол әлсіреген сайын жіп қолдан кеткені секілді, сүннетті бірінен соң бірін тастаумен - дін кетеді”.
Татарстан муфтиі Кәмил Хазрат Самигуллин парақшасынан.
Әйел адам пайғамбар бола ала ма?
Ханафи мәзһабының әйгілі мухаддисі Хафиз Бадруддин әл-Ғайни (762–855 жж.һ.) «Ғумдату әл-Қари шарх сахих әл-Бухари» (4/194) кітабында айтты:
وَعند الْجُمْهُور، كَمَا حَكَاهُ أَبُو الْحسن الْأَشْعَرِيّ وَغَيره من أهل السّنة وَالْجَمَاعَة: أَن النُّبُوَّة مُخْتَصَّة بِالرِّجَالِ وَلَيْسَت فِي النِّسَاء نبية.
«Көпшіліктің пікірінше, Әбул-Хасан әл-Әшғари және басқа да Әһлу-Сунна уә әл-Джәмәға ғалымдарының айтқанындай, пағамбарлық тек ерлерге тән қасиет, әйел адам пайғамбар бола алмайды».
https://t.me/darulfikr
Тәсбің әрдайым жанында болсын
Хафиз ас-Сахауи (831–902 жж.һ.) «әл-Джәуәһир уә әд-Дурар» (1/111) кітабында өзінің ұстазы хадис ілімінде «әмиру әл-Муминин» (хадис ілімінде мұсылмандардың әмірі) шейхул-Хадис Ибн Хаджар әл-Әсқәләнидің өмір баянында жазады:
وكان — رحمه الله تعالى — إذا جلس مع الجماعة بعد العِشاء وغيرها للمذاكرة, تكون السُبْحة تحت كُمِّه بحيْث لا يرها أحد, ويستمرّ يُدِيرها وهو يُسبّح أو يذكّر غالب جلوسه, وربما سقطتْ من كُمِّه فيتأثر لذلك, رغبة في إخفائه
«Ол, Аллаһ оны рақым етсін, түнгі намаздан кейін және басқа уақытта жамағатпен сөйлесу үшін отыратын, оның тәсбісі киімінің жеңінің астында болатын, сондықтан тәсбіні ешкім көрмейтін. Ол мәжілісте уақытының көп бөлігін зікір айтумен және үнемі тәспі айналдырумен өткізетін. Кейде оның жеңінің астынан тәсбісі түсіп кететін, бұл оны қатты ренжітетін, өйткені жасаған зікірін барынша жасыруға тырысатын».
https://t.me/darulfikr
Хафиз Ибн Кәсир «Табақату әш-Шәфиғйин» (427 бет) кітабында айтты:
أما طريقة الشيخ أبو الحسن علي بن إسماعيل الأشعري في الصفات بعد أن رجع عن الاعتزال، بل وبعد أن قدم بغداد، وأخذ عن أصحاب الحديث كزكريا الساجي وغيره، فإنها من أصح الطرق وللمذهب، فإنه يثبت الصفات العقلية والخبرية، ولا ينكر منها شيئا، ولا يكيف منها شيئا، وهذه طريقة السلف والأئمة من أهل السنة والجماعة، حشرنا الله في زمرتهم وأماتنا على اتباعهم ومحبتهم، إنه سميع الدعاء جواد كريم. وعلى هذا المنوال جرى الأئمة من أصحاب الأشعري، كأبي عبد الله بن مجاهد والقاضي أبي بكر الباقلاني وأضرابهم رحمهم الله، ولنذكر شيئا من روايتنا من طريقه رحمه الله.
«Шейх Әбул-Хасан Әли ибн Исмаил әл-Әшғаридің сипаттарға қатысты ұстанымына келер болсақ, муғтазилиттерден шығып, Бағдадқа келіп Зәкәрия әс-Сәджи сияқты мухаддистерден (асхабул-хадис) білім алды, бұл ең дұрыс ұстаным және дұрыс мәзһаб. Ол әл-ақли сипаттарын (бұл сипаттарды ақыл, Құран мен Сүннет) және әл-хабария сипаттарын (бұл сипаттарды тек Құран және сүннет) бекітеді. Бұл сипаттардың ешқайсысын жоққа шығармайды және ешқайсысына бейне (пішін) бермейді.
Бұл сәләфтер мен әһлу сунна уә әл-джамаға имамдарының жолы, Аллаһу Тағала қиямет күні бізді солармен бірге жинап, оларға еріп, оларды жақсы көріп өмірден өтуімізді нәсіп етсін, расында Ол дұғаларды естуші. Және осы жолмен әл-Әшғаридің ізбасарлары Әбу Абдулла ибн Муджәһид, қазы Әбу Бәкір әл-Бәкилләни және басқалар осы әдіспен жүрді, Аллаһ Тағала оларды рақымына алсын».
https://t.me/darulfikr
Алты хадис жинағын тәпсірлеушілер (әл-Бухари, Муслим, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәджә)
Уаһабилік шейх Хаммад әл-Ансари айтты:
إن من الأمر المستغرب أن الكتب الستة لم يشرحها أحد من العلماء السلفيين، ولو أن شيخ الإسلام ابن تيمية وابن القيم ونحوهما من العلماء شرحوا أحد هذه الكتب الستة لأخرجونا من ظلمات نعاني منها
«
Бірде-бір сәләфи (уаһаби) ғалымы алты хадис жинағының біріне шарх жазбағаны таң қалдырады. Егер шейхул-Ислам ибн Тәймия, ибн әл-Қайим және осыған ұқсас ғалымдар алты хадис жинағының біреуіне түсіндірме жазғанда еді, қазір біз өмір сүріп жатқан қараңғылықтан алып шығар еді
».
(Абдул-Әууәл ибн Хаммад әл-Ансари, «Маджмуғ фи тәрджәмәти Хаммад ибн Мухаммад әл-Ансари», 2/573).
Пікір
1. Шейх Хаммад хадис жинақтарына түсіндіріме (шарх) жазуды қолға алғандардың бидғатшылар – әшғарилер және т.б. екенін мойындап тұр және уаһабилер хадис жинақтарына түсіндірме жазуда Аллаһтан иләһи жәрдем болмағандықтан ешқандай түсіндірме жазбағанын мойындайды, бірақ әйтседе хадис жинақтарына ешқандай түсіндірме/шарх жазбасадағы, олар әһлу сунна деп жалғыз өздерін ғана санайды.
2. Уаһабилер әшғарилердің сүннетке ешқандай көңіл бөлмейтінін үнемі айтады, бірақ сонымен бірге олар әрқашан өздері сол сүннет жинақтарының әшғари ғалымдар жазған түсіндірмелерге жүгінеді және сол шархтарға сүйенеді. Сіз бұндай қызық нәрсе естідіңіз бе?
3. Шейх Хаммадтың сөздерінен уаһабилердің Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеттерін түсінуге аз көңіл бөлетінін түсінуге болады, өйткені олар осы күнге дейін сүннет (хадис) кітаптарына бірде-бір түсіндірме/шарх жазбай, басқа нәрселермен шұғылданған және сүннетті түсіну тұрғысынан олардың еңбектерін «бидғатшы» әшғарилер мен мәтуридилердің кітаптарымен салыстырсаңыз, онда олар әшғари/мәтуриди ғалымдарының қасында ақылы таяз балалар секілді екенін көресің.
4. Қазіргі уаһабилер үммет (әшғари/мәтуриди) ғұламаларының көпшілігінің кітаптарын пайдаланып, осы ғалымдардың кітаптарынан көптеген пайда алып, кейін оларды қорлап, сенімдерін қаралайды!
Источник:
https://t.me/whb1206
https://t.me/darulfikr
في الحظر و الإباحة: فيحرم قليلها و كثيرها بالإجماع لذاتها ... و هي نجسة نجاسة مغلظة كالبول و يكفر مستحلها و حرم الانتفاع بها.
_
___
«Әл
-
Хазру уә
әл-Ибаха
»
кітабында: “Шараптың (вино) аз және көп мөлшерде болсын (ішу) бірауыздан (иджмағ) – харам... Шарап (вино) сідік/зәр секілді ауыр нәжіске жатады. Шарапты рұқсат деген адам діннен шығады және оны (қандайда бір қажетке) пайдалану да харам”.
Имам әз-Зәһәби «Сияр 'Әләм ән-Нубәлә» кітабында имам әл-Әузәғидің сөзін келтіреді:
كان هذا العلم كريما يتلاقاه الرجال بينهم فلما دخل في الكتب دخل فيه غير أهله
“Білім ұстаздан шәкіртке берілген уақытта игі/мәртебелі болды. Қашан білім кітапқа өтті, білімге еш қатысы жоқ адамдар біліммен айналыса бастады”.
https://youtu.be/CCf7iCspIFg
قال رسول الله ﷺ: لعن الراشي و المرتشي (رواه أحمد و ابن حبان)
Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: “(Аллаһу Тағала) пара беруші мен алушыны лағынеттеді” (Ахмад пен ибн Хиббән риуаят етті).