Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Aiba | Notes 📝

aibvrs
Subscribers
2 210
24 hours
-3
30 days
2
Unusual 24 hours drop
Post views
949
ER
42,94%
Posts (30d)
1
Characters in post
269
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Psychology
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
February 12, 19:12

Өзім де, ортамдағы адамдар да боқауызсыз сөйлеуге үйренгеніміз соншалық, басқа біреуден жаман сөз естігенде, шыны керек, құлағымызға өте ащы тиеді. Өте жағымсыз әсер қалдырады.
Пайғамбарымыз ﷺ:
“Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін”, – деген.
Осы хадиске амал етіп, өзімізді тәрбиелеуге тырысайық. Жақсы сөз – садақа. Аллаһ Тағала сөзімізді көркем, жүрегімізді таза етсін.

December 04, 15:01

Адамдар бір-бірінің қадірін біліп, іздеп жүретін уақыт алыста қалғандай. Қазір бәрі асығыс, бәрі өз әлемінде… Шынайы сағынып іздеу сиреп бара жатқандай, иә?

November 11, 17:01

Жасым 23-те. Өзімнен кішілерге:
– “Қашан үйленесің?” -деп тиісетін болыппын)
Бізге ғана тиісе беруі керек пе жұрт? Біз ғана “жертва” болып қала береміз бе?)

November 11, 15:54

Бір ғалымның керемет сөзі бар еді:
“Үнсіздік – ғалымның әшекейі, наданның қорғаны”.
Білім иесі үшін “үнсіздік” – оның парасаты мен байсалдылығының көрінісі, білімінің әдемі әшекейі. Ол қажет кезде ғана сөйлеп, әр сөзін өлшеп айтады.
Ал надан адам үшін “үнсіздік” – өзін әшкерелеуден сақтайтын қорғаны. Себебі ол сөйлеген сайын білімсіздігі айқындала түседі. Сондықтан оның ең жақсы әрекеті – үнсіз қалу.

November 02, 04:56

Қартаяйын дедік пе?
Өткен аптада шаймен ішейін деп, мектеп кезінен бері жемеген “лакомка” сатып алдым. Жеп отырсам, баяғы бала кездегі дәм емес.
“Біздің кезімізде дәмдірек болушы еді ғой”, – деп мен де айтатын болыппын…

October 01, 17:31

Бүгін ет жеп алып, ата-апалар сияқты шөлімді ыстық шаймен қандырып көрейінші дедім. Іштім – 3 кесе! Сонда да шөлім қанбады. Артынан 2 стақан салқын су қостым. Енді жатырмын ішім толып, домалап, домалақ боп
🫠
Шайға точно шөл қанушы ма еді өзі?)

September 16, 17:16

Алматыдан Таразға келгеніме 1 айдан асты.
Алматының қимыл-қозғалысынан кейін тып-тыныш Таразға қайтадан үйрену қиын болып жатыр…
🫠
Соңғы 6 жылда Алматыға қатты үйреніп қалыппын. Үлкен қаладан кіші қалаға көшуім әжептеуір сезіліп жатыр.

August 12, 17:44

5 сағаттық сапарға таксимен шықтым. Алдыңғы орынға отырып едім, шофер кісі әңгімешіл болып шықты. Әдетте бөтен адамдармен көп сөйлесе бермейтінмін.
Бірақ бұл кісімен әңгімеміз бірден жарасты. Бос сөзден алыс, білімі бар, сөзі орнықты.
Уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қалатындай)
Сөзі түзу, әңгімесі мәнді адамдармен сөйлесудің жөні бір бөлек қой…

August 08, 09:45
Media unavailable
4
Show in Telegram

4 күн бұрын әп-әдемі, кішкентай мысық алып едік. Сөйтсек, мысыққа аллергиям бар екен
🫠
Бұрын ондайым жоқ еді, енді пайда болыпты. Қасына жақындай қалсам болды – тоқтамай түшкіріп, көзім қызарып, мұрным бітеліп, быт-шыт болып кетемін.
Мысықты қатты жақсы көретін едім. Амал жоқ, қайтарып бердік. Бұйырмапты.

August 07, 18:37

Інімнің жасы 13-те. Арамыз 10 жас.
Маған ренжіп жатып қалған етін. Кейін қателігімді мойындап, қолын алып, құшақтап жұбатып қойдым.
Енді келіп:
— Сыртқа шығып, тренировка жасап қайтайықшы, – дейді.
Мәзбін)