Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Aikyn.kz

aikyngazeti
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Subscribers
3 560
24 hours
-7
30 days
7
Unusual 24 hours growth
Post views
80
ER
2,25%
Posts (30d)
100
Characters in post
417
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
News
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
February 17, 10:48

Бас прокуратура
: 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
@aikyngazeti

February 17, 10:23


ТЖМ
: «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 09 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан.
Алынған деректер өңделуде.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
@aikyngazeti

February 17, 10:16
Media unavailable
1
Show in Telegram

«Жасай берсің, Жұмағұл» деген реплика есіңізде шығар. Оны Сұлтан айтады. Сол сөз кішкентай Дәулетке қарата айтылған. Бүгінгі әңгіме осы Дәулет жайлы.
Фильмде ол – шопанның баласы. Таза, аңғал, ойынға беріліп кететін бала. Экранда аз көрінсе де, есте қалатын бейне. Оның табиғилығы қолдан жасалған актерлік тәсілден емес, шынайы балалық мінезден туғандай әсер береді. Дәулетті ойнаған – Юсуп Шамузов
Aikyn.kz
авторы «Дәулетті» іздеп көрді. Толығырақ
мына сілтемеде
@aikyngazeti

February 17, 09:15
Media unavailable
1
Show in Telegram

Бурабайда шана үстінде ағашқа соғылған жас қыз ес-түзсіз халде жатыр
Толығырақ
мына сілтемеде
@aikyngazeti

February 17, 09:07
Media unavailable
1
Show in Telegram

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
:
13:50 - 17:35 - Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров
14:40 - Фристайл-акробатика. Әйелдер: Аяна Жолдас
17:25 - Фристайл-акробатика. Ерлер: Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан
22:40 - Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина
@aikyngazeti

February 17, 06:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

Түркістан облысында заңсыз темекі өнімдерін дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметі тоқтатылды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан
3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленіп, толықтай жойылды.
Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылып,
күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылған.
Тыйым салынған
өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып отырған.
Заңсыз айналымнан
1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді.
Тәркіленген шикізат көлемі шамамен
60 млн дана бір реттік снюс мөлшерін өндіруге жеткілікті болған.
Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен
қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды.
@aikyngazeti

February 17, 04:51
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қазақстан ғалымдары диабет пен жүрек ауруларын алдын алу үшін қазіргі заманға лайықты құрғақ таңғы ас әзірлеуде
Толығырақ
мына сілтемеде
@aikyngazeti

February 17, 04:07
Media unavailable
1
Show in Telegram

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.
– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.
@aikyngazeti

February 17, 03:35
Media unavailable
1
Show in Telegram

"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді
:
🔸
Alphard-қа тыйым салу қажет пе?
🔸
Патологоанатом: бастысы – эмоцияға берілмей бағалау
🔸
Жігітте арман бар ма алтынды алған
🔸
Құжаттан шыққан құрылыс дауы
🔸
Судың сұрауы болмай тұр
Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз
Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз
➡️
https://wa.me/77717007424

February 16, 15:30
Media unavailable
1
Show in Telegram

Жамбыл облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны тарихи қадам ретінде қабылдады
Толығырақ
мына сілтемеде
@aikyngazeti