Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Алаш сөзі / Елдос АЛАШ

alash_sozi
Елдос Тоқтарбайдың авторлық арнасы. Автордың материалын (мәтінін ) пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.
Subscribers
2 534
24 hours
-2
30 days
-26
Post views
381
ER
15,04%
Posts (30d)
4
Characters in post
946
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Books
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
July 14, 17:18
Media unavailable
1
Show in Telegram

July 14, 17:17

https://l.kaspi.kz/shop/HGbbeFMqFeHoW4K?sessionId=4bcf7362-64d1-4b2a-8cb8-818f5ee755a51784049211
Ұлтты сүю деген вакцинаға толы кітапты қалай аламын десеңіз, мінекей! Ұлттық иммунитетіңіз күшті болсын!

July 06, 03:37
Media unavailable
1
Show in Telegram

Балаларыңыз КҮН болуға ұмтылсын! Күн деген — мейірім шуағы, ізгілік шапағаты. Кімнің үйінен күн шықса, сол үйге ырзық-несібе өз аяғымен келеді. Балаңызды бүгін оқытыңыз. Ертең қызығын бүткіл қауым көреді. Өткенде сөйлеген сөзімнен үзінді еді. Бір адамға ой салса, онда арманымның орындалғаны…

July 04, 09:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

📚
Елдос Тоқтарбайдың жаңа кітабы — «Алаш әліппесі. Алаш қозғалысының тарихы» — ұлттық рухты оятатын еңбек.
Бұл кітапты оқыған сайын Алаш арыстарының ел үшін атқарған қызметін, ұлтқа деген адалдығын, азаттық жолындағы күресін тереңірек түсінесіз. Әрбір тарауы өткенді танытып қана қоймай, бүгінгі ұрпаққа: «Мен елім үшін не істеп жүрмін?» деген сауал қояды.
Бұл – тарихқа қызығатындар үшін ғана емес, үлкен мақсатпен өмір сүргісі келетін, ұлттық санасын күшейткісі келетін, өз болмысын іздейтін әр қазақтың үстелінде, кітап сөресінде тұруға лайық кітап.
Ұлттық иммунитетті күшейтетін кітапты оқыңыз. Ой түйіңіз. Рухтаныңыз. Алашты таныған сайын, өзіңізді де тереңірек тани бастайсыз.
🇰🇿
📖
Кітапқа алдын ала тапсырыс қабылдаймыз.
Ол үшін мына нөмерге жазыңыз
👇🏼
+7 747 123 31 58

June 27, 05:46

Әуезовтың арманы
Бүгін (27 маусым) — аса көрнекті жазушы, кең тынысты романист, ғұлама ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш үміті Мұхтар Омарханұлы Әуезов қаза болған күні.
Мұхтар аға Абайдың мектебінен, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Әбікей, Жүсіпбектердің мектебінен тағылым алған, алдыңғы толқынның бар жақсы мінезін, парасатын бойына сіңірген, солардың аманатын, сөзін қағазға түсірген, біздің заманға жеткізген Алаш үміті болатын.
Мұхтар ағаның бір арманы болған екен. Бірде оны маған классик жазушының ұлы, мәдениеттанушы Мұрат аға айтқан-ды. Кемеңгер Әуезов: “Құдайым, тым құрмағанда 10 млн қазақтың атынан сөйлер күнді көрер ме екем…”. Міне, Әуезовтің асқақ арманы!
Қайтсін енді… 1917,1921,1922,1931,1932,1933 жылғы ашаршылық, 1937-1939 жылғы сталиндік террор, 1941-1945 жылдарындағы соғыс… бәрін көрді ғой ұлы жүрек… сол шерлі жүрек 1 млн-ға жетер-жетпес халықтың қорғаны еді!
Бүгін, Алаш үмітінің рухына құран оқып, дұға ететін күніміз. Рухына әл-Фатиха! Ниет қабыл болғай!

June 26, 15:59

Әуезовтің өлімі
Осыдан тура 65 жыл бұрын (1961, 26 маусым) Алаштың аман қалған үш жұрнағының бірі, үлкен жазушы, ірі суреткер Мұхтар аға Әуезов Мәскеудегі Кремль ауруханасында ота жасатты. Ауруханаға өз аяғымен сап сау кірген-тін.
Әуезовтің эпистолярлық мұрасын жіті оқып, мұқият қарасаңыз, көп нәрсені аңғарасыз. Сыры жасырылған ойдың жұмбағын шешу керек… Мұхтар аға Кремль ауруханасынан соңғы күндерінде бірнеше хат жазған. Жазушы Тахауи Ахтанов, Зейін Шашкин мен Есмағамбет Ысмайылов, академик Зейнолла Қабдоловқа, ұлы Мұратқа, жазушы Кәмел Оразалинге… әрқайсысын оқу керек! Қайта оқу керек! Сонда ғана дегдар Мұхтар Омарханұлының жанын, ойын түсінерміз…
27 маусым күні аяулы Мұхтар аға Әуезов жансақтау бөлімінен жанын сақтап шыға алмады… сол күні ғұмыр-жапырағы үзіліп, ғұмыр-сағаты тоқтады. Кім үзді? Кім тоқтатты? Неге?
Оның болмашы бір отадан аман-есен шығамын деген үміті мен сенімін оқыдым. Жанын түсіндім…
Араға үш жыл салып, дәл Мұхтар аға жатқан палатада Алаштың екі жарығының бірі — ірі ғалым, академик, ұстаз Қаныш аға Имантайұлы Сәтбаевтың да шырағы сөнді…
Екі ғұламамыз да 64 жасында фәниден бақиға аттанды. Құпиясы көп, сыры ашылмаған қаза!
Ғизатли Мұхтар Омарханұлының рухына әл-Фатиха
🤲
Біз оны қашанда құрметпен, сағынышпен еске алып, үнемі мақтанышпен есімін айтып отырамыз.
Ертең, 27 маусым…

June 25, 05:29

Осындай сөз айту үшін жүрегің қандай болуы керек?!
Не көрсем де, Алаш үшін көргенім,
Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін! — деген сөзді қаймықпай айтқан қазақтың қайталанбас ғажап ақыны Мағжан Бекенұлы Жұмабайдың туған күні (25.06.1893).
Мен Мағжанның осы сөзін үнемі қайталаймын. Шабыт береді, жігерімді жаниды. Мотивация. Осылай жырлаған Мағжанның жүрегінің түгі бар. Бүгін бізге Мағжандай адал, салих ерлер керек. Біз соларға зәруіміз.
Өмірге ұлың келсе, есімін Мағжан деп қой. Мағжан — намыс нажағайы.
Ер Мағжанның рухы шат болсын. Рухына әл-Фатиха
🤲
🇰🇿

June 24, 15:15
Media unavailable
1
Show in Telegram

Достар, сүйінші!
🌿
ATA Travel
ata.travel.kz
деген тарихи-әдеби, мәдени экскурсия жобасын бастадым.
Алғашқы бағытымыз — классик жазушы Сайын Мұратбековтің рухани әлемімен сабақтас Қоңыр-Ешкіөлмес
🏔️
📚
Табиғат, тарих, әдебиет, әсерлі әңгіме, әдемі орта — бәрі бір сапарда
😍
Қатысқыңыз келсе,
📞
+ 7 776 004 0022 жазыңыз. Мархабат!

June 24, 10:09

Мо Яндай жазушылар бізде де бар...
Қытай жазушысы Мо Янның Қазақстанға келуі әдеби ортада қызу пікірталас туғызды. Әлеуметтік желілерде «Неге қазақ жазушысы Нобель сыйлығын алмайды?», «Бізде Мо Яннан артық түспесе, кем түспес жазушы көп қой» деген сарындағы пікірлер жиі айтылды. Бұл сұрақтың астарында ұлттық әдебиетке деген жанашырлық та, белгілі бір деңгейдегі өкпе-наз да жатыр. Алайда мәселені тек жазушының талантымен немесе әдеби шығарманың көркемдік деңгейімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Ойлап қарасақ, Нобель сыйлығы – тек әдеби жетістіктің көрсеткіші емес, сонымен бірге ұлт тілі мен  мәдениеті, аударма саясатының, халықаралық әдеби айналымның нәтижесі.
Ең алдымен бір нәрсені түсініп алған жөн: әдебиет пен тілдің тағдыры бір-бірінен ажырамайды. Әдебиеттің әлемдік кеңістікке шығуы сол әдебиетті тудырған тілдің ықпалына, таралу аймағына және аударылу мүмкіндігіне тікелей байланысты.
Қытай әдебиеті туралы сөз болғанда, біз ең алдымен қытай тілінің қуатын ескеруіміз керек. Қытай тілі – миллиардтан астам адамның тілі. Қытай мемлекеті ондаған жыл бойы өз әдебиетін, мәдениетін, ғылыми еңбектерін әлем тілдеріне жүйелі түрде аударып келеді. Нәтижесінде қытай әдебиеті халықаралық әдеби кеңістіктің ажырамас бөлігіне айналды.
Ал қазақ әдебиеті өз қазанында өзі қайнап жатыр...  Қазақ тілінде сөйлейтін халық саны салыстырмалы түрде өте аз. Оның үстіне қазақ тілінің халықаралық ғылыми, мәдени және әдеби айналымдағы үлесі де шектеулі. Сондықтан «неге қазақ жазушысы Нобель алмайды?» деген сұрақтың алдында «қазақ әдебиеті әлемге қаншалықты таныс?» деген сауал тұруы керек.
Өкінішке қарай, әлем қазақ әдебиетін толық танып отырған жоқ. Оның басты себептерінің бірі – аударма мәселесі. Кез келген ұлы әдебиет алдымен өз ұлтының шекарасынан шығып, өзге тілдерде өмір сүре бастағанда ғана әлемдік құбылысқа айналады. Бүгінгі күні әлем әдебиетінің классиктері саналатын көптеген қаламгерлердің шығармалары ондаған, тіпті жүздеген тілге аударылған. Олар тек өз елінің жазушысы емес, адамзаттық құндылықтарды сөйлеткен тұлғалар ретінде қабылданады.
Қазақ әдебиетінде де әлемдік деңгейдегі шығармалар аз емес. Абайдың философиялық тереңдігі, Мұхтар Әуезовтің эпикалық қуаты, Мағжан Жұмабайдың поэтикалық әлемі, Әбіш Кекілбайұлы мен Мұхтар Мағауиннің интеллектуалдық прозасы – халықаралық оқырман үшін қызықты болуы тиіс мұралар. Бірақ бұл шығармалардың басым бөлігі әлемнің жетекші тілдерінде жүйелі әрі сапалы түрде ұсынылған жоқ.
Нобель сыйлығын армандау үшін ең алдымен аударма институтын қалыптастыру қажет. Әлемдік әдеби нарықта агенттер, баспалар, әдеби қорлар, халықаралық фестивальдер мен аудармашылар үлкен рөл атқарады. Жазушының шығармасы оқырманға өздігінен жетпейді. Оның артында тұтас мәдени инфрақұрылым жұмыс істейді.  Сондықтан қазақ әдебиетінің болашағы туралы сөз қозғағанда, мәселені бір жазушының тағдырына тіреп қою дұрыс емес. Бізге ең алдымен қуатты тіл саясаты, сапалы білім жүйесі, кәсіби аударма мектебі және халықаралық әдеби байланыстар қажет.
Қазақ әдебиеті қуатты болуы үшін қазақ тілі де қуатты болуы керек. Тіл – әдебиеттің тамыры. Тамыры әлсіз ағаштың биікке бойлауы қиын. Қазақ тілі ғылым мен технологияның, бизнес пен халықаралық коммуникацияның тіліне айналған сайын қазақ әдебиетінің де ықпалы арта түседі.
Мо Янның келуі бізге бір нәрсені тағы да еске салды: әлемдік деңгейге шығу үшін тек талант жеткіліксіз. Әлемдік деңгейге шығу үшін әдебиетті көтеретін тіл керек, тіл мен аударманы қолдайтын мемлекет керек, мемлекеттің мәдени стратегиясы керек, ең бастысы – ұлттың өз әдебиетіне деген сенімі керек.
Нобель сыйлығы мақсат болуы мүмкін. Бірақ одан да маңызды мақсат бар. Ол – қазақ әдебиетін әлем оқитын әдебиетке айналдыру. Егер біз осы жолды дұрыс құра алсақ, Нобель сыйлығының өзі бір күні қазақ жазушысының алдына келуі әбден мүмкін.
Қазақ тілінің тұралап қалған мәселесі көп нәрсеге кедергі екенін және ұмытпайық!

June 24, 10:09

Иә, біздің Мо Яндай талантты жазушыларымыз өте көп, бірақ оны кім таниды?! Шетел түгілі өз еліңде танып, бағалап жатқандар бар ма?