
ALASH SPORTY
🇰🇿
Саламат Исбулаев (10-0) PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, жартылай жеңіл салмақ рейтингінде Үздік-5 жауынгер қатарына кірді!
«Қарсыласым мықты әрі тәжірибелі болды. Сондықтан мен жекпе-жекте толық үш раундқа дайындалдым. Келесі айқастың уақыты лига мен менеджердің жұмысына байланысты болмақ. Бұл жекпе-жек өзімді көрсетуге және рейтингте көтерілуге жақсы мүмкіндік болды — бәрі ойдағыдай жүзеге асты», - дейді Саламат.
⬇️
Саламаттың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін
❓
🇰🇿
Шавкат Рахмоновтың кәсіби мансабындағы алғашқы чемпиондық титулы
💪
👊
Қарсыласы Фаридун Одилов, Астана қаласы (2018 жыл) «Battle of Nomads 10» турнирі!
🇰🇿
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Дэнни Дигнумды нокаутпен жеңіп, WBO бойынша уақытша Әлем чемпионы (2022 жыл) атанған жекпе-жегі
💪
🥊
Сол жылы Деметриус Андраде Жәнібектен қашып кеткен соң, WBO ұйымы автоматты түрде Жәнібекті толыққанды Әлем чемпионы деп жариялады!
🇰🇿
🥋
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов алтын жапсырмамен татамиге оралу үшін дайындығын жалғастыруда
💪
🔜
Лос-Анджелес-2028
🇺🇸
🥇
Париж-2024
🇫🇷
🥈
Рио-2016
🇧🇷
🥉
Токио-2020
🇯🇵
🏆
RIZIN LANDMARK 13
📆
12.04.2026
🚩
Фукуоке, Жапония
🇰🇿
Нұрхан Жұмағазы (10-1) vs.
🇯🇵
Тенья Ёсимура (5-2)
👊
Нұрхан жеңіл салмақта «ALASH PRIDE FC» лигасының бұрынғы чемпионы және 10 жеңісінің 9-ын мерзімінен бұрын аяқтаған (6 нокаут, 3 сабмишен).
👊
Нұрхан «RIZIN» лигасындағы алғашқы айқасында
🇯🇵
Тацуя Сайканы (13-6) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
👊
Ёсимура мен Тацуя 2025 жылы жапониялық «PANCRASE» лигасының чемпиондық титулы үшін жекпе-жек өткізіп, Тацуя техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
⬇️
Жекпе-жек жайлы ойларыңыз
❓
🇰🇿
Ризабек Айтмұхан мен Азамат Дәулетбеков Бішкекте өткен «Super Wrestling 4» турнирінде топ жарды
💪
🥇
Ризабек 97 келіде болгариялық Ахмед Батаевті 7:5 есебімен, ал финалда ресейлік Алихан Кцоевті 3:0 есебімен жеңіп чемпион атанды!
🥈
Азамат 86 келіде америкалық Натан Джексонды жеңіп, бірақ финалда Токио Оимпиадасының қола жүлдегері ресейлік Артур Найфоновқа 1:4 есебімен жол берді.
🤼♂️
Турнир олимпиадалық алты салмақта өтіп, чемпиондарға $10.000, күміс жүлдегерлерге $5000 сыйақы табысталды.
🏆
ALASH PRIDE FC 118 |
🚩
Қоныс спорт сарайы, Ақтөбе
🇰🇿
Жәнібек Тыныштық (8-0) қарсыласы
🇷🇺
Гаджимурад Гасангусейновты (13-5) техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл салмақта «ALASH PRIDE FC» уақытша чемпионы атанды!
🇰🇿
🥇
Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы алғашқы тарихи алтын медальді жеңіп алды!
🏆
2014 жылы Ресейде өткен қысқы Олимпиадада Денис Тен қола жүлдеге қол жеткізген еді. Енді міне 12 жыл араға салып, ұлттық құрама спортшысы ел қоржынына алтын жүлдені салды.
👏
Араға 32 жыл салып Қазақстанның Әнұраны қысқы Олимпиада ойындарында қайта шырқалды!
P.S. Қысқы Олимпиадада тағы да жүлдесіз қаламыз деген ой болған еді. Көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатса қалай қуанбайсың!
🇰🇿
Досбол Елегеннің Ақтөбеде өтіп жатқан «ALASH PRIDE FC 118» турниріндегі нокауты
🔥
https://www.youtube.com/live/dlfDwfuIkuA?si=7EPtnzksGIKruGxy