Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Alga KZ

alga_kzz
Ең өзекті, маңызды жаңалықтар мен қызықты ақпараттардан алғашқылардың бірі болып хабардар болғыңыз келсе, біздің арнаға жазылыңыз!
Subscribers
1 890
24 hours
-4
30 days
4
Post views
68
ER
3,6%
Posts (30d)
Characters in post
404
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
News
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
July 31, 11:09
Media unavailable
1
Show in Telegram

⚡️
1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифтері өседі
Қазақстанда бірқатар энергия өндіруші кәсіпорындар үшін электр қуатының бағасы қымбаттайды:
🔹
Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС – 22,58 → 23,25 тг
🔹
Ақтөбе ЖЭО – 17,54 → 18,19 тг
🔹
«Жайықжылуэнерго» АҚ – 13,25 → 13,95 тг
🔹
МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 → 23,26 тг
🔹
«Кристалл Менеджмент» АҚ – 15,27 → 16,09 тг
🔹
Ақтөбе рельс-арқалық зауыты – 21,11 → 23,58 тг
🔹
Z-Энергоорталық – 16,77 → 18,46 тг
🔹
Қызылорда ЖЭО – 12,10 → 13,13 тг
🔹
«Батыс Пауэр» ЖШС – 15,89 → 17,63 тг
🔹
Karabatan Utility Solutions – 10,67 → 13,06 тг
🔹
OzenMunaiProm – 26,92 → 28,68 тг
🔹
«Қазхром» ТҰК» АҚ – 10,67 → 11,65 тг
🔹
«ССКӨБ» АҚ – 18,82 → 18,94 тг
🧾
Энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобы үшін тариф 44,02 теңге болып бекітілді (кВт/сағ).

July 31, 11:08

📢
Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айырылған жастарға грант беріледі
🎓
“Қазақстан халқына” қоры мектепті бітірген түлектерге 500
тегін оқу грантын
бөлді.
Бұл мүмкіндік келесі санаттағы жастарға арналған:
▫️
Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айырылғандар
▫️
Жарақат алған балалар
▫️
Әлеуметтік осал топтардан шыққан түлектер
▫️
Жетім балалар
▫️
Мүгедектігі бар жастар
▫️
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасынан шыққандар
💡
Грант иегерлері еліміздегі ЖОО-ларда тегін білім алады.
Толық ақпарат қордың ресми сайтында.

July 31, 11:07
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады
Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.
Қазір осы станция орналасатын жер анықталып жатыр.
Естеріңізге салайық, еліміздегі алғашқы атом электр станциясын ресейлік "Росатом" салады.

July 31, 07:14
Media unavailable
1
Show in Telegram

📢
“Балалар бір-бірінен ажырамайды”: Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады
Алматы әкімдігі “Бағанашыл” балалар үйіне қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметке сәйкес, тәрбиеленушілерді Қонаев қаласына көшіру жоспарда жоқ.
Балалар бұрынғыдай өз орталықтарының аумағында тұрып, Алматы қаласындағы мектептерде оқуды жалғастырады.
Қазір Алматы қаласы мен облыс әкімдіктері мекемені қаланың балансына беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

July 31, 05:39
Media unavailable
1
Show in Telegram

⚖️
Бишімбаевтың бауыры амнистияға ілікті
Степногорск соты Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін амнистия негізінде қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Енді ол 2027 жылдың шілдесі емес, 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады.
Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бойынша 4 жылға сотталған болатын.

July 31, 05:35
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту жасалды
ІІМ танымал интернет ресурстарда қонақүй нөмірлері мен пәтерлерді брондау кезінде жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті.
Пәтерлерді интернет арқылы брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін сұрататын хабарламалар келеді. Алайда бұл деректер жеке кабинетте бар және қайта енгізуді талап етпейді.
ІІМ басқа қалаға немесе елге демалысқа, сондай-ақ, іс-сапарға шыққанда аса мұқият болуға шақырды.

July 31, 05:34
Media unavailable
1
Show in Telegram

⚡️
Ақтауда ерлікпен қаза тапқан әке Каспий жағалауында суға батып бара жатқан үш адамды құтқарамын деп 39 жастағы Ерлан Шонтабаев қаза тапты. Құрық ауылының тұрғыны демалыс кезінде көмек сұраған дауысты естіп, суға түскен. Қыздар жағаға өздері шыққанымен,…

July 31, 05:33
Media unavailable
1
Show in Telegram

⚡️
Ақтауда ерлікпен қаза тапқан әке
Каспий жағалауында суға батып бара жатқан үш адамды құтқарамын деп 39 жастағы Ерлан Шонтабаев қаза тапты. Құрық ауылының тұрғыны демалыс кезінде көмек сұраған дауысты естіп, суға түскен. Қыздар жағаға өздері шыққанымен, Ерлан мен жігіттің екеуі де суға батып кеткен.
Ерлігінің құрбаны болған Ерлан 5 баланың әкесі. Кенжесі небәрі 3 айлық.

July 30, 06:46

Бүгін, 30 шілдеде, Камчаткада соңғы 73 жылда тіркелген ең күшті жер сілкінісі болды - магнитудасы 8,7 балға дейін жеткен
Биіктігі төрт метрге дейінгі цунами толқыны да тіркелді.
Тынық мұхиты акваториясындағы жер сілкінісіне байланысты Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 32 сантиметрге дейінгі толқындардың жетуі күтілуде. Елде цунами қаупі жарияланып, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

July 30, 06:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

🚨
Жамбыл облысында атыс: төрт адам жарақат алды
29 шілде күні сағат 21:30 шамасында Мойынқұм аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған төрт ер адам жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар травматикалық қарудан жараланған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.