
Arsen Izbanov
Балалары мен олардың тәрбиесіне мән бермейтін халықтың болашағы жоқ
📚
Баланы пайдалы істерге қызықтырудың бір жолы – оған кітап алып беру.
Бала өскен сайын кітапханасымен бірге оның ойлары мен ғылыми санасы бірге өсіп дамиды.
Мысалы, ханафи мәзһабымыздың ұлы ғалымы Ибн Абидин رحمه الله туралы оның баласы былай дейді:
«Әкемнің (Ибн Абидиннің) көп кітап жинауына себепкер – өзінің әкесі еді. Атам оған қалаған әрбір кітабын сатып алып беретін де:
“Қалаған кітабыңды ал, бағасын мен төлеймін. Өйткені сен – мен жалғастыра алмаған істі тірілтіп отырсың. Алла саған разы болсын”
– дейтін.
Сондай-ақ әкемe өзінің жанында бар сенімді ғалымдардың еңбектерін де сыйға тартып мұра етіп қалдырған».
Тәрбие – егін жақсы өсіп, жемісі дәмді болсын деп одан арам шөптерді жұлып тазалап жүретін диқаншының ісіне ұқсайды.
©️
әл-Ғазали рохимаһулла
Рухани да, психологиялық та мықты бол!
Өйткені сынақ – тағдырдың бұлжымас ақиқаты, бәрібір сыналасың.
Кез келген үммет пен бір елдің тәрбие ісі – шикізат секілді экспорттап немесе импорттай салатын тауар емес.
©️
Әнуар әл-Жунди
Кез келген үммет пен бір елдің тәрбие ісі – шикізат секілді экспорттап немесе импорттай салатын тауар емес.
©️
Әнуар әл-Жунди
🚀
Заманымыздағы өзекті мәселелер бойынша да материалдарды міндетті түрде бөлісіп отырамын.
📚
Дегенмен, қазіргі уақытта бала тәрбиесіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп жатқандықтан, алдағы жазбаларда
кіші жастағы балалар мен жастарға байланысты тақырыптар көбірек
болуы мүмкін.
Ассалаумағалейкум, қадірлі оқырмандар!
🌿
Біршама үзілістен кейін қайта жолығып отырмыз.
Каналымызда «Ислами негізде бала тәрбиелеу» атты жазбалар топтамасын жалғастырамын.
Бұл жазбаларда біз бала тәрбиесінің Құран мен Сүннетке сүйенген қағидаларын, ата-ана мен тәрбиешінің/педагог/ұстаздың рөлін және ұрпақты иманды, мықты тұлға етіп қалыптастыру жолдарын талқылаймыз.
Алла Тағала берекелі етіп, пайдалы білімге айналдырсын!
🤲
Бір аунап тұрдым-ау
😁