
Әр күніңді әсемде
Аят
“Шын мәнінде мүміндер туыс” (Хужурат сүресі, 10-аят).
Хадис
“Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған ешқашан зұлымдық жасамайды әрі оны қиын-қыстау кезде тастамайды”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені, ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр”. (Мансур ибн Аммар)
Мақал
“Тамақты жамандаған – қарынның тоқтығы, Туысты жамандаған – ақылдың жоқтығы”.
Аят
“Ол күні адамдар жан-жаққа бытыраған күйе көбелек (пәруана) іспеттес”. (Қариға сүресі, 4)
Хадис
“Кісі қандай хәлде жан тапсырса, қиямет күні дәл солай тіріледі”. (Муслим)
Дұға
“Уа Раббым! Күндердің күнінде Өзіңнен басқа ешкім қалмайтын бір сәт келеді. Сол кезде маған достық көмек көрсеткейсің. Ең жақын достарым менен теріс айналғанда, маған Өзің қол ұшын бер, Игілігің мен жақсылығыңа ие болайын”. (Низамул-Мулк)
Мақал
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
Аят
“Аспан қалай биіктетіліп (тіреусіз) тұрғызылған? Таулар қазықтай қағылып, жерді қалай ұстап тұр? Жер қалай төселіп өмірге лайықты етілген?”. (Ғашия сүресі, 18-19-20)
Хадис
“Алла тағаланы еске алмастан көп сөйлеу жүрекке мұң ұялатады”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнен һидаят болмаса менің халім нешік?” (Әбу Хамид)
Мақал
“Жақсы адам езуінен енші береді”.
Аят
“Шын мәнінде күлдірген де, жылатқан да Ол” ("Нәжім" сүресі, 43-аят).
Хадис
“Көп күлмеңдер! Өйткені көп күлкі жүректі өлтіреді”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Менін күнәларымды кешір. Жүрегімдегі реніш пен кекті кетіргейсің. Мені адастыратын әрі аздыратын нәрселерден сақта”.
Мақал
“Көп күлген бір жылар”.
Аят
“Алайда иман келтіріп, ізгі істерді атқарған шын мүминдер бүкіл жаратылыстардың ең жақсылары (һәм артықтары)”. (Бәийнә, 7)
Хадис
“Қиямет күні таразға алғаш тартылатын нәрсе көркем мінез-құлық”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені, ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр”. (Мансур ибн Аммар)
Мақал
“Сіз-біз деген жылы сөз, Тірліктің ғаниметі”.
Аят
“Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер істесе, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ, оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып сөзсіз сый-сияпатқа бөлейміз”. (Нахл сүресі, 97)
Хадис
“Дүниедегі ең қайырлы болмыс – ізгі әйел”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Тәңірім! Бізге әзірет Мәриямның арлылығын мен әзірет Әсияның батылдығын бере гөр. әзірет Хадишаның мейірімі мен әзірет Айшаның білімін және де әзірет Фатиманың иманын бере гөр деп тілейміз”. (Н. Хилал)
Мақал
“Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді”.
Аят
“Ол жер бетін сендерге бесік қылды және онда жол тауып емін-еркін жүріп-тұруларың үшін жолдар мен өткелдер ашты”. (Зухруф сүресі, 10)
Хадис
“Жәннәттағы инедей жер күннің шығып-батқан барлық жерінен де қайырлы”. (Кутубу Ситтә)
Дұға
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған нәсіп қыла гөр”. (Маруфи Кәрһи)
Мақал
“Жақсылық қыл, міндет қылма”.
Аят
“Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда, Алла (құлдары қанша жерден күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді, (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. (Әли Имран сүресі, 129)
Хадис
“Жарты құрмамен болса да (садақа етумен) өздеріңді тозақ отынан сақтандырыңдар”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Құлың өзіңнен басқа кімге қол жайсын! Дұға да өзіңнен, оны қабылдау да өзіңнен. Әуелі көңілімізді дұғаға бұрасың, содан кейін дұғаларымызға жауап бересің, мейірімің неткен кең”. (Мәуләна)
Мақал
“Жолдас болма қуға, Басың қалар дауға”.
Аят
“Алла сендердің жүктеріңді (яғни, сендер үшін дінді) жеңілдеткісі келеді. Өйткені, адам баласы өте әлсіз болып жаралған (яғни осал тұстары көп, сондықтан да ол Алланың қолдауынсыз әуейіліктеріне, нәпсіге, азғырушы шайтанға өз бетімен төтеп бере алмайды)”. (Ниса сүресі, 28)
Хадис
“Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар. Сүйіншілеңдер, бездірмеңдер”. (Бұхари)
Дұға
Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң қандай ауыр істі де жеңілдетесі.
Мақал
“Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады. Қатты-қатты сөйлесең, Жақының діннен шығады”.
Аят
“Олар Алланың нұрын (Исламды немесе Құранды) ауыздарымен үрлеп сөндіруді көксейді. Алла болса, кәпірлер қанша жерден жақтырмаса да нұрын ақыр аяғына дейін жеткізіп, жарқырата түсуден басқа еш нәрсеге разы болмайды”. (Тәубе сүресі, 32)
Хадис
“Адамның Исламды көркем ұстануының белгісі оның бос нәрселерден арылуы”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе бой ұсынуда, әртүрлі қиыншылықтарға қарсы сарқылмас сабыр бер”. (Салих ибн Бәшир әл-Мурри)
Мақал
“Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес”.