Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

aspire to inspire

aspiretoinpire
көркем мінез ізденушісі ⚘ • ханафи, ақида матуриди • әр сөзім алдымен өзіме арналады
Subscribers
1 670
24 hours
10
30 days
20
Post views
262
ER
15,69%
Posts (30d)
10
Characters in post
604
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Lifestyle & Services
Summary
April 28, 19:15
Media unavailable
1
Show in Telegram

“Егер аналар бір нәрсені жақсы көрсе, олардың балалары сол махаббаттың мұрагерлері болады.”

April 27, 18:48

Осы аяттардағы сипатталған (шүкірсіз, бейбіт кезде Аллаһты ұмытатын) адамдардан болудан сақтанайық:
وَإِذَا مَسَّ الْإِنسَانَ ضُرٌّ دَعَا رَبَّهُ مُنِيبًا إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُ نِعْمَةً مِّنْهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدْعُو إِلَيْهِ مِن قَبْلُ
Адамға бір зиян тисе, Раббысына шын көңілмен жалбарынады. Бірақ Аллаһ оған бір нығмет берген кезде, бұрын жалбарынғанын ұмытып кетеді.
[Зумар сүресі, 8]
وَإِذَا مَسَّ الْإِنسَانَ الضُّرُّ دَعَانَا لِجَنبِهِ أَوْ قَاعِدًا أَوْ قَائِمًا فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُ ضُرَّهُ مَرَّ كَأَن لَّمْ يَدْعُنَا إِلَىٰ ضُرٍّ مَّسَّهُ
Адамға бір қиындық тисе, жатып та, отырып та, тұрып та Бізге дұға етеді. Ал Біз одан қиындықты алып тастағанда, бұрын Бізге дұға етпегендей болып кете береді.
[Юнус сүресі, 12]
وَإِذَا أَنْعَمْنَا عَلَى الْإِنسَانِ أَعْرَضَ وَنَأَىٰ بِجَانِبِهِ وَإِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ فَذُو دُعَاءٍ عَرِيضٍ
Біз адамға нығмет бергенде, ол теріс бұрылып кетеді. Ал оған бір жамандық тисе, ұзақ-ұзақ дұға қылады.
[Фуссилат сүресі, 51]
وَإِذَا غَشِيَهُم مَّوْجٌ كَالظُّلَلِ دَعَوُا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ فَلَمَّا نَجَّاهُمْ إِلَى الْبَرِّ فَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ
Оларды толқындар көлеңкедей қаптағанда, Аллаға шынайы түрде дұға етеді. Ал құрлыққа аман шыққанда, олардың кейбірі ғана тура қалады.
[Лұқман сүресі, 32]

April 27, 12:15

Ағылшын тілінен сабақ беріп жүргеніме осымен 5 жылдай болды, бірақ әр сабақ берер алдында менде ішімде кішігірім қобалжу болады. Сол себеп болып сабақтарды әрдайым дұғамен, салауатпен, Аллаһтың атымен бастауға тырысамын. Бүгінде сабақтарымды берер алдында Аллаһқа дұға еттім “Йа Раббым, жұмысымды жеңілдет, оқушыларыма, хайырлы білім беруімді нәсіп ет, маған түсіндіруге, оларға түсінуді, қолдануды жеңілдет” деген сияқты.
Сабақтарым түгел біткен кезде ішімде қуаныш болып “Әльхамдулильляһ” дедім, өз ойымша сәтті өткен сияқты. Бірақ сол сәтте ойланып қалдым, мен не үшін “Әльхамдулильляһ” деп айттым? Бұл жай ғана қуану сезімімен аузымнан автоматты түрде шыққан сөз бе? Негізгі ниетім қандай болды? “Аллаһым Сенің көмегіңмен сабағым сәтті өтті, Сен барлық мақтау, мадаққа лайықсың” дегім келді ме әлде өз өзіме тамсандым ба?
Асылында Аллаһ қаламаса менің аузымнан бір әріпте шықпайтын еді, саусағымда Оның қалауынсыз қимылдамайтын еді ғой!
Біз кей зікірлерді автоматты түрде, мағынасына үңілмей жатып айта береді екенбіз ғой, шын мәнінде ниетіміз қайта-қайта бұзылып кетіп жатқан болуы да мүмкін. Әр сөзімізге, зікірімізге мән берсек, ниетті жаңартуды әдетке айналдырсақ бұндай сирек болар еді ғой..

April 26, 16:37

желіде бір түрік әпкеміздің тұрмысқа шықпас бұрын Аллаһтан тілеген дұғасын естіп қалдым, ол айтады:
“мен тұрмысқа шықпай тұрып Раббымнан сұрадым:
“Аллаһым, мен тани алмаймын, бірақ Сен танисың, мен білмеймін, бірақ Сен білесің, мен көре алмаймын, бірақ Сен көресің, мен қателесуім мүмкін, бірақ Сен қателеспейсің. мен жүрегі шынайы түрде Өзіңе байланған, дастархан басында жағдайы жоқтардың, кедейлердің діні, олардың дерті туралы сөйлесе алатын, аят-хадистерді бірге көзіміз жасаурағанша оқитын бір адамды маған нәсіп етші”
дедім.
Аллаһ Тағала Ордуның (қала) Месудиесіндегі бір ауылдың жігітімен Самсун Везикөпрунің бір қызын жолықтырды да, бізді бірге етті, менің қалағанымнан әлдеқайда жақсысын маған нәсіп етті.”
осыдан бір жылдай бұрын Палестиналық құрбым да тұра осылай дұға ететінін айтқан еді,
“Аллаһым, маған
хайырлысын Өзің таңдап берші”
деп тілейтінін айтатын. шыныменде, біз қателесуіміз мүмкін, бірақ Ол ешқашан қателеспейді.
не қаласақта Аллаһтан шынайы дұға етіп сұрайық, бірақ бұл тек “алма піс, аузыма түс” деп жату керек деген сөз емес, дұға етумен бірге әрекетімізді де жасайық, өз қалаған жарымызға лайық болуға да тырысайық, себебі Аллаһтың “Әділ” екенін де ұмытпағанымыз жөн. Әрине бірақ Раббымыз бізді әделдігімен ғана емес, мейірімі мен кеңшілігімен ризықтандырсын
🤲🏻
#неке
#дұға

April 25, 20:07
Media unavailable
1
Show in Telegram

“Мен қайғым мен мұңымды тек Аллаһқа ғана шағым етемін
…”
[12:86]

April 23, 17:40

И звезды не вечны, в мерцанье своем.
А жизнь это лишь затянувшийся сон.
И пусть не обманут тебя сновиденья,
Знай, все мы проснемся, когда мы умрём...

April 23, 12:57
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кейде Аллаһтың қалауымен біздің қалауымыз болмай жатады, Аллаһым кей ризығын алып қоюы мүмкін, немесе, сұрағанымыз берілмеуі мүмкін, кешіктірілуі мүмкін. Негізі бұл да бір сынақ қой.
Қалайша сол сәтте Раббымыздың бұдан бұрын берген және әлі де толассыз беріп жатқан басқа нығметтерін ұмытамыз? Сол нәрсе бізге шексіз Жомарт болған Раббымызға шүкірсіз болуға тұрарлық па? Қай хәлде болсақ та шүкір етіп, ал сынақ үстінде сабыр ете алуымыз Аллаһқа сүйіктірек болар еді..
Ал Раббымыздың қолынан кеймейтін ештеңе жоқ, Ол “бол” десе, сол сәтте кез келген зат бола қалады. Раббым бізге күш-қуат берсін, жүректерімізді шынайы шүкіршілікке толтырсын
💗
الحمد لله في كل وقت وعلى كل حال
💗

April 23, 11:09

Егер ұрыны да, зинақорды да, арақ ішкен адамды да жасыру үшін үстімдегі киімімді шешіп беруім керек болса, мен соған да дайын болар едім.
Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын)
Бүгін Хан ағамыздың басында болған жағдай — баршамызға үлкен сабақ.
Біреудің сүрінген жерін сөз ету, оны елге жаю — мұсылмандыққа жат іс.
Керісінше, айыбын жабу — ардың, иманның, адамгершіліктің белгісі.
Өйткені біреудің сыналған тұсымен ойнау — өз басыңа да сондай сынақты шақырумен тең.

April 22, 17:56
Media unavailable
3
Show in Telegram

4164 — Сообщается, что ‘Умар, да будет доволен им Аллах, сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если бы уповали вы на Аллаха должным образом, то Он обязательно посылал бы вам пропитание так же, как посылает его птицам, которые улетают утром с пустыми животами, а возвращаются (в конце дня) с полными”». (Ибн Маджа)
ПС. Упование не значит сидеть ровно на одном месте. Это значит действовать, прикладывать усилия, но не контролировать результат. Птицы строят гнезда из того, что найдут, и едят то, что найдут. Аллах даёт как ресурсы для дома, так и навыки, чтобы этот дом себе построить. Аллах даёт как еду на каждый день, так и направление, где эту еду искать.

April 22, 15:13

Раббың саған ең хайырлысын нәсіп етеді, дұға етуіңді тоқтатпа және Оның мейірімінен үмітіңді үзбе, тәуекеліңді “Аллаһ үшін” деп қайта-қайта жасай бер.