
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палатаның аудитінен кейін құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу бойынша төлемдерге бақылау күшейтілді Қазақстанда құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді. Тиісті…
Жоғары аудиторлық палатаның аудитінен кейін құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу бойынша төлемдерге бақылау күшейтілді
Қазақстанда құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді. Тиісті өзгерістер ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдары негізінде бюджет қағидаларына енгізілді.
📌
Бұған дейін 2019-2021 жылдар аралығында
Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуына мемлекеттік аудит
жүргізілген болатын. Аудит қорытындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігіне
мемлекеттік мекемелерді
қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары
(ғимараттар, құрылыстар, автожолдар және өзге де нысандар)
бойынша
орындалған жұмыстар актілерін ұсынуға міндеттейтін өзгерістер енгізу тапсырылды.
Бұл ретте аталған актілер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген нысандарға сәйкес келуі тиіс екені ерекше атап өтілді.
✅
Нәтижесінде 2025 жылы бекітілген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қажетті түзетулер енгізілді.
Онда мынандай талаптар көзделген:
❖ Құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме:
🔵
электрондық төлем шотын
мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасалатын және басшының ЭЦҚ-сы қойылған орындалған жұмыстар актісі негізінде ресімдеуге;
🔵
егер шарттың құнына жобалау-сметалық құжаттама енгізілген болса, аванстан кейін төлем жасау кезінде қосымша түрде
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының
(ЖСҚ немесе ТЭН бойынша)
скан нұсқасын ұсынуға міндетті.
❖
Мердігерге соңғы төлем
барлық құрылыс немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және заңнамаға сәйкес ресімделген нысанды пайдалануға беру актісі қазынашылық органына ұсынылған соң ғана жүргізіледі.
❖
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шарттар бойынша
қазынашылықтың бақылау шотындағы қаражат нысан
пайдалануға берілгеннен кейін бас мердігерге аударылады.
Төлем тапсырмасына міндетті түрде нысанды пайдалануға беру актісі қоса тіркеледі.
❖ Мемлекеттік мекемелер төлем жүргізу кезінде қазынашылыққа міндетті түрде:
🔵
тауарлар бойынша – шот-фактураны немесе лизингтік төлемдер кестесін;
🔵
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша – орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісін
(егер қызмет түрі акт жасалмайтын қызметтер қатарына жатпаса)
ұсынуға міндетті.
📄
Барлық құжаттар жеткізушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылуы тиіс.
Құжаттар қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, олар уәкілетті басшының қолымен және мекеменің мөрімен куәландырылады.
✅
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап 2025 жылғы 27 маусымдағы ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген
Бюджетті қазынашылық атқару рәсімдері күшіне енді.
Онда да растайтын құжаттарға және төлемдерді жүргізу тәртібіне қойылатын ұқсас талаптар бекітілген.
Қабылданған өзгерістер бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен бақылауын арттырып, негізсіз төлемдер мен құрылыс және жөндеу кезіндегі заң бұзушылықтар тәуекелін төмендетеді. Сондай-ақ төлемдердің тек нақты орындалған және расталған жұмыстар үшін ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Бұл мемлекеттік мекемелердің тәртібін күшейтіп, жобалардың сапасын жақсартады және қаражатты тиімсіз немесе мақсатсыз пайдалану ықтималдығын азайтады.
🚀
@auditpalatasy
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен: құқықтар, міндеттер және мүдделер қақтығысы Аудит – бюджет қаражатының қалай жұмсалып, жүйенің қаншалықты тиімді әрі ашық жұмыс істеп жатқанын көруге мүмкіндік беретін механизм. Аудиттің объективті болуы үшін заңда мемлекеттік…
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен: құқықтар, міндеттер және мүдделер қақтығысы
Аудит – бюджет қаражатының қалай жұмсалып, жүйенің қаншалықты тиімді әрі ашық жұмыс істеп жатқанын көруге мүмкіндік беретін механизм. Аудиттің объективті болуы үшін заңда мемлекеттік аудиторлардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тексерілетін объектілердің құқықтары нақты айқындалған.
🔍
Аудиторлар неге құқылы
Қаржылық бақылау қызметкерлерінің қажетті барлық ақпаратты алуға
жеткілікті өкілеттігі бар.
Олар мыналарға құқылы:
🔹
тексерілетін ұйымның аумағына және ғимараттарына кіруге
(тексеру тағайындау туралы актіні көрсеткен жағдайда)
;
🔹
кез келген құжаттар мен деректерді, оның ішінде электрондық нысандағы және қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сұратуға. Құпиялылық режимі қатаң сақталады;
🔹
басқа бақылаушы органдар дайындаған құжаттарды алуға;
🔹
анықталған бұзушылықтар бойынша ұйым басшылары мен қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер талап етуге;
🔹
ұйым құжаттарды бермеген немесе мерзімдерін созған жағдайларды тіркеуге.
✔️
Аудиторлардың міндеттері
Өкілеттігі кең болғанымен, аудиторлар
кәсіби қағидалармен қатаң шектеледі:
🔹
заңнаманы сақтау және тексерілетін ұйымның құқықтарын бұзбау;
🔹
ұйымның қалыпты жұмыс процесіне кедергі келтірмеу;
🔹
аудитті белгіленген стандарттар мен этикалық нормаларға сәйкес жүргізу;
🔹
алынған барлық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құпия мәліметтерді жария етпеу;
🔹
мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін жағдайларды жасырмау;
🔹
қорытындыларды тек нақты деректерге негіздеу;
🔹
бұзушылықтарды уақытылы анықтап, алдын алу шараларын қабылдау.
Егер аудитор аудит стандарттарын немесе қағидаларын бұзса, ол тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
✔️
Тексерілетін ұйым басшысының құқықтары
Ұйым басшысы мыналарға құқылы:
🔹
аудиттің мақсатын, мерзімін және нәтижелерін білуге;
🔹
қаржылық бақылау органдарының қабылдаған шараларымен танысуға;
🔹
тексеру тағайындау туралы ресми актісі жоқ аудиторларды тексеруге жібермеуге;
🔹
аудит қорытындыларымен келіспеген жағдайда қарсылық
(пікір)
білдіруге;
🔹
заңда көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға.
✔️
Басшының міндеттері
Оларға мыналар жатады:
🔹
аудиторларды жұмыс орнымен және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
🔹
тек нақты және толық мәліметтер ұсыну;
🔹
тексеру барысында құжаттарға өзгерістер енгізбеу;
🔹
аудиторлардың жұмысына араласпау;
🔹
бақылау органдарының заңды талаптарын орындау;
🔹
ұсыныстардың орындалуы туралы уақытылы есеп беру;
🔹
аудит әсер ететін кәсіпкерлер мен басқа да тұлғаларды хабардар ету.
Егер тексеру барысында кәсіпкерлердің қызметіне әсер ететін бұзушылықтар анықталса, олар
хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қарсылық білдіруге құқылы.
❗️
Мүдделер қақтығысы: бұл не және қалай реттеледі
Аудит объективтілігін қамтамасыз ету үшін заңда кімдердің тексеру жүргізе алмайтыны нақты көрсетілген:
🔹
ұйым басшылығының жақын туыстары немесе сенімді адамдары;
🔹
тексерілетін кезеңде осы ұйымда жұмыс істеген тұлғалар;
🔹
ұйым қызметінде жеке мүліктік мүддесі бар адамдар
(мысалы, акционерлер немесе қатысушылар)
.
Мүдделер қақтығысының ықтимал жағдайы туындаса, аудитор бұл туралы басшылығына жазбаша түрде
хабарлауға міндетті.
Бұл – міндетті талап және аудиттің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін маңызды шарт.
🚀
@auditpalatasy
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Тиімділік аудиті не үшін қажет? Біз бұған дейін ережелердің сақталуы және есептердегі деректердің қаншалықты шынайы екені туралы айттық. Ендігі қадам мемлекеттік ресурстардың іс жүзінде қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын…
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Қаржылық есептілік аудиті деген не және ол қалай жүргізіледі?
📌
Бұл – мемлекеттік ұйымдардың қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жағдайының қаншалықты дұрыс әрі негізді екенін тексеру. Қарапайым тілмен…
Подведены итоги аудита ВАП в городе Алматы
📌
В городе Алматы прошел государственный аудит эффективности использования бюджетных средств и активов
(за период с 1 января 2020 года по 17 сентября 2025 года)
. Его итоги подведены на заседании Высшей аудиторской палаты РК.
На сегодняшний день Алматы остается крупнейшим экономическим центром республики. Город, где проживает более 11% населения, формирует почти 22% ВВП.
Однако экономика города по-прежнему ориентирована преимущественно на торговлю и услуги
, в то время как производственный и инновационный секторы развиваются менее динамично. Это сдерживает темпы роста Алматы.
Проверкой ВАП выявлены недостатки и отдельные нарушения в планировании, управлении и контроле.
Так,
план развития Алматы на 2021-2025 годы,
несмотря на регулярные корректировки, не стал достаточно эффективным инструментом управления. Аудит выявил
практику неполного финансирования намеченных мероприятий,
что не позволило достичь отдельных целевых индикаторов.
Несмотря на рост числа бюджетных инвестиционных проектов –
с 365 в 2022 г. до 529 в 2025 г.
– при их реализации отмечен ряд недостатков.
Например, по проектам строительства 41 многоквартирного дома в микрорайоне Жас-Канат, которые были заключены в 2021 году,
на момент аудита 7 домов не завершены, а еще 12 не переданы в коммунальную собственность
из-за отсутствия благоустройства прилегающей территории.
Во время проверки у аудиторов возникло немало вопросов к работе Управления городской мобильности. За 2022-2025 годы им
допущена необоснованная выплата субсидий перевозчикам на 2,3 млрд тенге.
Как следует из аудиторского заключения, Управлению земельных отношений необходимо повысить прозрачность при распределении земельных участков и усилить контроль за их целевым использованием.
Несоблюдение плотности застройки
в итоге привело к нагрузке на инженерную и транспортную инфраструктуру, а также к отсутствию шаговой доступности к социальным благам для населения города.
Что касается деятельности
социально-предпринимательской корпорации «Алматы»,
по мнению аудиторов,
она сопровождается системной неэффективностью.
Так, бюджетные инвестиции в размере
около 30 млрд тенге на строительство жилья остаются неосвоенными почти три года.
СПК также
не в полной мере справилась со стабилизацией цен на продовольствие.
Бюджетные кредиты при этом использовались неэффективно и размещались в финансовые инструменты.
🔵
В целом по итогам аудита установлены
финансовые нарушения на сумму свыше 203 млрд тенге,
из них во время проведения проверки возмещено
более 26 млрд тенге,
а также восстановлено по учету и путем выполнения работ –
свыше 83 млрд тенге.
🔵
Материалы по 417 фактам с признаками административных правонарушений
переданы в уполномоченные органы для возбуждения административного производства.
По итогам проверки ВАП подготовлены необходимые поручения и рекомендации по устранению выявленных нарушений и улучшению стратегического планирования, управления активами и бюджетной дисциплины в городе Алматы.
🚀
@auditpalatasy
Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысы шығарылды
📌
Алматы қаласында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді (1 қаңтар мен 17 қыркүйек аралығы қамтылды). Аудит қорытындысы ҚР Жоғары…
Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысы шығарылды
📌
Алматы қаласында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді
(1
қаңтар мен 17 қыркүйек аралығы қамтылды)
. Аудит қорытындысы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды.
Бүгінгі таңда Алматы республиканың ең ірі экономикалық орталығы болып отыр. Халықтың 11%-дан астамы тұратын қала
ЖІӨ-нің шамамен 22%-ын құрайды.
Алайда қала экономикасы әлі де негізінен сауда мен көрсетілетін қызметтерге бағдарланған,
ал өндірістік және инновациялық секторлардың даму серпіні төмен. Бұл Алматының өсу қарқынын тежейді.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды.
Мәселен,
Алматының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары
үнемі түзетулер енгізілуіне қарамастан, басқарудың айтарлықтай тиімді құралына айналмады. Аудит барысында
жоспарланған іс-шараларды толық қаржыландырмау практикасы
анықталды. Бұл жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Бюджеттік инвестициялық жобалар санының
2022 жылғы
365-тен 2025 жылы 529-ға дейін өсуіне қарамастан,
оларды іске асыруда кемшіліктер бар.
Мысалы, 2021 жылы жасалған Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі үй салу жобасы бойынша
аудит кезінде 7 үй құрылысы аяқталмаған, ал тағы 12-сі іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген.
Тексеру барысында Қалалық мобилділік басқармасының жұмысына қатысты да көптеген сұрақ туындады. Басқарма 2022-2025 жылдары
тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңгеге негізсіз субсидиялар төлеуге жол берген.
Аудиторлық қорытындыға сәйкес Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты арттырып, олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтуі қажет.
Құрылыс тығыздығының сақталмауы нәтижесінде
инженерлік және көлік инфрақұрылымына жүктеме ұлғая түсті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге қадамдық қолжетімділіктің болмауына әкелді.
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының
қызметіне келетін болсақ, аудиторлардың пікірінше, ӘКК
тиімсіз жұмыс істейді.
Мәселен, тұрғын үй құрылысына арналған
шамамен 30 млрд теңге
бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық игерілмеген күйінде қалып отыр.
ӘКК сонымен қатар
азық-түлік бағасын тұрақтандыруға толық көлемде қол жеткізе алмады.
Бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылған және қаржы құралдарына орналастырылған.
🔵
Жалпы аудит қорытындысы бойынша
203 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Тексеру жүргізу кезінде оның
26 млрд теңгеден астамы
өтелді, сондай-ақ есепке алу бойынша және жұмыстарды орындау жолымен
83 млрд теңгеден астамы
қалпына келтірілді.
🔵
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 факт бойынша материалдар
әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.
Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Алматы қаласында стратегиялық жоспарлауды, активтерді басқаруды, бюджеттік тәртіпті жақсарту бойынша қажетті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
🚀
@auditpalatasy
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық зерттеулер мен биоматериалдарды бақылауды күшейтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулерді, сондай-ақ биобанктердің қызметін…