Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

bauirjanaliuli
Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер ✅ Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli ✅ Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli ✅ ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli
Subscribers
6 961
24 hours
—
30 days
-92
Post views
1 477
ER
21,22%
Posts (30d)
8
Characters in post
384
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
October 26, 10:07

Умауия әулетінің соңғы билеушісі, халифа Мұхаммед ибн Маруанның уәзірі Убайдулла ибн Яхия: «Шешендік – бұқара халық түсініп, тектілер риза болып сүйінетін дүние» деп айтып отырады екен.

October 25, 17:19

Бір кісі шайыр Әбу Нуасқа келіп: «Табытқа салынған мәйіттің қай жағымен жүрген дұрыс? Алдына түсіп жүрген дұрыс па? Жоқ әлде соңынан ерген дұрыс па?» деп сұрайды. Әбу Нуас іле-шала: «Бастысы табыттың ішінде болма! Қалғаны маңызды емес. Қалаған жағыңмен жүре берсеңші» деп жауап берген екен.

October 25, 05:55

Айтып тұрғаныңдай болсаң...
Тумысынан көр жігіт көріксіз, қара әйелге үйленген екен. Әйел күйеуімен оңаша қалған бетте: «Сен менің әдемілігімді, көріктілігімді бір көрсең ғой шіркін! Маған деген махаббатың арта түсер еді» дейді. Әйелінің сөзін мұқият тыңдап шыққан жігіт: «Айтып тұрғаныңдай болсаң, көзі көретіндерден құтылып маған тимес едің ғой» деген екен.

October 24, 10:18

Құстың үш өсиеті
Бірде кішкентай құс торға түсіп қалады. Айламен тұзағына түсірген адамға: «Қожайын! Бұл өмірде біршама сиыр мен түйелерді құрбан еткен боларсың. Олардың етіне тоймаған сен, мына менің етіме тоймасың анық. Мені босат, ал мен саған үш өсиет айтамын. Біріншісін, қолыңда тұрып айтамын. Екіншісін болса, үйдің шатырына қонғанда айтамын. Ал үшінші өсиетті – ағаштың басында отырып айтамын. Маған сеніп, осы үш өсиетке құлақ асар болсаң, әлемдегі ең бақытты жан боласың»,- дейді.
Әлгі адам құстың айтқанына сеніп, шартына келіседі.
Сонда құс:
«Қолыңда тұрып айтар ақылым: кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!»
Аңшы берген уәдесінде тұрып, құсты қоя береді. Құс үйдің шатырына қонған бетте екінші кеңесін айтады:
«Қолыңнан жіберіп алған мүмкіншіліктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе!»
Екінші кеңесін айтқан әлгі құс ағаш басына қонып:
«Үшінші өсиетімді айтпас бұрын мынаны айтайын: менің ішімде салмағы он дирхемдік өте қымбат, бағалы тас жатыр. Осы тастың арқасында байып кетуіңе болар еді. Сен ғана емес, ұрпағың түгел бай-дәулетті болар еді. Амал нешік, сен ол мүміндігіңді жіберіп алдың!»,- дейді.
Мұны естіген әлгі адам ызадан айқайлап жібереді.
Сонда құс:
«Саған «Жіберіп алған мүмкіндіктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе»,-демедім бе? Бағалы тас қолыңнан ұшып кеткен соң несіне ашынып жатырсың? Әлде менің айтқанымды түсінбей қалдың ба? Мен «кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!», деген едім ғой. Арыстаным-ай, салмағы үш дирхемге жетпейтін әлсіз торғайдың ішінде он дирхемнің салмағындай жақұт тас қайдан болсын?»-, дегенде аңшы өзіне келіп:
«Жарайды, олай болса, үшінші кеңесіңді айт»,- дейді.
«Саған екі рет құлақ асар деп өсиет айттым. Енді үшіншісін сұрап тұрсың ба? Ұйқыда жатқан адамға өсиет айту – сортаң жерге дән еккенмен тең»,- деп самғап кете барыпты әлгі құс.
Надандық пен білімсіздік ешбір жамауға келмейді. Олай болса, ондай жандар үшін даналық дәнегін бекер сарп етудің қажеті жоқ.

October 23, 17:08
Media unavailable
1
Show in Telegram

Сол қу дүние адамды бір біріне жау етеді.
Марқұм ұстаз Бауыржан Әлиұлы

October 08, 17:57

"Сақтанып жүрген кісіңнен қорықпа. Сеніп жүрген кісіңнен сақтан!".
Ғұлама, уағызшы Ибн Сәммак (Алла оны рақымына бөлесін).

October 04, 15:14
Media unavailable
2
Show in Telegram

Марқұм ұстаздың Ойлаймын да және Жазбалар жинағы кітабын алғыңыз келсе 8707 449 5497 ватсапқа, азғана данасы қалды кітаптың, алып қалыңыз

October 04, 15:11

Ойлаймын да
🧐
..
"Рухы əлсіздер кек алады, рухы күштілер ғафу етеді. Ал ақылды жандар "ақымақтық" қой деп қолды бір сілтейді екен".
#ойлаймында

September 25, 10:37
Media unavailable
1
Show in Telegram

25 қыркүйек — Жалпыұлттық аза тұту күні.
Қазақстан халқымен біргеміз. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтамыз.

September 18, 07:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

🌸
ЖҰМА КҮНІ 80 РЕТ САЛАУАТ АЙТУДЫҢ АБЗАЛДЫҒЫ
Алла Елшісі ﷺ былай дейді:
"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".
Сонда сахабалар (радиаллаһу əнһум) қалай айту керектігін сұрағанда:
"Аллаһумма салли ғəлəə Мухəммəдин ғəбдикə уə нəбиикə уə расуликəн-нəбиил-уммии" - деп айтыңдар" -, деген.
________
(с) Дарақутни | "əл-Қаулил-бəдиғ", 400,
əл-Ирақи |"шархул-Ихия", 3/286
Дәрежесі хасан (жақсы)