Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Dauletten.kz

dauletten_news
Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар 📰 Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін 👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy Жарнама және ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ
Subscribers
88 000
24 hours
30 days
-100
Unusual 24 hours drop
Post views
20 843
ER
23,72%
Posts (30d)
1
Characters in post
645
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
News
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
February 09, 13:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

Орыс тілінің қазақ тілімен тең деген мәртебесі алынып тасталуы мүмкін
Жаңа Конституция жобасында орыс тіліне байланысты тұжырым қайта қаралды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары
Бақыт Нұрмұханов
мәлімдеді.
Оның айтуынша,
9-баптағы
«тең» деген сөз
«қатар»
ұғымымен алмастырылған.
Яғни жаңа редакцияда:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады»
деп көрсетіледі.
Басқаша түсініп қалдыңыздар ма?)
🤗

February 06, 11:57
Media unavailable
3
Show in Telegram

⛏️
😱
Құлсарыдағы мектепте төтенше оқиға: оқушы балтамен шабуыл жасады
Құлсары қаласындағы Пушкин атындағы мектепте 10-сынып оқушысы мектеп ішінде балтамен жүгіріп, екі құрдасын жарақаттаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқушылар арасындағы жанжалдан кейін болған.
Бастапқыда полицияға шағым түспегені хабарланғанымен, кейін баланың екі оқушыға дене жарақатын салғаны анықталды.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

February 01, 13:17
Media unavailable
1
Show in Telegram

🥶
Ақпанда −35°C-қа дейін аяз болады: синоптиктер болжамы
Метеорологтардың айтуынша, ақпанның басы мен ортасы ең суық кезеңге айналмақ. Суық ауа массалары батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерді қамтиды. Түнгі температура −21…−30°C-қа дейін төмендейді, ал шығыстың таулы аймақтарында аяз одан да күшейуі мүмкін.
Ақтөбе облысында күрт суыту күтіледі: түнде −28°C, күндіз шамамен −23°C болады.
Солтүстік, орталық және шығыста ауа райы құбылмалы: күндіз әлсіз аяз немесе нөлге жуық температура байқалып, түнде қайтадан −28°C-қа дейін суытады.
Ал оңтүстік өңірлерде ақпан салыстырмалы түрде жұмсақ өтеді.

January 28, 20:00
Media unavailable
1
Show in Telegram

‼️
Тоқаев: қаржылық қылмыспен күресте босаңсуға жол жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне барып, мекеме ұжымымен кездесті. Мемлекет басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, алдағы міндеттердің күрделілігіне назар аударды.
Президенттің айтуынша, қылмыстық топтар жасанды интеллектіні белсенді қолдана бастаған. Егер құқық қорғау органдары технологиялық үрдістерден кейін қалып қойса, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруі мүмкін.
Сонымен қатар әлеуметтік салаға бөлінген қомақты қаражатты заңсыз иемдену фактілері әлі де тыйылмай отыр. Мұндай алаяқтыққа мүлде жол беруге болмайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы криптовалюта арқылы капиталды шетелге заңсыз шығару әрекеттері жалғасып жатқанын айтып, көлеңкелі экономиканың елге орасан зор зиян келтіретінін ескертті. Бұл бағытта қатаң тосқауыл қою қажет.
Қажет болған жағдайда Агенттік құрылымында қосымша үш генералдық лауазым енгізу мүмкіндігі де қарастырылатынын жеткізді.
Тоқаев қылмыстың салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда тиімді екенін айтты. Себебі келтірілген шығынды өтеу көп жағдайда мүмкін болмайды.
Сондай-ақ Президент жұмыс барысында шектен шығуға болмайтынын ескертіп, АФМ-нің басты мақсаты қаржы ұйымдарын жаппай тексеру емес, қауіп-қатерді алдын ала анықтау екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кей азаматтардың жасанды интеллектке шамадан тыс сеніп, мәтіндерін Grok пен ChatGPT секілді жүйелерге жаздырып жүргенін сынға алып, бұл білім алудың дұрыс жолынан ауытқуға әкелетін алаңдатарлық үрдіс екенін айтты.

January 21, 14:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

🌫
Қазақстандағы ең лас қала анықталды
Қазгидромет мәліметінше, Қарағанды елдегі экологиялық жағдайы ең ауыр қала деп танылды.
🌪
Кейбір желсіз күндері ауадағы зиянды заттардың деңгейі рұқсат етілген нормадан
24 есе
асып кеткен.
Мамандардың айтуынша, басты себеп – сапасыз көмір жағатын пештер. Мұндай көмір толық жанбайды, түтіні мен күлі көп болады. Соның салдарынан ауаға зиянды қалдықтар көп бөлініп, қала ауасы қатты ластанады.
Ал экологтар көмір нарығындағы мемлекеттік бақылаудың әлсірегенін атап өтеді.

Қазір шығу тегі белгісіз көмір сертификатпен еркін сатылып жатыр, бұл экологияға үлкен қауіп төндіруде.

January 07, 11:52
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

🛒
Азық-түлік бағасын көтергендерге айыппұл салынды
Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер
55,7 млн теңгеден астам
айыппұл төледі. Жыл басынан бері
600+ дүкен
тексеріліп, мыңдаған заңбұзушылық анықталған.
Билік бағаны бақылауды күшейтіп, өңірлерде тұрақтандыру қорларын пайдалануда.

January 04, 13:39
Media unavailable
1
Show in Telegram

Көлік нөмірін енді
өзіңіз таңдай аласыз
Полиция хабарлауынша,
5 қаңтардан бастап
арнайы ХҚКО-ларда автокөлікке арналған нөмірді
қалаған әріп пен сан комбинациясымен
рәсімдеуге болады.
Қызмет бағасы таңдалған нұсқаға қарай:

10 АЕК
— шамамен
43 250 теңге
,

15 АЕК
— шамамен
64 800 теңге
.
Ал сұранысы жоғары
«әдемі» нөмірлерге
бөлек мемлекеттік баж белгіленген.

December 29, 14:47
Media unavailable
1
Show in Telegram

🥲
Келін енесінің алтындарын ломбардқа өткізіп, ақшаны ойынға жұмсаған
Түркістанда полицейлер құны 8,5 млн теңгеге бағаланған ұрлық дерегін анықтады. Қала тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақша жоғалғанын байқап, құқық қорғау органдарына арызданған.
Жедел тексеру нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің келіні белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол мамыр айынан бері алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны жасырын алып, әшекейлерді ломбардқа өткізген. Ал түскен қаржыны құмар ойындарға жұмсаған.
Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

December 25, 13:05
Media unavailable
1
Show in Telegram

Батырдың ерлігі мемлекет деңгейінде мойындалды
Аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына ең жоғары мемлекеттік марапат —
«Халық қаһарманы»
атағы берілді. Бұл шешім туралы Президент Жамбыл облысына жасаған сапары кезінде хабарлады.
Мемлекет басшысы халықтың батырды бұрыннан ерекше құрметтейтінін атап өтті. Соған қарамастан, оның ерлігі ұзақ жылдар бойы ресми түрде лайықты бағасын алмаған. Енді бұл олқылықтың орны толып, тарихи әділдік қалпына келтірілді.

December 25, 06:15
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

🛜
Threads-тағы шу: Францияның байланысы біздегіден нашар ма?
Threads желісінде Франциядағы мобильді байланыстың сапасыздығы туралы жазба қызу талқылануда. Жазба иесінің айтуынша, супермаркет ішінде интернет байланысы өте тұрақсыз, хабарламалар жүктелмейді, ал қарапайым қоңырау шалу мүмкін емес шаруаға айналады.
Көпшілік арасында «шетелдің интернеті бізден әлдеқайда жақсы» деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл жағдай көрсеткендей, мәселе елдің даму деңгейінде емес, нақты қолданушының тәжірибесінде екен.
Шын мәнінде, Қазақстандағы интернет көпшілік ойлағаннан әлдеқайда сапалы:
📊
Speedtest дерегіне сүйенсек, елімізде мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 54 Мбит/с-тан 94 Мбит/с-қа дейін өсті. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік рейтингте 46-орынға көтерілді.
Байланыс сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бүгінде халықтың 99%-ы 4G желісіне қол жеткізе алады.
💬
Шетелде байланысқа қатысты қиындыққа тап болғансыз ба? Пікірлеріңізбен бөлісе кетіңіз!
👇