Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Дакеши Китабэ

dzhigitbek
Subscribers
16 114
24 hours
30 days
-86
Post views
3 323
ER
20,62%
Posts (30d)
6
Characters in post
327
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Books
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
February 14, 08:26
Media unavailable
1
Show in Telegram

Дакеши Китабэ деген осы ғой

February 14, 06:19

Тарихта шыңды өзі бағындырмаса да, болашақта шыңды бағындыратындарға жол ашып беретін тұлғалар болады.
Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанау сынында алтыннан
🥇
алқа тағынған 21 жасар Миша Сочи Олимпиадасында қола
🥉
алған Денис Теннің салып берген жолымен жүрді деп айта аламын. Айтпақшы, Денис те ол кезде 21 жаста еді.
Бәлкім сен қазір елің үшін бір салада сүрлеу салып, еңбектеніп жатқан шығарсың. Бұл өмірде бәрі ұмтылған шыңды бағындырмай да өтуің мүмкін.
Бірақ, біл, ертең сен салып берген жолмен жүріп, сол шыңдарды бағындыратын адамдар міндетті түрде шығады.
Сол кезде жұрт сенің есіміңді еске алып, беделің асқақтай түседі.

February 13, 13:31

Ертең "Бекет ата" кітапханасында кездесу өтпейді

February 09, 08:13

Бұл каналдың
талқылау чаты
бар екенін айта кетейін.
Ол чатта Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырғысы келетін, Жапониядан үйренеріміз бар дейтін ықыласты китабэрлер отыр.
Чат мүшелерімен ақылдасып,
чатқа қосылу құнын бекіттік.
Символикалық баға: 990 тг.
Егер Дакеши Китабэ чатына қосылып, китабэр болғыңыз келсе,
990 тг аударып,
87053111136
Данияр Ж.
комментке
кофе
деп жазып жіберіңіз.
Чекті:
@Alima_anming

February 09, 07:59

Каналдың аты ауысты
🚀
Бүгіннен бастап "Дакеши Китабэ" деп аталады.
2018 жылы 9 қаңтарда анамның туған күнінде ашылған каналға ребрендиң жасаудың сәті келген сияқты.
Бұны бүркеншік атым десек те болады. Бұл аттың авторы – досым Темірлан.
Ол менің Жапонияға
🇯🇵
, кітапқа
📚
деген махаббатымды біледі. Соны ескеріп, ойлап тапқаны ғой.
Басында "Дәке", "Дәкешім" деп, содан "Дакеши" пайда болды. Жапонша сарын бар, иә?
Одан кейін Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру деген идеямен дерттеніп жүргеніме қарап, "Китабэ" фамилиясын ұсынды. Кітап – китаб. "Абэ" деген әйгілі жапон фамилиясына ұқсатып, "Китабэ"-ны шығарған ғой.
Мені осы бүркеншік атыммен атасаңыздар, қуанар едім
😄
Мен бұл өмірде жапон боп тумадым. Бірақ бір сәт өзімді жапон сезіне тұруыма болатын шығар, ә?
☺️

February 09, 05:45

Channel name was changed to «
Дакеши Китабэ
»

February 05, 09:32

07.02.2026
Сенбі
Сағат
09:00-10:30
арасы
"Бекет ата" кітапханасында кезекті #49-оқырман кездесуі өтеді.
Кездесуді өзім жүргіземін.
Талқылайтын тақырып:
"Интеллигент деген кім және сондай адам болу үшін не істеу керек?"
Қатысу $0.
Кім келуге ниетті
👍
қойсын.
Адрес:
https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287

February 05, 02:23

"Не үшін үйлену керек?" деген кітабым бар.
Үйленген 2017 жылы жаза бастадым. 2021 жылы аяқтап, басып шығардым. Әлі сатылымда бар.
Ол кітапта болашақ жарын іздеген бойдақтың ізденістері жазылған.
Бойдақ іні-қарындастарыма бағыт, көп варианттың бірін ұсыну ниеті ғой.
Келесі жылы (2027) отау құрғаныма 10 жыл болады, Алла қаласа.
Енді отбасылық өмірдің алғашқы 10 жылы жайлы кітап жазғым келеді.
Жаңадан үйленген іні-қарындастарыма бағыт, көп варианттың бірін ұсыну ниеті тағы.

January 23, 15:32
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кітаптардың арасынан тауып алдым. 2015 жылы 24 жасымда қойған мақсаттарым екен. Жеткенім бар, жетпегенім бар. Бірақ ойлау масштабын айтсай. Ана 500К деген ол кездегі курспен $2700 болған ғой.

January 15, 10:30

Ақша сақтап, көбейтудің ең тиімді жолы инвестиция деп білетін,
бірақ брокерлік шотты қалай ашып,
қандай сомадан бастап,
қандай акция алуды білмей,
инвестицияны тек байлар жасайды деп ойлап жүрген
жандарды шәкірттерімнің чатына шақырамын.
Жылдар бойы кейінге қалдырып жүрген ісіңізді тез бастап кетуге көмектеседі.
https://t.me/+rOHltCu_H3Y3M2Ni