
QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК
✅
✍🏻
Референдум проводится на принципах добровольного участия, свободного волеизъявления, а также всеобщего, равного, прямого и тайного голосования граждан.
✅
💳
Референдум азаматтардың ерікті қатысуы, ойын ашық білдіруі, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, төте және жасырын дауыс беру қағидаттары бойынша өткізіледі.
Орталық референдум комиссиясының
ҮНДЕУІ
ОБРАЩЕНИЕ
Центральной комиссии референдума
✅
Сегодня на заседании Центральной комиссии референдума Республики Казахстан утвержден Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению республиканского референдума, назначенного на 15 марта 2026 года.
✅
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
💬
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатынан
📌
... «Қазір Орталық сайлау комиссиясы және аумақтық сайлау комиссияларымен қатар округтік комиссиялар пайда болды, учаскелік сайлау комиссиялары да бар. Бәрін есептеп алатын болсақ, бізде 13 000-нан астам комиссиялар бар, солардың қатарында жұмыс істеп жатқан адамдардың саны - 85 мың. Олардың бәрін оқытуымыз керек.
💳
Өңірлердегі аумақтық сайлау комиссияларында күні-түні осы жұмыспен кәсіби деңгейде шұғылданатын 821 адам бар. Бұл бұрын болмаған. Қазір осы адамдарды біз каскадтық тәсілмен оқытамыз, олар әрі қарай округтік және учаскелік комиссияларды, солардың мүшелерін оқытады. Сол арқылы біз олардың өз қызметтерін тиісті деңгейде атқаруын бақылап отырмыз.
✅
Бір нәрсе бар, біз білімін тексеретін болдық. Бұрын Сіз бен біз барып дауыс беретін жерде учаскелік сайлау комиссияларында
7-8 адам жұмыс істейтін. Олардың бәрі кәсіби деңгейде жұмыс істемейтін. Ал қазір сайлау комиссияларының бәрін сайлау болған сайын үйрету керек. Мысалы Америка Құрама Штаттарында, басқа да батыс мемлекеттерінде болдым, барлық жерде үйретеді. Бұл жердегі принцип - комиссия мүшесі жұмысқа жаңа келгендегідей есептеп, нөлден бастап оқытады.
📌
Біз де осылай жасаймыз. Қазір цифрландыру мүмкіндігін пайдаланып, тест арқылы қашықтықтан бақылау жасауды енгізіп жатырмыз».