
ELITAR.KZ
Қаржы министрлігі: ең төменгі жалақы келесі жылы өзгермейді
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі әлеуметтік көрсеткіштер деңгейі сақталады. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, келесі жылдан бастап төмендегі көрсеткіштер өзгеріссіз қалады:
Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге
Базалық зейнетақы төлемі — 35 596 теңге
Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге
Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге
Яғни, ең төменгі жалақы мөлшері 2026 жылы да 85 мың теңге көлемінде қала бермек.
Қазіргі инфляция мен өмір сүру деңгейін ескерсек, бұл сома азаматтардың күнделікті қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті ме деген сауал туындайды.
https://tapthe.link/-dtYixXnX
⚡️
«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасындағы күнтізбесі белгілі болды
📆
18.09.2025
🇵🇹
Спортинг
🆚
Қайрат
🇰🇿
📆
30.09.2025
🇰🇿
Қайрат
🆚
Реал Мадрид
🇪🇸
📆
21.10.2025
🇰🇿
Қайрат
🆚
Пафос
🇨🇾
📆
05.11.2025
🇮🇹
Интер Милан
🆚
Қайрат
🇰🇿
📆
26.11.2025
🇩🇰
Копенгаген
🆚
Қайрат
🇰🇿
📆
09.12.2025
🇰🇿
Қайрат
🆚
Олимпиакос
🇬🇷
📆
20.01.2026
🇰🇿
Қайрат
🆚
Брюгге
🇧🇪
📆
28.01.2026
🏴
Арсенал
🆚
Қайрат
🇰🇿
«БИІК-Шымкент» УЕФА Еуропа кубогына жолдама алды
Шымкенттік команда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуі кезеңінде 3-орын үшін словакиялық «Спартак Миява» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
✅
Бұл жеңіс «БИІК» үшін УЕФА-ның жаңа турнирі – Еуропа кубогының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.
Енді шымкенттіктер УЕФА Еуропа кубогының бірінші іріктеу кезеңінде ойнайды. Алғашқы ойын 10-11 қыркүйекте өтсе, қарымта матчы 17-18 қыркүйекке жоспарланған. Қарсыласы 31 тамыз күні жеребе тарту рәсімінде анықталады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды
Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.
Ақорда
Жүкті әйелдер мен сәбилерге жаңа көмек
6 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа қызмет енгізіледі – патронажды мейіргерлер жүкті әйелдер мен сәбилерді үйіне барып қарайды.
👩⚕️
Қызмет тәртібі:
• Жүкті әйелдерге – 2 рет үйге барады;
• Ерте жастағы балаларға – 10 рет бару жоспарланған.
⚕️Егер ана мен бала денсаулығына немесе дамуына қатысты қауіп анықталса, мейіргер дереу дәрігерге хабарлайды.
📌
Патронажды мейіргердің негізгі міндеттері:
• Жүкті әйелдер мен ата-аналарды босануға, бала күтіміне дайындау;
• Баланың ерте дамуына жағдай жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру;
• Тамақтану, күтім, үйдегі қауіпсіздік пен гигиена бойынша кеңес беру;
• Тек қана емшек сүтімен тамақтандыруды насихаттау;
• Ана мен балаға қауіп төндіретін белгілерді түсіндіріп, алдын алу. (Daletten))
⚜️
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Конституция күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!
Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады.
Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты.
Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік.
Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі – саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы.
Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді. Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын берді.
Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.
Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
🇰🇿
Конституция күні құтты болсын!
🇰🇿
С Днем Конституции!
Сурет: Ақорда