Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Erteńmedia

ertenmedia
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна. ✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым. ™ @kurilkabai_bot
Subscribers
11 700
24 hours
37
30 days
-40
Unusual 24 hours drop
Post views
2 210
ER
18,89%
Posts (30d)
24
Characters in post
1 805
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Politics
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Media & Communication
Summary
February 15, 07:14
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
«Алтын Орда» ақиқаты: Нұрбол Назарбаевтың ісіндегі жасырын папкі ашылды...
«Алтын Орда» базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, одан 15 миллиард теңге талап етті деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Tengrinews
мәліметінше
Құсайынов атышулы Болат Назарбаевтың ұлын «негізсіз байыды» деп айыптап, одан қомақты өтемақы өндіруді көздеп отыр.
Сот процесі аяқталғанша Нұрболға тиесілі жалпы сомасы 15 миллиард 171 миллион теңге көлеміндегі барлық жылжитын- жылжымайтын мүлік пен банктегі есеп-шотына құлып салынған.
«Құсайынов Болат Назарбаевтың баласынан дәл осынша өтемақы талап етуде. Сот талапкердің арызын ескеріп, жауапкердің мүлкі мен ақшасына дереу бұғат қою қажет деп шешті. Кешіксек сот шешімін орындаудан жалтаруы мүмкін», – делінген сот ұйғарымында.
Айдарбек Құсайыновтың есімі Назарбаев әулетіне қатысты атышулы істе жиі аталады. Осыдан 10 жыл бұрын Алматының ең ірі сауда орны «Алтын Орда» базарына иелік ететін «Kurylys LTD» компаниясының 39 пайыз акциясы Құсайыновқа тиесілі еді. Алайда…
2013 жылы жағдай күрт өзгеріп, Серік Апсапаров есімді азамат базарды күшпен тартып алып, акцияларды Болат Назарбаевтың атына жаздыруға мәжбүрлеген. Әулетке қарсы келуден қорыққан Құсайынов өз үлесін құнынан әлдеқайда арзанға 1,3 миллион долларға сатып жіберген.
Кәсіпкердің қорғаушылары: «Оның үлесі 30 есе қымбат болатын. Осылайша, 2013 жылдың жазында «Алтын Орда» базары Болаттың иелігіне өтті» деп мәлімдеген.
Апсапаров не дейді?
2023 жылы Апсапаров сотта өз кінәсін мойындап, үш жылға шартты жаза алғанымен, Құсайынов тартқан залал өтелмеген күйі қалған. Осыған дейін ол Болат Назарбаевқа қарсы бірнеше рет сотқа арызданған. Өзіне тиесілі үлестен айырылып, соңғы 10 жылда жалпы сомасы 50 млрд теңгеге жуық табыстан қағылғанын дәлелдеуге тырысқан.
Кәсіпкердің ендігі нысанасы Нұрбол Назарбаев. Болат Назарбаев өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкені Нұрболдың атына табыстаған. Құсайынов енді Назарбаевтың ұлынан өтемақы өндіруді көздеп отыр.
Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде
бәйбішенің
ұлдары Нұрбол мен Ерболдың қолы ұзын.
Бұған дейін депутат Зайытов дәл осы мәселені көтерген. «Алтын Орда? Тәркіленген активтің ішінде осы базарға қатысты еш ақпарат жоқ. Сондықтан қоғамның тарапынан сұрақ туындауы заңды. Бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін
түгендеп
, толық тексеру жүргізуді сұраймын», – деген еді Зайытов.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 15, 06:10
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Балидағы түн: ресейлік блогермен жанжалдасқан қазақ моделі мәлімдеме жасады...
Қазақ моделі Гүлсезім Алтайбекова Бали аралынан елге оралды. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
«Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында.
Алтайбекова жанашырлық танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтқан.
Бұған дейін Индонезия соты қазақ моделін ресейлік блогер Карина Фадееваның соққыға жыққаны үшін төрт аптаға қамауға алып, өтемақы төлеуге міндеттеді деген ақпарат тараған-ды. Артынша іске
ресей пропагандасы араласып
, Фадееваның бас сүйегі мен ернінің жырылғанын, қатты қан кеткенін және есту қабілетінің нашарлағанын жазған.
Балидегі клубтардың бірінде болған жанжал кезінде тараптар бір-біріне қарама-қайшы
мәлімдеме
жасаған. Клуб басшылығы өз кезегінде төбелесті ресейлік блогердің құрбылары бастады деп мәлімдеген еді.
Кейіннен бірқатар БАҚ оқиғаның саяси астары бар деген мәлімет таратқан.
Қазақ қызы украинаның әнін тыңдағаны үшін ресейлік блогерден ескерту естіген. Алтайбекова оған «Слава Украине!» деп жауап беріп, соңы төбелеске ұласыпты.
Жерлесінің Бали аралында екі айға қамауға алынғанын естіген қазақтілді қауым оған жәрдем беруге ұмтылған еді. Қазір модель Қазақстанға оралып, жағдайдың толық шешілгенін жария етті. Гүлсезім көпшілікке арнаған жазбасын қазақша және украин тілінде жолдаған екен.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 14, 07:24
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Назарбаевтың "алтын жұмыртқасы": әулеттің Ресейдегі банк империясы тоқтаусыз өсіп жатыр...
Ресейдегі экс-елбасы Назарбаевтың иелігіндегі «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) былтыр күреп табыс тауып, аста-төк пайдаға кенелген деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Соңғы 5 жылда банктің таза табысы ғарыштық жылдамдықпен өсіпті. «Теңізге бастар жол» телеграм арнасының
мәліметінше
, 2021 жылы небәрі 1,5 млрд рубль пайда тапқан банк, былтыр 16 млрд рубль (102 млрд теңге) кіріс көрген. Әлгіндей көрсеткішпен АТБ еліміздегі ірі банктердің ондығына салып ұрып кірер еді.
Ресей Орталық банкінің есебінше былтыр ресейлік банк секторының табысы шамамен 8%-ға төмендесе, Назарбаев бақылайтын АТБ-ның таза кірісі бірден 50%-ға шарықтаған.
Соңғы 5 жылда банктің активтері де 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге дейін өскен.
Қазір ме, қазір АТБ көршіміздегі 30 іргелі банктің сапында тұр.
3,4 млрд доллар қолма-қол ақша…
«Назарбаев қоры бақылайтын Pioneer Capital Invest активтерінің жалпы сомасы 7,8 млрд доллардан асып жығылады. Қорға Jusan қаржы тобы, жылжымайтын мүлік, жеке ұшақ, бірнеше қазақстандық медиа, АҚШ-тың қазына векселдері, Қырғызстан мен Қазақстанның мемоблигациялары, сондай-ақ
3,4 млрд доллар көлемінде
қолма-қол ақша кірген», — деп жазады осы тұста телеграм арна.
Осыдан төрт жыл бұрын Jusan тобының активтерін елге қайтару бойынша ұзаққа созылған күрес жүрген. Әулет бір жыл бойы арпалысып, ақыр соңы Жаңа Қазақстанмен мәмілеге келген-ді. Нәтижесі? Нәтижесінде Назарбаевтар бірнеше миллиард долларға бағаланған активтері үшін бар-жоғы 127 миллион доллар «өтемақы» алған.
Айтпақшы бір уақытта АТБ Батыс санкциясына ілігуге шақ қалған. Тізімге кіруі тиіс 15 ресейлік банктің ішінде осы қаржы ұйымы да болған еді. Алайда ақыр соңы Батыс идеологтары Назарбаевтың АТБ-сы мен Құлыбаевтың «Халық банкіне» қарасты «Москоммерцбанкті» тізімнен сызып тастаған.
Нұрекеңнің Путинмен
жиі жүздесуі
банктің Ресейдегі тұрақты жағдайын қамтамасыз етудің стратегиясы деген болжам бар.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 13, 13:59
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Қазақ тіліне қатысты ащы мысал: Депутат Нұртаза даулы пікіріне түсініктеме берді
...
Депутат Самат Нұртаза қазақ тіліне қатысты "кедейлердің, сіңірлердің, официанттар мен тәшкі итерушілердің тілі" деген сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Әлемжеліде қызу талқыға түскен мәлімдемесін депутат «эмоциямен айтылған ащы пікір еді» деп ақталуда. Айтуынша, әлгі 2019-2020 жылдары тілге қатысты пікірталас кезінде жазылған.
Сол тұста депутат емес, жай ғана белсенді блогер болғанын алға тартқан Нұртаза, мұндай мысалды тұқырту емес, керісінше тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жазғанын жеткізді.
«Шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді. Зиянды, теріс ниетім болған жоқ. Өз басымнан өткен нақты жағдай негізінде жазылған пікір болатын. Осы сөзіммен біреудің ар-намысына тиіп кетсем, ресми түрде кешірім сұраймын. Мақсат ортақ, ол ма, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», – деді депутат.
Айта кетелік, осының алдында Ата заңның тың нұсқасындағы
тіл туралы
бап қазақтілді қауымның тарапынан қызу талқыға түскен еді.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 13, 12:31
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Шығыстағы шым-шытырық: Шнайдер көпірі және Жақсылық Омардың "ұсталуы
"
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды
Ertenmedia.kz.
Ақпарат алғаш рет «Письма президенту» Telegram-арнасында
жарияланды
. Әкім орынбасарынан басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы мәлімет бар.
Осыған орай, Ertenmedia сауалына жауап берген ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі аталған лауазымды тұлға туралы қандай да бір мәлімет жоқ екенін, интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмағанын мәлімдеді. Бірақ, бір нюанс бар...
Әкімдіктің редакцияға берген ресми түсініктемесіне сәйкес, Жақсылық Омар қазіргі уақытта денсаулығына байланысты
уақытша еңбек демалысына
шыққан.
Бұған дейін Сақтағанов тарапынан
Шнайдер көпіріне
қатысты сын айтылып, облыс әкімі жемқорлықтың алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарымен бірнеше мәрте кеңес өткізген еді.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 13, 10:35
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
«Ұнтақпен» ұсталудың астары: Мәскеуден бөлінуді қалаған иеромонахтың соңғы уағызы...
Алматыда Кремль агрессиясына ашық қарсылық білдіріп, Қазақстанда орыс шіркеуінен бөлінуді жақтаған дін қызметкері ұсталды деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Қалалық полиция департаменті күдіктіге қатысты есірткі
притонын
ұйымдастырды деген айып тағып, қылмыстық іс қозғады.
Тергеу мәліметінше, 1986 жылы туған азаматтың баспанасынан «ұнтақ тәріздес заттар» табылған. Сараптама күдіктінің есірткі қолданғанын растапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Әзірде ғана әлемжеліде бұрынғы священник Иаков Воронцовтың
ұсталғаны
туралы ақпарат тараған-ды. Иаков Қазақстанның Мәскеу православ шіркеуінен бөлініп шығуын талап еткен мәлімдемесімен танымал.
Иаков туралы не белгілі?
Кремль басқыншылығын айыптаған Иаков
Қазақстандағы православ шіркеуін Мәскеумен байланысты үзіп
, автокефалияға ұмтылуға үндеуген. Оның бастамасымен ұйымдастырылған «соғысты тоқтату» петициясына орыс православ шіркеуінің 300-ге жуық қызметкері қол қойған еді.
«Соғысты қолдайтын бас шіркеуді денацифицикация және демилитаризациялау қажет. Еуразиялық одақ? Бұл ұйымнан да үзілді-кесілді бас тартатын уақыт келді», — деген еді ол.
Бұдан бөлек иеромонахтың құдайға табыну мінәжатын
мемтілде өткізгені
қазақтілді қауымға ұнап қалған болатын.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 13, 05:38
Media unavailable
4
Show in Telegram

⚡️
Бөгде әлемде жүр: желідегі жұрт Нұрәлі Әлиевтен қорқа бастады...
Қазақстандағы активтерін сатып Дубай асқан Назарбаевтың немересі соңғы кезде тылсым әлеммен тілдесіп жүр деп жазады
Ertenmedia.kz
.
Күнделікті қарбаласпен жүрген қарапайым адамға оғаш көрінетін әңгімелер Әлиевтің аузынан ағыл-тегіл ақтарылуда.
Шифт, матрица, адамзатты басқаратын программа секілді түсініксіз терминдермен сөйлейтін Әлиевке желідегі қауым әртүрлі баға беруде.
"Бұлай кете берсе, дүние-дәулетінен бас тартып, елге таратып беруі де ғажап емес", - дейді желідегі бір топ.
Енді біреулер "шотымда миллиондар жатса, мен де өмірден мән іздеп кетер едім" деген сыңайдағы пікір қалдырыпты. Әлиевті
жындар әлемімен
тілдесіп жүр дегендер де табылған.
Соңғы кездері Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева және басқа да әулет өкілдері Еуропадағы кештерде, Канн фестиваліндегі гала-концерттерде жиі
төбе көрсетіп
жүр.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 12, 16:37
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Қағаз кеміріп отырмыз: Аймағамбетов мектеп психологының үндеуіне жауап қатты...
Мектеп психологы Гүлсезім Жасқайратова әлемжеліде сала мамандарының қазіргі жағдайын ашып айтып, жанайқайын жазды. Пікірінше, бүгінде психологтардың жұмысы баламен тікелей қарым-қатынас жасаудан алыстап, тек тест жүргізіп, қағаз толтырумен шектеліп қалған деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
«Мен мектеп психологымын. Бірақ соңғы кезде өзімді психологтан гөрі тест жүргізетін оператор сезінемін. Біз мамандықты балалардың жан дүниесін түсініп, қасында болу үшін таңдадық.
Үнсіз ғана жылап отырған
балаға демеу болу үшін келдік. Бірақ қазір біздің күніміз қалай өтеді? Таңертең тоғызда жұмысқа келіп, кешке дейін компьютер алдында отырамыз. Тест, тексеру, есеп, талдау, тағы бір есеп, тағы бір кесте, тағы бір мерзім», – дейді психолог өз жазбасында.
Автор балалардың тесттен әбден шаршағанын атап өткен. Маманның мәлім еткеніндей ұстаздар жоспардан бас көтере алмай жүреді. Сол жоспардың өзі аздай, одан тыс тағы да талаптар жүктеледі.
«Осы күнге дейін өткізу керек», «пәлен сынып толық тапсыруы керек», «нәтижесін жіберіңіз» деген талаптар таусылмайды.
Ал сол аралықта бір бала іштей қиналып жүруі мүмкін. Бірақ біз соны көріп үлгермейміз. Себебі «отчет» бітпеген. Оқушылар тесттен шаршаған, сұрақтарды оқымай-ақ белгілей салады.
Психологты көрсе, «тағы тест пе?» деп қашады. Біз балаларға қолдау көрсетіп, сенім орнатуға келген адамдар едік, ал бізден қазір балалар қашатын болды», – дейді Гүлсезім Жасқайратова.
Аймағамбетов не дейді?
Маман көтерген мәселеге экс Оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жауап қатқан екен. Ол мектеп психологтарының жағдайын түсініп, осы мәселені шешу үшін арнайы заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді.
«Дәл осындай мәселелер үшін біз арнайы заң жобасын дайындадық. Ұстаздар мен мектеп психологтары тест өткізуші, есеп беруші емес, бала жанын түсінетін, оған қолдау көрсететін маман болуы керек. Бұл бастама нақты жеңілдік әкеледі деп сенемін», – дейді мәжілісмен.
Депутаттың бастамасы желі қолданушылары арасында қызу қолдау тауып жатыр. Құлсарыда балта көтерген бала туралы
осы арадан
оқыңыз.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 12, 14:14
Media unavailable
2
Show in Telegram

⚡️
«Дайын емессіз бе?». Жаңбыршин қытай инвесторына емтихан өткізді...
Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» мұнай компаниясының бас директоры Лү Цзиншенді әбден састырды деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Мәжіліс
отырысында
қытайларға қарасты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Мәтен Петролеум» және «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының сатып алуындағы қазақстандық үлесті арттыру мәселесі қаралды.
Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» басшысы Лү Цзиншеннен отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімі бар ма, жоқ па сұраған еді. Компания басшысының орнына жауап бермек болған орынбасарын депутат бірден тыйып тастады.
«Жоқ, тоқта. Өзі жауап қатсын. Білдей бас директор болып отыр, жалақы алады. Күреп табыс табады. Лү мырза, отандық тауар өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімдеріңіз бар ма, жоқ па?» – деп нақты сұрақ қойды мәжілісмен.
Компания директоры «бар» деп қысқа қайырғанмен, Жаңбыршин бұған иланған жоқ. Депутат нақты қанша компаниямен келісім бар екенін сұрағанда, Лү Цзиншеннің қапталындағы көмекшісі оның құлағына сыбырлай бастады.
Әлгіден кейін Жаңбыршин де оталып сала берді…
«Сіз дайын емессіз бе? Дәл осы сұрақты күні бұрын жолдаған едік қой», – деді депутат. Лү мырза тіпті састы.
«Есте сақтау қабілетім нашар еді», – деп ақталған болды қытай инвесторы. Компания басшысы көмекшісінің сөздерін қайталай бастаған кезде, Жаңбыршин тіпті үдей түсті.
«Кешіріңіз, бірақ сіз мектептегі үлгерімі төмен оқушыдан аумайсыз. Бас директор ретінде қандай компаниямен келісім жасалғанын, қандай тауарға, қанша сомаға және қандай мерзімге екенін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны 6 компания екен сіздерде. Ал сіз
екімен оқитын
мектеп оқушысы сияқты міңгірлеп отырсыз», – деп ашуланды депутат.
Жу да сөз естіді
Сыннан «Бозашы Оперейтинг ЛТД» филиалының бас директоры Жу Айцзүн де тыс қалмады.
«Қазақстандық компаниялардың атын жамылып, тауар мен жабдықты сырттан тасып, осында жасалғандай етіп көрсететін жағдай жиі кездеседі. Негізінде бұлар Қытай немесе Ресей өндірісі. Сіздер жеткізушілерге барып, олардың шынымен өндіріс жасап жатқанын немесе тек сырттан әкеліп, құрастырып, маркасын ауыстырып сататынын бақылауыңыз керек. Бірақ сіздер бұған назар аудармайсыздар», – деп ескерту жасады депутат.
Жиын соңында мәжілісмен компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia

February 11, 16:43
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

⚡️
Назарбаевты дірілдеткен дәлел: Болат Әбілов жауапсыз сұрақтың бетін ашты...
Қазақстанда қасіретті оқиғалардың көпшілігі қара күз бен қыста, әсіресе қараша мен желтоқсанда жиі орын алады деп хабарлайды
Ertenmedia.kz
.
Белгілі саясаткер Болат Әбілов осылай деп атап өтті.
Айтуынша
, 2005 жылдың қарашасында танымал мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов өз үйінде қастандықпен өлтірілген. Алайда қылмыстың орындаушысы да, тапсырыс беруші де әлі анықталмаған. Желтоқсан айы да халық есінде қанды оқиғамен қалған. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы Жаңаөзен трагедиясы осының айғағы.
Қаңтар мен ақпан да ел тарихындағы ауыр кезең: 2022 жылғы «Қаңтар» оқиғасы жұрт жадынан өшкен жоқ. Ал 2006 жылдың ақпанында танымал саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев кісі қолынан қаза тапты.
Болат Әбілов Сәрсенбаевтың өмірден өткеніне 20 жыл толса да, қайғының табы әлі де басылмағанын айтады. «Сол оқиға кеше ғана болғандай, әлі күнге дейін есімізден кетпейді. Әлі күнге дейін «не үшін» деген жалғыз ғана сұрақ мазалайды да тұрады» – дейді саясаткер.
Оның айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын құрушы тұлғалардың бірі болған. 90-жылдардың ортасы мен соңында министр қызметін атқарған ол, елдің авторитарлы бағытқа түскенін ерте байқап, мұның жақсылыққа апармайтынын түсінген.
«Билік тұтас бір әулеттің қолына өтті. БАҚ атаулы түгел сол отбасының бақылауында қалды. Президенттің
күйеу баласы
күштік құрылым мен ақпарат құралдарын уысына жинап, өз билігін күшейте түсті», - деп еске алады Болат Әбілов.
Назарбаевтың кабинетіндегі оқиға...
Сол кезде Алтынбек Сәрсенбаев Рахат Әлиевтің қайын атасы, экс-президент Назарбаевқа қарсы астыртын әрекет етіп жүргені туралы ақпарат жинаған.
«Алтынбек әлгі дәлелді алып, Марат Тәжинмен бірге президент Назарбаевқа барып, жағдайды баяндаған кезде
Нұрекеңнің үрейден денесі дірілдеп
, орнынан құлап қала жаздаған. Алтынбек пен Тәжин оны орындығына қайта отырғызып, ендігі әрекеттерді талқылаған. Алтынбек Рахатты дереу қамауға алып, оның айналасындағы адамдарды биліктен аластатуды ұсынған», – дейді Әбілов.
Пікірінше, Алтынбектің өліміне дәл осы оқиға себеп болуы әбден мүмкін. Себебі саясаткер президенттің бойындағы қорқыныш пен әлсіздікті өз көзімен көрген. Бірақ басқа себептің де болуы мүмкін екенін айтады.
«Ол ешқашан радикал болмаған, зорлық-зомбылыққа немесе революциялық жолға шақырған емес. Сондықтан «оны не үшін өлтірді?» деген сұрақ әлі күнге жауапсыз қалып отыр. Арада 20 жыл өтті, бірақ тапсырыс беруші әлі анықталған жоқ», – дейді Әбілов.
Саясаткердің айтуынша, бұл ел тарихындағы ең ауыр саяси қылмыс. «Кімге тиімді болғаны, кімнің саяси қарсыласынан құтылғаны бәрімізге белгілі. Бірақ осы туралы ашық айтылмай келеді. Алтынбектің өлімі ұлт үшін орны толмас қасірет, ауыр қайғы. Қазақстан Алтынбек сияқты тұлғаға қатты зәру», – деп түйіндеді Болат Әбілов.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз
👇
✈️
https://t.me/ertenmedia