Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Esentai INFO

esentaiinfo
Доступный формат актуальных новостей Казахстана. Связь: @bot_admin_feedback
Subscribers
14 400
24 hours
30 days
-39
Unusual 24 hours drop
Post views
1 476
ER
10,25%
Posts (30d)
Characters in post
1 303
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Politics
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
July 21, 05:06
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

✉️
Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿
🇧🇪
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.
Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
t.me/aqorda_resmi

July 21, 05:06
Media unavailable
1
Show in Telegram

✉️
Глава государства направил телеграмму поздравления Королю Бельгии
🇰🇿
🇧🇪
Касым-Жомарт Токаев поздравил Короля Филиппа с Национальным днем Бельгии.
В своей телеграмме Президент отметил, что этот знаменательный день символизирует единство бельгийского народа, отражает богатую историю страны и ее неизменную приверженность суверенитету и демократическим ценностям.
Глава государства пожелал Королю Филиппу успехов в его деятельности, а народу Бельгии – процветания и благополучия.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 10:28

Корпоративтік табыс салығы (КТС) 20 пайыз деңгейінде сақталады. Алайда сараланған салықтық мөлшерлеме енгізіледі
Атап айтқанда, банктер (бизнес субъектілерін кредиттеуді қоспағанда) мен ойын бизнесі үшін – 25 пайыз. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 пайыз мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10 пайызға дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады.
Қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. «Бәйтерек» холдингі шығарған
құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады.
Пайдалы қазбаларды өңдеу мен геологиялық барлау саласы үшін қосымша преференциялар қарастырылған. Атап айтқанда, тиімділігі төмен жаңа учаскелер 5 жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылады.
Жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті мөлшерлемесі енгізіледі.
Жылдық жалпы табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен асатын азаматтарға 15 пайыз салық мөлшерлемесі қолданылады. Сол сияқты дивиденттері мен табыс көлемі жылына 230 мың АЕК-тен асатын кәсіпкерлер осындай мөлшерде салық төлейді. Ал фермерлердің осы межеден асатын табысына бұрыннан сақталған 70 пайыз жеңілдікті есепке ала отырып, 4,5 пайыз салық салынады.
Жеке тұлғалар үшін қымбат өнімдерге, атап айтқанда құны 75 миллион теңгеден асатын автокөліктерге, құны 100 миллион теңгеден асатын кемелерге, әр литрінің құны 500 мың теңгеден асатын алкогольге, әр данасының құны 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне 10 пайыз акциз түрінде салық салынады. Сонымен қатар жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығы жоғарылайды.
Салықтық әкімшілендіру тәсілдері айтарлықтай өзгереді. Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салықтық берешекті өндіріп алу, төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігін беру процедуралары жеңілдетіледі. Салық берешегі аз болса, бизнестің есепшоттары бұғатталмайды. Қарыз сомасына қарай ескерту және басқа да шаралар кезең-кезеңімен қолданылады.
Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 10:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

✍️
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
Салық кодексі
салықтық әкімшілендіруді
жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлық негізгі бағытты қамтиды.
Қосылған құн салығының (ҚҚС)
жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге
төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі
белгіленді:
2026 жылдан –
5 пайыз, 2027 жылдан –
10 пайыз.
Бұл ретте Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы қызметтер, Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, сондай-ақ баспа түріндегі кітап шығару, археологиялық жұмыс жүргізу қызметтері
ҚҚС-тан босатылады.
Мерзімді баспа басылымдарды өткізу бойынша
10 пайыз деңгейінде төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі
белгіленеді. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке (40 миллион теңге) дейін төмендетіледі.
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан (БЗЖҚ) төленетін зейнетақы төлемдері
жеке табыс салығынан (ЖТС)
босатылады. Пайдаланылу мерзімі 10 жылдан жоғары
автомобильдер үшін көлік құралы салығы
төмендетілді. Мүгедектігі бар адамдарға
әлеуметтік салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Салықтардың саны азайды:
бірыңғай жер салығы қысқартылды, жеке төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кемітілді.
Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды.
Енді олар үш жағдайда қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
төлемдерді мобильдік қосымша арқылы есептеп, төлей алады.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 10:28

Корпоративный подоходный налог сохраняется на уровне 20%, однако вводятся дифференцированные ставки
25% – для банков (за исключением кредитования субъектов бизнеса) и игорного бизнеса, 5% – для организаций социальной сферы в 2026 году с повышением до 10% в 2027 году. Для сельхозпроизводителей ставка остается льготной – 3%.
Для стимулирования фондового рынка сохраняются налоговые льготы по дивидендам, выплачиваемым по биржевым ценным бумагам. До 2031 года от КПН
освобождаются
доходы от ценных бумаг, выпущенных холдингом «Байтерек». Дополнительно предусмотрены преференции для переработки полезных ископаемых и геологоразведки, включая нулевую ставку налога на добычу полезных ископаемых (НДПИ) на 5 лет для новых малорентабельных участков.
Вводятся
прогрессивные ставки ИПН.
Повышенная ставка 15% будет применяться к совокупным доходам граждан, превышающим 8 500 МРП в год. Аналогичная ставка вводится для дивидендов и доходов предпринимателей, превышающих размер 230 000 МРП в год. Для фермеров с учетом сохранения льготы – 70% налог на доходы свыше данного предела составит 4,5%.
Введено
повышенное налогообложение для физических лиц
акцизом 10% на дорогостоящую продукцию: автомобили стоимостью свыше 75 млн тенге, суда – свыше 100 млн тенге, алкоголь – свыше 0,5 млн тенге/ литр, сигары – свыше 10 тысяч тенге/ штука. Также повышается налог на имущество, если совокупная стоимость объектов недвижимости превышает 450 млн тенге.
Существенно меняются подходы в налоговом администрировании. Камеральный контроль будет носить предупредительный характер.
Упрощаются процедуры взыскания налоговой задолженности,
предоставления отсрочки и рассрочки. При незначительных суммах задолженности не будут блокироваться счета бизнеса. Уведомления и меры будут применяться поэтапно в зависимости от суммы долга.
Кодекс
вводится в действие с 1 января 2026 года.
Текст Кодекса публикуется в печати.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 10:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

✍️
Главой государства подписан новый Налоговый кодекс и сопутствующий ему Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения»
Налоговый кодекс предусматривает масштабное
упрощение налогового администрирования:
на 30% сокращается объем налоговой отчетности, на 20% уменьшается количество налогов, оптимизируются льготы и сборы. Существенные изменения коснулись всех ключевых направлений – от корпоративного и индивидуального подоходного налогов до стимулирования инвестиций и перераспределения налоговой нагрузки.
Установлена новая базовая
ставка налога на добавленную стоимость (далее – НДС) –16%
. Для медикаментов и медицинских услуг установлена
пониженная ставка НДС – 5%
с 2026 года и
10%
с 2027 года.
Освобождаются от уплаты НДС
услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и обязательного социального медицинского страхования (ОСМС), лечения орфанных и социально значимых заболеваний по перечню, определяемому Правительством, услуги по изданию книг в печатном виде, археологические работы.
Для реализации периодических печатных изданий установлена
пониженная ставка НДС – 10%. Снижен порог
обязательной регистрации по НДС
до 10 тысяч МРП
(40 млн тенге).
От индивидуального подоходного налога (далее – ИПН) освобождаются
пенсионные выплаты из ЕНПФ.
Транспортный налог снижен
для автомобилей старше 10 лет.
Увеличен социальный налоговый вычет
для лиц с инвалидностью –
с 882 до 5 000 МРП.
Сокращено количество налогов:
упраздняется единый земельный налог, по отдельным платам сокращено число ставок и сборов.
Оптимизированы специальные налоговые режимы
– теперь их всего три: для самозанятых, на основе упрощенной декларации и для фермерских хозяйств.
Самозанятые
смогут рассчитывать и уплачивать платежи через мобильное приложение.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 07:02
Media unavailable
1
Show in Telegram

✉️
Глава государства направил телеграмму соболезнования родным и близким поэта, заслуженного деятеля Казахстана Исраила Сапарбая
Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с кончиной видного поэта, композитора, Народного писателя Казахстана, кавалера ордена «Парасат» Исраила Сапарбая.
– Исраил Сапарбай был талантливым писателем, посвятившим всю свою жизнь искусству слова и внесшим большой вклад в развитие отечественной литературы. Будучи поистине творческой личностью, он оставил свой неизгладимый след в национальной поэзии и драматургии. Его яркие произведения и личные качества нашли отклик в сердцах многих читателей. Светлый образ Исраила Сапарбая, оставившего после себя богатое литературное и культурное наследие, навсегда сохранится в памяти нашего народа, – говорится в телеграмме.
t.me/aqorda_resmi

July 18, 07:02
Media unavailable
1
Show in Telegram

✉️
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
t.me/aqorda_resmi

July 17, 11:00

✍️
Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития столицы и городов республиканского значения, национальных проектов, предпринимательства и оптимизации функций государственных органов»
Первый блок
поправок направлен на развитие столицы и городов республиканского значения.
Второй блок
поправок предусматривает регулирование отдельных вопросов земельного законодательства.
Третий блок
поправок – на внедрение института регистрации иностранцев.
Четвертый блок
поправок – на регулирование таможенных вопросов.
Пятый блок
поправок направлен на децентрализацию полномочий между уровнями государственного управления, а также исключение излишней законодательной регламентации норм.
Шестой блок
поправок связан с реализацией национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов, направленного на решение первоочередных инфраструктурных проблем для обеспечения бесперебойной работы жизненно важных секторов – тепла, энергии и воды.
Седьмой блок
поправок – на совершенствование процесса государственного аудита.
Восьмой блок
поправок направлен на совершенствование законодательства об оценочной деятельности.
Текст Закона публикуется в печати.
t.me/aqorda_resmi

July 17, 11:00
Media unavailable
1
Show in Telegram

✍️
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Түзетулердің
бірінші блогы
елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.
Түзетулердің
екінші блогы
жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.
Түзетулердің
үшінші блогы
шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.
Түзетулердің
төртінші блогы
кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.
Түзетулердің
бесінші блогы
өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.
Түзетулердің
алтыншы блогы
жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.
Түзетулердің
жетінші блогы
мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.
Түзетулердің
сегізінші блогы
бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
t.me/aqorda_resmi