Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

FC Aktobe

fc_aktobe
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты 🛡
Subscribers
3 200
24 hours
6
30 days
-6
Unusual 24 hours drop
Post views
1 191
ER
37,22%
Posts (30d)
23
Characters in post
251
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Sports
Audience gender
Male
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Business & Management
Summary
February 17, 06:41
Media unavailable
1
Show in Telegram

Рақмет, Айбар!
Жартылай қорғаушы Айбар Абдулла өзара мәміле аясында «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шарт үзісті.
24 жастағы ойыншы былтырғы маусым алдында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында сегіз матчқа қатысты.
Сондай-ақ маусым барысында түркістандық «Тұранға» жалға берілді.
Айбарға алғыс айта отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейміз.

February 16, 16:21
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кезекті бақылау матчы өз мәресіне жетті
Ақтөбе 1:4 Уфа
⚽️
Шушеначев

February 16, 08:38
Media unavailable
2
Show in Telegram

Бағдат пен Пибе бүгінгі ойынға қатыса алмайды
Өткен ойындарда сан жарақатын алған капитанымыз Бағдат Қайыров пен жартылай қорғаушымыз Агустин Пасторица “Уфаға” қарсы алаңға шықпайды.
Екі ойыншы да қазіргі таңда жарақаттан емделіп, қалыпқа келу үстінде.
Есесіне Түркістанда “Ақтөбе” жастар командасымен жиында жүрген Виталий Латурнус, Нұрдәулет Төреғали мен Кәрім Елеуов Түркиядағы ОЖЖ-ға келіп қосылды.

February 16, 07:53
Media unavailable
1
Show in Telegram

𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘
⚪️
🔴
🇰🇿
Ақтөбе – Уфа
🇷🇺
🏆
Бақылау матчы
📍
Анталия
🇹🇷
🗓️
16 ақпан

19:00 (Ақт)
❗️
Матч жабық түрде өтеді

February 15, 16:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

Ақтөбе – Уфа матчы жабық түрде өтеді
Қос клубтың келісімі бойынша Түркияда ертең өтетін бақылау матчы тікелей эфирде көрсетілмейді.
Кездесу Ақтөбе уақытымен кешкі сағ. 19:00-ге жоспарланған.

February 15, 11:10
Media unavailable
1
Show in Telegram

Көңіл айтамыз
Еркебұлан Сейдахметтің ағасы дүниеден озды.
«Ақтөбе» футбол клубы Еркошқа және оның жақын-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

February 14, 07:44
Media unavailable
1
Show in Telegram

🎂
Туған күніңмен, Талғат!
Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Талғат Кусяповтың туған күні.
Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!

February 14, 00:01
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қуан, Қазақ елі
🇰🇿
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынына алғашқы “алтын” медальды салды.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Олимпиада-2026 бәсекесінде отандасымыз тарихи жетістікке қол жеткізді.
«Ақтөбе» футбол клубы Мишаны және бүкіл қазақстандықтарды аталмыш даңқты жеңіспен шын жүректен құттықтайды.

February 13, 11:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

Лондондық “Арсенал” бапкері Грённемарк «Ақтөбе» футбол клубымен тәжірибе бөлісуге келді
🇩🇰
50 жастағы даниялық бапкер Томас Грённемарк «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.
Негізі бобслей спортының шебері болса да, футболда бағы жанған дат маманы ағылшындық “Ливерпуль” мен “Арсенал” клубтарына аут лақтырудан жәрдемдескен. Одан бөлек, өз отанындағы “Хорсенс”, “Виборг”, “Мидтьюлланн” және “Силькеборг” ұжымдарына еңбегі сіңген.
Жаттықтырушы “Ақтөбенің” бапкерлік штабына бір аптадай уақыт көмек береді. Грённемарк – допты алысқа лақтырудан Гиннесс кітабы рекордының иегері.

February 12, 16:02
Media unavailable
1
Show in Telegram

Соңғы минутта жеңісті жұлып алдық!
🔥
#АқтөбеНавбахор
– 1:0
⚽️
Байдәулетов