
Гео Әлем Тв | География
📱
iPhone-дар ғарышқа ұшады
NASA орбитада смартфондарды пайдалануға рұқсат берді. Заманауи құрылғылар ресми түрде Халықаралық ғарыш станциясы-на Crew-12 миссиясымен және Айға Artemis 2 миссиясымен жіберіледі.
Бұған дейін агенттік ескі техникаларды (мысалы, 2016 жылғы iPod Touch) қолданатын, себебі заманауи құрылғылар радиация әсерінен тез істен шығады деп есептелген. Polaris Dawn және Fram2 жеке миссиялары сәтті өткеннен кейін бұл ережелер қайта қаралды. Осы миссияларда заманауи смартфондар мен MacBook Pro еш қиындықсыз жұмыс істеген.
Заманауи құрылғылар астронавттарға жылдам әрі сапалы контент жасап, оны кең аудиториямен бөлісуге мүмкіндік береді.
Гранд Каньон, АҚШ
Миллиондаған жылдар бойы Колорадо өзені оюлап жасаған алып каньон. Оның ені 29 км-ге дейін жетеді, ал тереңдігі 1,8 км. Бұл көрініске қарап тоймайсың.
Қазақстанда наурыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу 15 ақпанда басталады.
Өтінішті 25 ақпанға дейін беруге болады. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Өтініш берген кезде талапкерлер тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады.
Наурыздағы ҰБТ-ға ақылы бөлімге түскісі келетін оқушылар, өткен жылдардың мектеп және колледж түлектері, азаматтығы жоқ этникалық қазақтар, шетелде оқыған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
2026 жылы ҰБТ форматы өзгермейді. Барлығы 120 сұрақ болады. Оның ішінде:
– Қазақстан тарихынан – 20 сұрақ
– Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ
– Математикалық сауаттылық – 10 сұрақ
– Екі бейіндік пәннен – әрқайсысы 40 сұрақтан
Ең жоғары балл – 140.
Ал 2027 жылдан бастап ҰБТ форматына өзгеріс енгізіледі.
N'Golo Kantéнің тіс дәрігері әрі жақын досы Gökhan Çağrıcı:
«Канте ысырапшылдықты ұнатпайды. Бір күні біз Франциядан Анталияға ұшып бара жатқанда, ұшақта бізге су берді. Бір аптадан кейін Парижге қайтып бара жатқанымызда, ол әуежайда сөмкесінен сол суды алып шықты. Мен: “Бұл бізге бір апта бұрын берілген су емес пе?” деп сұрадым. Ол: “Иә, мен оны тастамадым”, — деді. Менің таңғалғанымды көріп, ол тағы да: “Әрбір тамшысы қымбат”, — деп қосты.
Жер астынан шығатын қорқынышты иіс пен «жындардың мекені» туралы естігенсіз бе?
Йеменнің шығыс бөлігінде, шөлдің ортасында ені 30 метр, тереңдігі 112 метр болатын алып шұңқыр бар. Жергілікті халық оны Бархаут құдығы немесе
«Тозақ құдығы»
деп атайды.
Қарғыс атқан орын: Ғасырлар бойы адамдар бұл құдықты жындарды қамайтын орын деп сенген. Тіпті оның маңында бұл жер туралы айтудың өзі
«бақытсыздық әкеледі»
деп есептелген.
Құдықтың ішінен үнемі өте жағымсыз, сасық иіс шығып тұрады. Бұл аңыздардың күшеюіне себеп болған.
Ғалымдар не тапты?
2021 жылға дейін ешкім бұл құдықтың түбіне түсуге батылы бармаған еді. Омандық үңгір зерттеушілер
(спелеологтар)
ақыры түбіне түсіп, онда қорқынышты мақұлықтарды емес, таңғаларлық дүниелерді тапты.
Түбіндегі құпия:
Құдық түбінен өлген жануарлардың сүйектері, ондаған жыландар және ең таңғаларлығы — өте әдемі
«үңгір інжу-маржандары»
мен жасыл түсті сарқырамалар бар екені анықталды.
Дәл қазір Жердің солтүстігі (Канада) мен оңтүстігіндегі (Австралия) ауа температурасының айырмашылығы
Құрметті әріптестер!
Сабақта уақытты үнемдеп, оқушылардың білімін жылдам тексеруге арналған шағын тест жинағы ұсынылады.
🔹
Шағын пакет (100 ₸) –
күнделікті сабақта, қайталау және бекіту кезеңдерінде қолдануға өте ыңғайлы.
Бұл топтама бір тақырыпқа негізделген, жауаптарымен бірге берілген 15 тест тапсырмасынан тұрады.
Материал оқушылардың білімін жедел тексеруге және нәтижені нақты көруге мүмкіндік береді.
📌
Пакет мазмұны:
– 1 тақырып бойынша 15 тест сұрағы
– Барлық сұрақтардың жауаптары көрсетілген
– Басып шығаруға және бірден қолдануға дайын формат
💡
Қысқа бақылау жұмысы, жедел бағалау немесе үй тапсырмасы ретінде тиімді пайдалануға болады.
Егер бұл ұсыныс сізге пайдалы болса, толық ақпарат алу немесе тапсырыс беру үшін
👉
@Teacher_Ahmet
мекенжайына хабарласа аласыз.
Сапалы сабақ – шағын, бірақ тиімді материалдан басталады!
Антарктида материгіне тән топонимдер
#геодерек
Дүниежүзінде көптеген мамандықтар күн өткен сайын жойылуда, мысалы, пошташы, газет пен журнал сатушылар, т.б. Дүние жүзінде болашақтың интернет технологиясы, жасанды интеллект,
роботты техника мамандықтарына дайындау үшін мәселелерді кешенді шешу, сыни ойлау, жасампаздық, адамдарды басқара білу, адам
дармен өзара қарым-қатынас, көңіл күй интеллектісі, жеке ойыңды
қалыптастыру және шешім қабылдау, клиентке бейімделу (бағдарлану),
өмір бойы оқу тәрізді дағдылар қажет болады.
Жапонияның солтүстігінде шамадан тыс көп қар жаууы салдарынан 35 адам қаза тапты.
Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан туындайтын тәуекелдерге өте жақсы бейімделген инфрақұрылымы бар Жапония сияқты елде мұндай адам шығынының көп болуы — қазіргі қар аномалиясының бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда қауіпті екенін көрсетеді.
Иә, бұл жолы Жапонияның солтүстігіндегі инфрақұрылым нысандары қардың аса үлкен жүктемесіне төтеп бере алмағаны байқалады. Нәтижесінде 35 адамның қаза табуы, жүздеген адамның жарақат алуы тіркелді.