
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
✍️
«Қарыздар тек ақшадан ғана тұрмайды:
Қарыз – еңсең түскен сәтте айтылған
жылы сөз,
Қайғыға батқан кездегі
жұбаныш,
Әлсіреген сәттегі
демеу,
Адасқан кездегі
дұрыс бағыт,
Жұбату қажет болғандағы
құшақ,
Әлсіздік сәтінде
иықтан қағып қолдау.
Бұл – қайтарлмай-ақ қойса да болатын қарыздар, бірақ оны ұмытып кету –
үлкен ұят!»
©
Әдһәм Шәрқауи
https://t.me/mustafanyn_kokesi
♦️
9️⃣
7️⃣
-ХАДИС:
Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі ﷺ:
«Адамдардың көбі қадірін білмейтін
(немесе дұрыс пайдалана алмайтын)
екі нығмет бар, олар – денсаулық пен бос уақыт»,
– деп айтты», – деген.
(Бұхари: 6412; Ахмад: 3207)
📚
РИЯДУС-САЛИХИН
https://t.me/hadister_jinagy
♦️
9️⃣
6️⃣
-ХАДИС:
Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бәрінен үстем һәм ұлы болған Раббысынан мына сөзді жеткізген:
«Пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған жүріп келсе, Мен оған жылдам жүріп келемін»,
– деді», – деген.
(Бұхари: 7536; Ахмад: 12233).
Түсіндірме:
Хадистегі Алланың пендесіне бір шынтақ, бір құлаш жақындауы немесе «пендеме жүгіріп келем» дегенін тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір іс-қимылды білдіретін «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар және аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Алла ғана білетін мүтәшәбиһ сипаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған.
Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят...
, сондықтан Құран мен хадистерде келген мұндай мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.
📚
РИЯДУС-САЛИХИН
https://t.me/hadister_jinagy
Ассаламу алейкум, қадірлі жамағат!
Баламның денсаулығына байланысты Мысырдан елге шұғыл әрі біржола қайтуым керек болып тұр. Жол шығындары мен ұшақ билеттеріне қаражат қажет.
Осыған байланысты дәрістер топтамаларын
өзіңіз қалаған бағаға сатып алуға мүмкіндік ұсынамын.
📌
Төменде дәрістердің негізгі бағалары көрсетілген. Алайда қолдау білдіргісі келген әрбір жан өз мүмкіндігіне қарай, өзі қалаған соманы төлеп, қалаған дәрісін ала алады.
📚
Ілім алуға ниетті жандарға — пайдалы мүмкіндік, ал бізге — үлкен қолдау!
ДӘРІСТЕР ТОПТАМАЛАРЫ:
🔹
Фиқһ дәрістері
• «Исғафул Муридин»
• «Нур әл-Идах»
Негізгі бағасы: 10 000 тг
🔹
Ақида дәрістері
• «Тахауия»
• «Фиқһул Әкбар»
• «Уасия»
• «Ақида Нәсәфия» мәтіні
• «Фиқһул Әкбар» (Әбу Мунтәһә шархымен)
Негізгі бағасы: 10 000 тг
🔹
«Бахрул Кәләм» — 7 000 тг
🔹
«Әхуалуш-Шахсия» — 9 000 тг
🔹
«Мәбәди Усул» — 6 000 тг
🔹
«Хуласатул Әфкар» — 8 000 тг
🔹
«Лубаб» (Неке бөлімі) — 7 000 тг
🔹
«Қотру-н Нада» — 15 000 тг
🔹
«Шәмәил» — 5 000 тг
🔹
«Доул Мағали» және «Никсәри» шархтары — 8 000 тг
🔹
«Мәдарикут-Тәнзил» (30-пара және «Фатиха» сүресі) — 10 000 тг
🔹
«әт-Тибян» (Құран ілімі) — 8 000 тг
🔹
«Лубаб» (Ғибадат бөлімі) — 7 000 тг
🔹
«Қудури» (Зекет – Мұсақат) — 8 000 тг. Ғибадат бөлімі тегін.
🔹
«Тахауи ақидасы» Бәбәрти шархымен — 10 000 тг
🔹
«40 хадис» — 5 000 тг
🔹
«Мунаббихат» — 5 000 тг
🔹
«Жауахирул Кәләмия» — 5 000 тг
📚
«ҚУДУРИ» МӘТІНІ — ТОЛЫҚ КУРС
✅
Ғибадат — 43 дәріс · 8 000 тг
✅
Муғамалат — 67 дәріс · 10 000 тг
✅
Неке — 23 дәріс · 7 000 тг
✅
Жинаят — 31 дәріс · 7 000 тг
📖
Барлығы —
164 дәріс!
Әр бөлімді жеке сатып алуға болады.
🤲
Қалаған дәрісіңізді таңдап, шамаңызға қарай төлеп алыңыз. Әрбір қолдауыңыз біз үшін қымбат!
💳
Kaspi: +7 (708) 201-61-78
📩
Төлемнен кейін чекті және таңдаған дәрісіңіздің атауын осы нөмірге жіберіңіз.
🎙
Дәріс оқушысы:
Қуаныш Мәлік
Сұрақ:
Әйел адамның түсіп қалған шашы әурет болып санала ма?
Жауап:
Иә, түсіп қалған шашы да әурет болып саналады. Үйде, кілемде жатқан шаштарды жақсылап тазалап жүру керек. Яғни бөгде (махрам емес) адамдардың тіпті түсіп қалған шашты да көруіне болмайды.
©
Ұстаз Бегім Қанжігітұлы
https://t.me/oramal_bak
🔷
1️⃣
1️⃣
-БАП: ЫЖДАҒАТТЫЛЫҚ ЖАЙЫНДА
📌
«Біздің жолымызда аянбай күрескендерді міндетті түрде Өзіміздің жетістікке жеткізетін жолдарымызға бағыттаймыз. Шүбәсіз, Алла әрдайым ізгі жандармен бірге!»
(«Анкабут» сүресі, 69-аят)
.
📌
«Дәм-тұзың таусылып, ажалың жеткенше Раббыңа құлшылық ет!»
(«Хижр» сүресі, 99-аят)
.
📌
«Раббыңның есімін үнемі жадыңда ұстап, айтып жүр һәм Оған жан-тәніңмен бет бұр!» («Муззәммил» сүресі, 8-аят)
.
📌
«Кімде-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын көреді»
(«Зилзәл» сүресі, 7-аят).
📌
«...Өздерің үшін нендей сауап жолдайтын болсаңдар, оны Алланың дәргейінде одан да қайырлы әрі зор болған күйде табасыңдар...»
(«Муззәммил» сүресі, 20-аят).
📌
«...Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, шүбәсіз, Алла оны білуші»
(«Бақара» сүресі, 273-аят)
.
🔷
🔷
🔷
♦️
9️⃣
5️⃣
-ХАДИС:
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі ﷺ:
«Расында, Алла Тағала: «Кімде-кім Маған жақын болған пендеме дұшпандық жасаса, оған міндетті түрде соғыс жариялаймын. Пендем Маған өзіне парыз етілген құлшылықтардан асқан сүйікті нәрсемен жақындаған емес. Сонымен қатар, пендем Маған нәпіл құлшылықтар арқылы одан да жақындай түседі де, нәтижеде, Мен оны жақсы көретін боламын. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын
(яғни, оның құлағы тек ізгі дүниелерді ғана тыңдайтын болады, көзі тек жақсы нәрселерді ғана көретін болады, қолы Мені разы ететін істерді ғана істейтін болады, аяғы да тек Мен разы болатын жерлерде ғана жүретін болады).
Сөйтіп ол Менен
(бір нәрсе)
сұраса, оған сұрағанын сөзсіз беремін. Егер ол Менен пана тілесе, оған міндетті түрде пана боламын»,
– деп айтты», – деген
(Бұхари: 6502).
📚
РИЯДУС-САЛИХИН
https://t.me/hadister_jinagy
♦️
9️⃣
4️⃣
-ХАДИС:
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла Елшісі ﷺ Хайбар жорығы күні:
«Мен мына жалауды Алланы және Елшісін жақсы көретін, Алла оның қолымен жеңіске жеткізетін бір кісіге беремін»,
– дейді. Омар ибн ал-Хаттаб (р.а.):
«Басшылық лауазымына тек сол күні ғана қызықтым. Бұл іс үшін мені шақырса екен деген үмітпен Алла Елшісіне қарай ұмтылдым. Алайда Алла Елшісі Әли ибн Әбу Талибті (р.а.) шақырып, байрақты соған берді»,
– деген. Кейін Алла Елшісі Әлиге (р.а.):
«Алла саған жеңіс бергенге дейін оң-солыңа қарамай тек алға қарай жүр!»
– деп бұйырады. (Әли дереу бұйрыққа бағынып) жүріп кетеді. Сосын сәл жүргеннен кейін тоқтады да, кері бұрылмастан:
«Уа, Расулалла! Адамдармен не үшін соғысайын?»
– деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі оған:
«Олармен Алладан басқа тәңір жоқ әрі Мұхаммед Алланың Елшісі деп куәлік айтқанға дейін шайқас. Егер олар соны орындаса, сенен өз жандары мен малдарын қорғап қалады, ал шариғат бойынша кесілетін жазалар мен жүктелетін міндеттердің жөні басқа.
(Ал айтқан куәліктерінің шынайы болып, болмағандығына келсек, ол мәселеде)
олар Алланың алдында өздері есеп береді»,
– деп айтқан.
(Муслим: 6222).
Түсіндірме:
Тілін калимаға келтірген адамдардың барлығы мүмін-мұсылман ретінде қабылданады, ал ауыздарымен айтқан иман жүректерінде бар ма, жоқ па, деген мәселеге келсек, оны тергейтін құзырет адамдарға берілмеген. Өйткені жүректердегі сырды білуші бір Алла ғана. Сондықтан да хадисте бұл мәселе бойынша әркім өз есебін Аллаға береді деп айтылған.
📚
РИЯДУС-САЛИХИН
https://t.me/hadister_jinagy
📍
Сбор тоқтады. Жиналған сумма: 102 000 теңге.
Барша ат салысқан жамағатқа Аллаһ разы болсын! Осы берген садақаларыңыз қияметте таудай-таудай сауап болып өздеріңізді күтіп алсын!
Аллаһ дендеріңізге саулық, ғұмырларыңызға береке, отбастарыңызға амандық берсін!
💚
💚
💚