
hafizbol.kz
Жомарттық - ешнәрсе күтпей беру. Қайырымын күтіп беретін болса - ол сауда. Мен беремін, сенде беру керексің.
Сауда мақсатында жасаған жомарттықтың сауабын - осы дүниеде алуымыз мүмкін. Жомарттық мақсатында жасалған жомарттықтың қайтарымын ақыретте алудан үміт етеміз
Қызық тақырып талқылап жатырмыз. Топқа қосылыңыз
🫰🏻
Қанағат және ысырап
👇🏻
Шүкіршілік пен разылық - рызық пен қуанышты арттырғаны секілді, наразылық пен разы болмау - қиындықтар мен проблемаларды арттырады
Имам Ағзам Абу Ханифаның жалғыз ұлы Хаммад алғаш Құран үйреніп, "Фатиха" сүресін жаттағанда, оның ұстазына 500.000 дирхам жібереді.
Ұстазы: "мұншалықты көп ақша жіберетіндей қызмет көрсеткен жоқ едім ғой" - дегенде, Имам Ағзам: "Ұлыма үйреткен Құранды аз нәрсе деп ойлайсыз ба? Қазірше қолымда бары осы болды. Әйтпесе, Құран Кәрімнің құрметіне бұдан да көп берер едім" деген екен
Ең ұлы - Алла
Ең ұлы кітап - Құран
Адамдардың арасында ең жақсысы - Құранмен айналысқандар (үйрену, оқу, жаттау, түсіну, амал ету, үйрету)
"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны үйреткендерің" (Хадис)
Күндізгі уақытта көп сәжде,
Түнгі уақытта ұзақ қиямда тұру - қабыл болу ықтималдығы жоғары
(Әбу Зар әл-Ғифари)
Ақылдағы ақпарат жүрекке түспесе, ақылда шіриді. Ақылда шірудің белгісі - тәкаппарлыққа айналады.
Тәкаппарлықтың белгісі - барлық нәрсені сынай беруі, жамандауы, салғыласуы, өзінікін дұрыс екенін дәлелдеуі, мойындамауы