
صرم افندي ✍️
“Екі әйеліме ТЕҢ қараушы едім, енді ҚАТАР қарайтын болдым” - депті ғой бір әпенді…
Өте дәулетті байдың бірі әпендіні қонаққа шақырып, хан сарайындай зәулім үйді сән-салтанатымен таныстырып жүріп «Көрдің бе, менің үйімнің қандай әдемі, мұнтаздай таза екенін?! Мұнда лас жер жоқ, дажі раквинаға да түкірмеген жөн!» депті.
Сонда әпенді әлгі байға таяп келіп, бетіне түкіріпті де «Бұл үйде түкіруге болатын жалғыз лас жер осы екен!» деген екен…
Кішкене пысық сосын сәл ұятсыздау болғанымда, жұбайлардың некесін Қағбаның жанында қиятын, неке түнін ZAMZAM Tower-дің люкс-румында өткізетін NIKAH TRAVEL дейтін компания ашып алушы едім..
🤭
#әпендішілік
Тоқал алғандарға, тоқал болғандарға, тоқал алғысы һәм болғысы келетіндерге арнап алкогольсіз, зәмзәм суы мен витаман қосылған жұптық энергетик шығарсам банкрот боп қалмаймын ба?
🤭

Намазхандарға арнап осындай халал сусын шығарсам деп отырмын…
☺️
Бизнес идея қалай?
😅

Соңғы кездері “фиқһул-әуләуият” тақырыбымен ауырып жүрмін. Бұл не термин десеңіз, демек, Ерсін ұстазды жиі тыңдамағаныңыз
😉
“Фиқһул-әуләуият”-пен кеңірек танысқан сайын біздің қоғам (тек қана діни орта емес) бұл тақырыпқа аса мұқтаж екенін көресің. Бұ жайлы…
Жұма намазына қатысты бір ой
Әке-шешеңнің ақылын олар көрмейтін жерде қолдан…
Бүгін естіген тамаша сөз болды.
- Бауырым не істеп отсың?
- Тасбих зарядтап отырмын…
#әпендішілік
Әлжеліде ер жынысты имамға, діни тұлғаға
қажеттіліктен тыс
әсіресе комментте “ұстаз, ұстаз” деп жазатын нәзік жандыларды аса қолдай қоймаймын. Сен оны “ұстаз” статусында көрсең де, ол саған “жамағат не шәкірт” ретінде әрдайым қарай алмайды.
Талай имамның тоқалы һәм нақсүйер, аққолтығы со кезінде “аға/ұстаз” деп елпілдеп жүрген қаракөздер екенін білемін, бірақ дәлелдей алмаймын…
😅
“Шайтан адамның қанында жүретіндігін” ескерсек, әрдайым абай болмақ керек…
Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Так что, тыныш жүріңіздер.
Абыздығым алдамайды, білесіздер ғой…
🙂