
Қазақша цитаталар
Рамазанды бар жақсылығымен, мүмкіндігімен қарсы алып, қолдан келгенше лайықты түрде ғибадат жасап, сан мыңдаған сауапқа кенеліп, күнәларымыз кешірілген күйде шығарып салуды нәсіп етсін
✨
Тілеген тілегіңіз бен талабымыз таудай болсын, сенім қамалдай берік болсын, ғибадаттар бұлақтың бастауындай толассыз да ұдайы болсын! Жан-дүниеңде қанша өкпе-реніш, ыза-кек бар болса, барлығы көктемгі қар суындай еріп, буланып көкке көтеріліп, жаңбыр боп көңіліңе жауып, жүрегіңдегі әсем гүлдерге айналсын
✨
Рамазанның әсерімен ой-санамыз, арман-тілегіміз де көркейсін
🤍
“Менің өмірімнен кеткен адамдар үшін қиналмаймын, себебі, Алла Тағала менің өміріме фильтр жасап берді.”
Адам баласын құртатын — ой емес, ойсыздық шығар.
— Оралхан Бөкей
Əлі күнге дейін ата - əжелеріңіз тірі болса, бағалап, күтім жасап, қасынан шықпай көңілін табуға тырысыңыздар..
⏳
Сен өзің көрсетпейінше басқалар сенің шын мәнінде қандай екеніңді біле алмайды.