Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал

kitapall
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру! Kitapal дүкені ресми парақшасы 📚 Кітапқа тапсырыс беру үшін: 🔸 сайт www.kitapal.kz 🔹 уатсап 8-777-572-22-33
Subscribers
6 415
24 hours
2
30 days
-24
Post views
649
ER
10,12%
Posts (30d)
37
Characters in post
478
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
October 23, 09:16
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қазақтың саны 40 млн болар еді...
Егер ашаршылық болмаса. Сол кезде 3 млн халық жайдан-жай қырылып қала салды. Жайдан-жай емес, қолдан қырды. Тек халық емес, өнер, білім, байлық, әдебиет, мәдениет – бәрі түгел сол адамдармен бірге жойылды. Оның орнына күмән, сенімсіздік, ашкөздік, сатқындық, аштық деген дерттер пайда болды.
Ашаршылық зұлматын көзбен көргендерден артық кім айта алады? Бұл кітапта сондай куәгерлердің естеліктері берілген. Кезінде «Жұлдыз» журналында тұрақты жарияланып тұрған мақалалар жинағы.
Біз тарихты ұмытпауымыз керек. Сол боздақтар – қазіргі бейбіт өміріміз үшін жасалған құрбандықтар екенін түсініп, қадіріне жетуіміз керек. Сол геноцид қайталанбас үшін білімді, қуатты, өнерлі болуымыз керек. Сондай болуымыз үшін осы тарихи естеліктер жанымызды қайрайды.
Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 21, 10:10
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кітап деген тура бір вампир сияқты. Сіз оны қолға алғанша шаң басқан сөрелерде күтіп жатады. Қалай оны алып оқи бастайсың, бірден жаныңды сорып алғандай, бір бөлігіңе айналады.
Мишель Турнье, француз жазушысы
Әр кітап – бір тағдыр. Сол тағдырды сүріп шыққандай боласың. Бүтін бір дәуірдің шындығын бастан кешесің. Заман өзгерер, бірақ адамның өмірі өзгермейді. Бәрі бақытты іздейді, ақиқатты қуады, әділдік үшін күреседі, артына із қалдырғысы келеді.
Әр заманның тамырын басып, аңысын аңдау үшін сол кезеңді жырлаған ақын, жырау, жазушыларын оқу керек. Халықтың жүрек күйі қандай, нені аңсады, неден тартынды – бәрін сол шығармалардан табасың.
Әдеби кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 21, 05:59
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қасыңызға келіп отырған адамның бойынан жағымсыз иіс мүңкіп тұрса, сіз бірден ол адамнан жиіркеніп, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда сізде тәкаппарлықтың ұшқыны бар.
Ал егер ол адамнан емес, тек жағымсыз иістен жиіркенсеңіз, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда тұрған ештеңе жоқ.
Кейбіреулер өздерінің жағымсыз исі бар екенін білмейді. Ал енді біреулер кез келген иіске сезімтал келеді. Осы жерде айырмашылықты жақсы білу керек:
1) Адамның жеке басынан жиіркену – тәкаппарлық
2) Ал тек иістен жиіркену – табиғи нәрсе.
Тәкаппарлық – біреуден өзіңді артық санау, жоғары сезіну, салыстыру, келеке ету, мазақтау, тұқырту.
Толығырақ Имам Ғазалидің «Ихия улумиддин» кітабынан оқи аласыздар. 5 томнан тұрады.
1 – ғибадат
2 – әдеп бөлімі
3 – жаман мінез
4 пен 5 – көркем мінез бөлімі
Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 20, 14:06
Media unavailable
1
Show in Telegram

https://www.youtube.com/watch?v=7mo3VgdxlFI
Арман Әлменбет: Әдеби шығарманың бағасын талғамы бар адамдар береді / Kitapal podcast #59
Бүгінгі подкастта жазушы, баспагер, филолог, Президенттің жас әдебиетшілерге арналған арнаулы сыйлығының иегері Арман Әлменбет мырзамен кітап авторлары Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұхбаттасады. Подкаст барысында әдебиет қызықтары, классиктердің өмірі, қазақ тілінің мәселесі, сын мәдениеті, жазушылық сырлары жайлы қызықты ойлар қозғалады.

October 16, 11:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

Жұт кезінде байығандар
Кризис кезінде көптеген компаниялар құлдырап, өшіп, нарықтан жоқ боп кетеді. Мұндай кезде компанияны табысқа шығармай-ақ, жай ғана ұстап тұрудың өзі үлкен ерлік. Ал керісінше кризис кезінде байып, 10 есе, 20 есе пайда табатын компаниялар бар. Бәрі құрдымға кетіп жатқанда бұлардыкі не күшею? Не құпиясы бар? Қандай стратегия қолданады?
Толығырақ кітаптан оқи аласыздар.
Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 15, 14:06
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қандай таңдау жасағанымыз, қандай шешім қабылдағанымыз кім екенімізді көбірек көрсетеді. Бойдағы қабілеттерден гөрі осы маңызды, Хәрри.
Хәрри Поттер, Жасырын бөлме
Жиырма жылдан кейін істеген нәрселеріңнен гөрі істемеген нәрселерің үшін бармағыңды тістейтін боласың.
Х. Джексон Браун-младший, «P.S. Я люблю тебя»
Дым істемеудің кесірінен ойыңды қорқыныш пен күмән басып алады. Ал әрекет етсең, сенімділік пен батылдық пайда болады.
Дейл Карнеги
Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 15, 06:00
Media unavailable
1
Show in Telegram

Байлық жинаудың құпиясы
Ақша аз уақытта дүниеге келген миллиениалдар үшін ақша жинау – қиынның қиыны. Себебі бала кезде ақшаға қатысты жоқшылық зардабын көргендіктен, жинап үйренбегендіктен, ересек кезде соның бәрі кедергі боп алдынан шығады.
Жинаған ақшаны жаратып жібере беру деген дерт бар. Оны пайдасыз нәрсеге емес, қажет-ау деген дүниеге жұмсайды. Бірақ соны жұмсамай-ақ жинау дегенді білмейді.
Сізде осындай проблема болса, онда осы кітапты оқуға кеңес береміз.
Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

October 13, 08:39
Media unavailable
4
Show in Telegram

Бұл жастар ертең біздің баламызды емдейді, сабақ береді, біз тұратын үй салады, біз жейтін тамақты пісіреді, біз мінетін көлікті құрастырады. Бұл - болашаққа салынған инвестиция
👍

October 13, 08:37
Media unavailable
3
Show in Telegram

Студенттің алаңсыз білім алуына жағдай жасау - жақсылықтың ең сауаптысы
💪

October 13, 08:36
Media unavailable
3
Show in Telegram

Әр ағаш жасыл болса, бүкіл орман жасыл боп көрінеді. Әр жас білімді болса, саналы болса, бүкіл Қазақстан қандай болатынын елестетіп көріңіз
✊