Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

кітапқа дейін

kitapqadeyin
Subscribers
1 480
24 hours
6
30 days
-4
Post views
560
ER
37,84%
Posts (30d)
21
Characters in post
374
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Books
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Media & Communication
Summary
August 11, 19:13
Media unavailable
2
Show in Telegram

“қайда қарасаң, бір нығмет пен игілік көресің”
Бұл бес-ақ ауыз сөз менің ғұмырымды әдемі етуде. Жүрген, көрген емес, сезген сәтімнің көп болуын тілеймін. Қалғаны бекер. Жаратушының лас ғұмырда сыйлап қойған әдемі жаратылыстарын сезіне алу - тым бөлек дәреже, тафаккур. Қарапайым дүниеден әдемі кейіпті көруде сонардай бақыт жатыр. Тауға шығыңыз, айнала ғасырлық тал, шырша. Жолыңыз бұралаң. Бұралаңдығы - сол ағаш тамырларының үлкейіп, жер бетіне шығуынан. Ол да бекер емес. Қисая жайылған жердің яки таудың үстінде жүру үшін сол тамырларды арнағандай құдды. Айтыңызшы, басқан жердегі әр болмашыны ойлау қиял ма? Меніңше жоқ, ол биіктік. Сана биіктігі. Ғасырлық адам қитұрлығын көрсе де жылуын берер күнге, санмыңжылдық санасыздығын көтеріп тұрған жерге қараймын. Жаратушыны көрмей сенбесеңіздер де, көздеріңіз көріп тұрған осы күн мен жердің кешірім мен мейіріміне неге сенбеске? Ал ол екеуінің иесі болмауы мүмкін емес қой? Бір уақ жаратылғанға рақметіңізді жеткізіп көріңіз. Ол әдетке айналсын. Әдетіңіз - Өміріңіз
🤍

August 11, 18:04

қолыңдағы азығыңнан жаныңның азығы салмақты болсын

August 10, 14:55

грантқа қатысты көрген барлық бейнелер жылатып жатыр, түскендері де, түспегендері де

August 06, 18:57

Channel photo updated

August 06, 14:26
Media unavailable
1
Show in Telegram

August 02, 17:04

“махаббат өмірді жеңілдетуі керек” деп ойласам да, махаббатқа “керек” деген сөзді қосқым келмейді. “махаббат өмірді жеңілдетеді” деп жазуға болады-ау, түп-тереңіңді ол да жеткізбейді. соңы, кенжеге түскен тіркес “махаббатта болыңыздар” ғана. болған адам өзі сезінер, өзі түсінер

July 30, 19:21

үйдегі анажанның тапсырысымен Алматыға арнап өлең жазуым керек, шабытты Алматының қай төрінен алмақ керек?

July 30, 16:14
Media unavailable
1
Show in Telegram

Үкітай Ерниязовтың акустикалық кешін көрмесем, текке кеткен өмір бола ма дейм

July 27, 20:11

Сенің ұлтарағың
Таңертең тез киініп,
Фотографқа бармақ болдым.
Оған үлкейтуге берген
Суретіңді алмақ болдым.
Костюм киіп, аяқты,
Шапшаң, бәтіңкеге сұқтым.
Әлдене табанға батып,
Оның не екенін ұқтым.
… Сен бір жолы дүкеннен
Ұлтарақ сатып әкелдің.
Үстінде бүршігі бар,
Денсаулыққа жақсы! — дедің.
Арлы-берлі жүріп едім,
Бүршіктер табанға батты.
— Мынауың қиямет қой,
Әкелдің қайдағы затты!? —
Деп, іштей наразы болып,
Мен саған күңкілдедім.
— Үйреніп кетесің, — деп,
Сен маған күлімсіредің.
Енді ойласам сен сонда
Менің қамымды жедің:
— Түртіп, оятып жүреді
Аяқтың нервтерін! — дедің.
— Тамырлар тегіс қимылдап,
Балтыр ешқашан іспейді.
Ақсақ-токсақ болып,
Аяққа жем түспейді.
Ұзақ жасауға мұның
Септігі орасан екен!
Сондықтан мұны жай емес,
«Емдеуші ұлтарақ» деген.
«Здоровье» журналы
Осылай деп жазыпты.
Әдейі әкелсем саған,
Мен емес, журнал жазықты.
Шыдасаң бір-екі күн,
Әбден үйреніп кетесің.
Сонда сен де, аяндап,
Тоқсанға жетесің! —
Деп едің маған күлімдеп,
Ақырын арқамнан қағып.
Расында, үйреніп кеттім,
Ұлтарақ жаныма жағып.
Отыз үш жылдан бері
Сол ұлтараққа иемін.
Жазда бәтіңкеге салып,
Қыста етікпен киемін.
Ұлтарағың өзіңе
Шырқатады ойымды.
Және бір сантиметрге
Биіктетеді бойымды.
Сенің бұл қамқорлығыңды
Жиі есіме аламын.
Мақтанып кейбір достарға
Ептеп, айтып та қаламын.
Жақында Тұманбай да
Бұл сөзге құлағын салды: —
Апамның әрбір ісі —
Өлең, ән ғой! — деп тамсанды.
Бауырыңның бұл сөзіне
Мен мүлде марқайып қалдым.
Бүгін де, киініп жатып,
Өзіңді есіме алдым.
Ұлтарақ аяғыма,
Қазір де, батпайды менің.
Жанымды жегідей жейді
Қасымда жоқтығың сенің!
Бармақ тістеп өкінемін,
Кемсеңдеп, жылағым кеп:
Неге сол ұлтарақтың бірін
Саған әпермедім деп!…
28.07.2003.

July 27, 19:57

махаббат мені өлмеуге мәжбүр етті дейді Әз-аға Халиманы еске ала