Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Махаббат өлкесі...

mahabbat_olke
Тек махаббат туралы... Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos
Subscribers
1 240
24 hours
1
30 days
-1
Unusual 24 hours drop
Post views
750
ER
60,48%
Posts (30d)
Characters in post
683
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Art & Culture
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Design & Creative Arts
Summary
February 01, 17:27

СЕН БІЛЕСІҢ...
Сен бәрін де білесің, бәрін-бәрін,
Дауылдарын жүректің, жауындарын.
Қай көктемде құстардың кешіккенін,
Сонда менің жанымның ауырғанын.
Қай бір сөздің дертімді емдегенін,
Қай бір әуен бейуақ тербегенін,
Қай бір күзде гүлдердің ерте солып,
Ертесіне мен саған келмегенім.
Сен білесің сезімнің жаздағы әнін,
Жазмыш оты жүректе маздағанын,
Күйін кешіп бір сәтте бозбаланың,
Бір сәтте жанып кете жаздағаным.
Сен білесің тағдырдың шайқағанын,
(Шайқаламын таулардай, жай табамын),
Қай нөсердің астында көкке қарап,
Қандай сөзді ішімнен қайталадым,
Сен білесің,
Жаным не қалайтынын,
Саған мәлім – табарым қалай тыным,
Қай дұғаны таңертең оқитыным,
Қай кітапты кешкілік қарайтыным,
Сен білесің, ерке қыз, бәрін-бәрін,
Сенен өзге жүрекке шағынбадым,
Қай түндерде қандай түс көргенімді,
Сол түстердің қалайша жорылғанын,
Сен білесің,
жан білмес сырларымды,
өзім шеше алмайтын жұмбағымды,
Ешбір адам көрмеген белгілерді,
Еш жинаққа енбеген жырларымды,
Сен білесің,
бәрінің бір дерегін,
Сен білесің неліктен мұңлы өлеңім,
...Менің кінәм шығар-ау,
Бәрін біліп –
Маған керектігіңді білмегенің...
Авторы: Ерлан Жүніс

January 09, 04:08

БЕЛГІ
Мамыр айы — махаббат айы-ау, сірә?!
Түсірмейтін көңілге қаяу, шүбә…
Сағыныштан сәт сайын жалын құшып,
Сен де өртеніп кетуге, таяусың, ә?
Бүр жарғандай пәк сезім ізгілікпен,
Біз көктемді,
Ал көктем бізді күткен.
Жан сырымды кешкілік кездесуде,
Ақтарушы ем наздана, қыз қылықпен.
Дейтін едің: «Ұнатам сізді, ардақтым»,
(Кенеледі бақытқа қызды алдап кім?..)
Сезіміңіз кіршіксіз, рас болса,
Әкеліңіз бір талын қызғалдақтың.
Күлуші едім көңілім кірлеместен —
Естелік қой ол күндер бірге кешкен.
Балғын өмір,
Бала шақ,
Бал махаббат —
Өшпейді екен, шіркін-ай, мүлдем естен.
Сыя алмайтын жазира өлкесіне,
Ғашық болып даланың еркесіне,
Таң бозында жұпарлы жалғыз гүлді,
Әкеліпсіз үйіме ертесіне.
Жанымызды тұрса да ел түсінбей,
Мәнді сезім маңдайға келді сіңбей.
Сіз сыйлаған қызғалдақ – кеудемдегі,
Махаббаттың мөп-мөлдір белгісіндей.
Бәлкім, жүрек басқадан бақ табады,
Бірақ белгі мәңгілік
сақталады.
Авторы:
Шапағат Ерғалиқызы

December 19, 16:17

ҚЫЗДАРДЫҢ МАХАББАТЫ
Қыздардың махаббаты
Ыраңды сайдағы ыза суындай
Өз көзiн өзi аша алмайтын,
Арнасынан ауытқып аса алмайтын,
Қыздардың махаббаты тамшы тектес
Қолдан жасалмайтын.
Қыздар, қыздар!
Тамшыдай мөлдiрейсiңдер,
Бақыттың терезесiнен телмiресiңдер.
Өз махаббаттарыңды ешкiмге
сездiрместен
Өз кеуделерiңде сөндiресiңдер.
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн
Жаз болып жайнап,
Қыс болып суу керек;
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн
Қыз болып туу керек!
Авторы: Ұлықбек Есдәулет

November 21, 21:01

ШЫН ҒАШЫҚПЫН
Ғашықпын мен өзіңе шын ғашықпын,
Қолдасып бір жүретін күнге асықпын.
Сағынып сені ойлаумен көз ілмеген,
Талай таң елесіңмен сырласыппын.
Көктемде махаббаттың жырын айтып,
Келеді өзіңменен қырға шыққым.
Мен сені мәңгі сүйем сенесің бе?
Толқимын түскен сәтте сен есіме.
Жабықса жалғыздықтан жас жүрегім,
Елітем еріксізден елесіңе.
Аман-сау алып шықсам құтылдырып,
Жауыздың ұшыратпай жебесіне.
Таусылмас махаббаттың әлегі шын,
Жаулайтын жүрегімді бар әдісің.
Жандырған жалындаған жүрегімді,
Жаралдың сұлулықтың әлемі үшін.
Аңсаған арманымсың, аяулымсың,
Сен әйтеу әдемісің, әдемісің.
Авторы: Серікбол Насыр

November 15, 21:06

Емеспін айды да күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүл құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, айдың оған өзі ұқсаған.
Тербелген ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін, мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдаймын сәлемімді,
Жүрегім себелеп, дүрсілдесін.
Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе ендім бе шексіз есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.
Сыймас сезім мендегі жай ұғымға,
Елесім тек сол қызды сағынуда.
Түсер ме екем тамшы боп жер бетіне,
Құйылып, тамып махаббат айдынына
Түсінбеймін, сол арудан бақ келе ме,
Бұйырмаған бақытты таптым ба әлде.
Бір көрмесем келбетін, жүрек сыздап,
Қалықтап жүр биікте мендік бейне.
Авторы: Оразбай Сарыбаев

November 08, 11:53

Бұл жерге...
Бұл жерге көңілді күймен кел,
Көресің жастықтың сауығын
Шулаңдар, достарым, билеңдер,
Тебірент баянды, бауырым.
Нелер бір алуан гүлді аттап,
Жанарың кімді іздеп көп кезді.
Екен ғой денесі сымбатты-ақ,
Әне бір сұлудың откөзді.
Тастайды бұрымды лақтырып,
Жанары жарқ етіп сол шақта.
Егіліп кетеді-ау тәтті үміт,
Қаншалық қатыгез болсақ та.
Шық енді ортаға екпіндеп,
Сұлулар қалсын бір ығысып.
Жаныңа шабытпын, отпын деп,
Келеді сен жаққа гүл ұшып.
Қайтесің мұндайда отты өзге,
Сол отты жоғалтып тұрған бар.
Жүректе жалының көп кезде,
Шулаңдар, достарым, шулаңдар.
Авторы: Марат Отарәлиев

November 08, 11:44

МЕНІҢ КӨРШІМ
Мен ғашықпын, маған ғашық емес ол,
Білмейді әлде жек көріп те, сүйіп те?
Мен сияқты бойы аласа демесең,
ойы, сірә, менен көрі биікте.
Мәз болсам да киялдағы елеске,
Жас баладай көкке қарап қуанып.
Қөңіл шіркін, төзбес мұндай егеске,
Үй алдынан өтсе ол күнде су алып.
Жастық шақтың бақшасына түсті алдап,
Жылы сезім баурай берді мені ептеп.
Шыдамымды ұрлайды да ол мысқалдап,
Әкетеді күнде үйіне шелектеп...
Авторы: Жұмекен Нәжімеденов

October 26, 13:23

Мен сені ойлағанда...
Махаббаттың жолдарын соқпақ қылып,
Сағат тілі бір сәтке тоқтап тұрып
Қиялдаймын, қиялда көп тәттілік,
Ұмытуды әзірге тоқтатты үміт.
Мен сені сағынғанда...
Сағыныштың аңқиды иісі әлі,
(Қарашық пен қарашық қиысады)
Неге екенін білмеймін, сен келгенде
Жүрегімде көбелек жиі ұшады.
Мен сені аңсағанда...
Ойлай берем дамылсыз тек сені көп,
Көңілімнің мәңгілік кет шері боп.
Ай мен күнің, жұлдызың мен болар ем,
Аспан болсаң ардақтым шет-шегі жоқ.
Мен сені сүйгенімде...
Аз емес ед жолыңа елеңдер күн,
Сен махаббат, мен саған өлең бердім.
Сүю мен сағыныштың бағалысын,
Ең асылын, мәндісін сенен көрдім!
Авторы: Аяжан Даулетқызы
@Ayazhanyma

October 21, 13:57

Көрдім де сені өзгере кеттім,
Қараша қандай кез керемет бұл.
Тәтті бір мұңға шомдым да сосын,
Жырлауға ерек сөз керек еттім.
Елестете гүл, жаз жамалыңды,
Қолға алдым қайта әз қаламымды.
Тіл қатып түнге жырымды оқыдым,
Тыңдатып күнде жазған әнімді.
Аумаған көзің дір еткен шықтан,
Биязы тәнің жібектен, шыттан.
Баурап алады, сөйлесең әрбір,-
Сөздерің жылы жүректен шыққан.
Тұрысың қандай, жүрісің қандай,
Қимылың әрбір тынышымды алды-ай.
Ақынның аңсар мұңысың балдай,
Жаралған нағыз жыр үшін жандай.
Жүрегім содан бір саған асық,
Болған жоқ-ем ғой мұншама ғашық.
Сүймесең сүйме, арманым сенсің,
Сағымдай қашып тұрсаң да қашық.
Менен де өзге қиялдаған бар,
Расында ғашық ұяң ба адамдар.
Сүйе алған жандар бақытты бірақ,
Бақытсыздар ол - сүйе алмағандар!
Авторы: Дәурен Айманбетов

September 16, 10:51

Сүю үшін
Жүрегім бар сүю үшін жаралған,
Соғады ұдай жалын алып жанардан.
Төңіректен әнге, күйге малынып,
Тоғысады бір өзінде бар арман.
Сол сезеді тәттіңді де, ащыны,
(Емес, сірә, бұл өмірдің қашқыны).
Түймедей боп тұрғанменен кеудеде,
Бір өзінде өмірдің өр тасқыны.
Өзі емес пе, өзгеге тіл қататын,
Өзі емес пе, түн боп қалғып жататын.
Өзі емес пе, самал боп сыбырлап,
Өзі емес пе, аппақ таң боп ататын.
Кейде асау, тулап-тулап кетеді,
Тәкаппар ғой, кейде мазақ етеді.
Бұл кеудемде соғып тұрса ұдайы,
Жалыны да, жылауы да жетеді.
Авторы: Марфуға Айтқожина