
MAUARA-NAHR ما وراء النهر
Шұғыл Соңғы оқу жылының ақысын төлеуге қиналып тұрған ілім жолында табанды да білімді бауырымызға көмек қажет. Қазір жетпей тұрғаны 320 000 екен. Қолдан келгенше қолұшын беріп жіберейік, ағайын! Менікі жеткізу. Осындай оқуында озат жігіттерді қолдамасақ,…
Шұғыл Соңғы оқу жылының ақысын төлеуге қиналып тұрған ілім жолында табанды да білімді бауырымызға көмек қажет. Қазір жетпей тұрғаны 320 000 екен. Қолдан келгенше қолұшын беріп жіберейік, ағайын! Менікі жеткізу. Осындай оқуында озат жігіттерді қолдамасақ,…
Шұғыл Соңғы оқу жылының ақысын төлеуге қиналып тұрған ілім жолында табанды да білімді бауырымызға көмек қажет. Қазір жетпей тұрғаны 320 000 екен. Қолдан келгенше қолұшын беріп жіберейік, ағайын! Менікі жеткізу. Осындай оқуында озат жігіттерді қолдамасақ,…
Шұғыл
Соңғы оқу жылының ақысын төлеуге қиналып тұрған ілім жолында табанды да білімді бауырымызға көмек қажет. Қазір жетпей тұрғаны 320 000 екен. Қолдан келгенше қолұшын беріп жіберейік, ағайын! Менікі жеткізу. Осындай оқуында озат жігіттерді қолдамасақ, мұсылманшылығымызға сын шығар. Егер жеке көмек берем десе байланыстырып жіберемін.
Есебін өзім беріп отырамын: 777 0549494
Кейбіреулер ошақтағы шоқты өздері көсеп алады да, кейін жалын көтерілгенде отқа өкпелейді. Тыныштықты бұзған өздері болса да, шудан шаршаған болып шығатыны тағы бар. Қазақ «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген…
Радикализмнің тамырына балта шауып жүрген адамды солардың санатына телу қай қисынға, қай таразыға сыяды? Сонда бұлар менің кіммен алысып, кіммен арпалысып жүргенімді көрмей ме? Қай сөзді жоққа шығарып, қай жолды жақтап жүргенімді білмей ме?
Әлде көз көргенмен, көңіл көрмей ме? Қазақ «көрмес түйені де көрмес» деуші еді. Кейде анықтың өзін аңғармау ниеттен болатын секілді. Әйтпесе, жылдар бойы бір бұлақтың көзін ашып жүрген жанды сол бұлақты лайлағандардың қатарына қосу ақылдың ісі емес. Сонда еріксіз ойлайсың, бұлардың мұраты ақиқатты табу ма, әлде қияға қонған қыранның сағын сындырып, самғауын саябырлату ма?
Өйткені кейбіреулер биікке ұшқан құстың қай жаққа бет алғанына қарамайды. Оларға аспанда жүргенінің өзі тыныштық бермейді. Адаи сияқты өмір сүрейік-те! Қайда барып күн көреміз?!
Егер сындырғыларың келсе, қазақтың дәстүрін мансұқтап, ата-баба сеніміне күмән ұялатқандарды сындырыңдар. Ұлттың тамырына құрт түсіріп, жұрттың санасына іріткі сеуіп жүргендерді тоқтатыңдар. Елдің бірлігін сөгіп, тұтастығын іріткендермен алыссаңдар жарасар. Дәстүрлі діннің тамырына су құйып, ұрпақтың санасына сабыр мен сыйластықтың дәнін егіп жүргендерді емес. Өйткені елді бұзатындар мен елді ұстап тұрғандардың ара-жігін ажырата алмаған жұрт ақырында өз қазығын өзі қопарады.
Мұның исі қай тараптан шығып тұрғанын да жақсы білемін. Сендерге айтарым: білімі мен ұстанымы қабыспайтын біреудің абыройын қолдан асқақтатып, соны күллі қазаққа діннің өлшемі етіп көрсетеміз десеңдер, қатты жаңыласыңдар. Ол адам ешқашан мұсылман жұртқа діни таразы да, діни өлшем де, бұлжымас бедел де бола алмайды.
Абыройды жарнамамен өсіруге болады, атақты қолдан жасауға болады. Бірақ қадірді халықтың жүрегіне күштеп орнату мүмкін емес. Себебі ол дін ұстанатын жұрттың алдында қадірсіз!
Интернет желісінде жүрген көптеген коуч болсын, дәрігер болсын проблемаларды үйіп-төгіп айтады. Бірақ шешімін айтпайды. Ал шешімі болса ақылы. Осыдан-ақ олардың саған жаны ашымайтынын түсінсей. Ал тегін үйретіп жүргендері болмашы дүниелер. Пайдасы шамалы.
Адамның салмағы Құдайдан биік болғанда…
Қасқырды қой жегені үшін емес, қойдан биік жүргені үшін жек көретіндер болады. Осы сөздің мәнін жас ұлғайған сайын ұғатын секілдімін. «Ит қапқанын емес, ұнатпағанын талайды» деуші еді. Адамның сөзіне қарсы уәж айтылса, оны түсінуге болады. Ұстанымына қарсы пікір айтылса, оны да түсінесің. Бірақ кейбіреулер сенің не айтқаныңды тыңдамайды. Сен туралы қандай пікір қалыптастырғысы келсе, әуелі соны жасап алады да, қалғанының бәрін соған жамауға кіріседі.
Қызығы, адамды кейде қателігінен бұрын, қасқайып тұрғаны үшін жақтырмайды екен. Өйткені иілгенге кешірім көп. Бүгілгенге орын көп. Ал тік тұрған ағашқа жел де көбірек соғады, балта да жиі көтеріледі. Осындай сәттерде кінәні өзіңнен іздеп шаршайды екенсің. Күллі адам тіпті әлем сенің ісіңе қарсы сияқты көрінеді. Қай жерде мүлт кеттім деп жүрген жолыңа қарайсың. Айтқан сөзіңе қарайсың. Ақыры түсінесің, кейбір соттарда екінші тараптың дәлелі сұралмайды екен. Көбіне ондай соттарда үкім әлдеқашан жазылып қояды.
Қазақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді. Бұл сөзбен толық келіспеймін-(де) Кейде шөптің басын жел емес, біреу әдейі қозғайды. Өкініштісі сол, жұрт шөптің қозғалғанына қарайды да, оны кімнің қозғағанына үңілмейді. Өкінішке қарай, бүгін де талай адам сөзінің дұрыстығымен емес, соңындағы дәулетімен, даңқымен, ықпалымен өтімді болып тұр. Содан кейін ғой, біреудің қателігі ақталып, біреудің дұрыстығы күмәнға айналып тұрғаны. Мұндай заман туғалы қашан.
Міне, адамның салмағы ақиқаттан ауыр тарта бастаған жер - осы. Ал адамның салмағы ақиқаттан ауырлаған жерде, ақиқаттың өзі жетім қалады…
https://youtu.be/xOu4n269ZA0?si=j26h0HX39fbqIL6K
Аузы қисық болса да, байдың ҚАТЫНЫ сөйлесін
Ақшаң болса, ардан да аттайсың, халық оны да кешіреді. Өйткені жұрттың аузын ақшаға, тегін пәтерге, анда-санда үлестірген қайырымдылыққа жаптың. Әншейінде әділдік деп ұрандап, мазлұмның сөзін сөйлеп жүретіндер қалтасы қалыңның алдына келгенде көзін шел басып, құлағына қорғасын құйылғандай күй кешеді. Осы бізге әділдік те, имандылық та, тіпті қазақылық та қадір болмай барады. Қадірлісі - дүние. Ақшаның жылт еткен ұшын көрсетсе болды, тобырлыққа салынып, соңынан шұбырып ере жөнелеміз.
Байлығы бардың сөзіне бас шұлғып, қателігіне көз жұма қараймыз. Бүгінгі жұрттың өлшемі ақшаның салмағы болып қалды. Ақиқат өлгелі қашан. Сондықтан арсыз байлардың адамды кемсітуі де, қорлауы да, үстінен күлуі де ерсі көрінбейді. Өйткені оларды тоқтататын ар емес, ақшасына қызығатын ТОБЫР көбейіп барады.
Дегенмен мұндай арсыздықтың тамыры тек дүниеге тіреліп тұр десем үстірт пайым болар. Оның ар жағында адамның ұстанымы, көңілінің ауып тұрған бағыты, ішкі таңдауы жатыр. Кей адамдар үшін әлдекімнің байлығы емес, оның дінге және діни адамдарға деген көзқарасы әлдеқайда маңызды. Егер әлгі байдың ұстанымы олардың ішкі қалауымен қабысып жатса, онда оның беделі тіпті арта түседі. Біреуді қорлап, кемсітіп, әдептің шекарасынан асып кетсе де, оған ақтау табыла кетеді.
Дәл осындай кезде ақиқаттың таразысы жоғалады. Басты мәселе кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенінде емес, кімнің қай жақта тұрғанында болып қалады. Егер қарсы тарап діндар болса, оның айтқанының бәрі қате, істегенінің бәрі зиян болып көрінеді. Ал өздері жақтаған адам АРДЫҢ шегінен асып кетсе де, оған мың түрлі сылтау табылады. Әділеттің өлген жері дәл осы жер. Адамның сөзі мен ісінен бұрын оған деген жеке симпатия мен өшпенділік үкім шығаратын деңгейге жеткен қоғамда ақиқат емес, көзқарас жеңеді дегеннің мысалы осы.
Ақиқат кімнің айтқанымен өлшенбеуі керек. Ақиқат байдың аузында да ақиқат, кедейдің аузында да ақиқат. Ал өтірік пен арсыздықтың иесіне қарап түрленіп кетуі - тобырлық сананың белгісі.
Шұғыл Бауырлар! Өзім жақсы танитын бауырымыз оқуын тәмамдап елге отбасымен оралғалы жатыр. Дін жолында еңбек ететін бауырымыздың билетіне қол ұшын беріп жіберсек. Отбасына алынатын билетке 250 мың тг жетпей тұр екен. Осы игі іске атсалысып жіберейік! Өзім…