Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

ҚР Парламенті Мәжілісі

mazhilis_kz
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Subscribers
8 210
24 hours
30 days
-1
Post views
626
ER
7,64%
Posts (30d)
78
Characters in post
607
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Politics
Audience gender
Male
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Government & Public Sector
Summary
February 16, 06:00
Media unavailable
2
Show in Telegram

Вице-премьер депутаттардың көкөніс өнімдері экспортына шектеу қоймау туралы ұсынысын қолдады.
Темір Қырықбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сәбіз экспортына шектеу енгізу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Онда экспортқа тыйым салудың фермерлерге тигізетін салдары, бағаның өсу себептері және ішкі нарықтағы нақты ахуал көтерілді.
Ресми жауапта фермерлердің уәжі қаншалықты ескерілді және Үкімет қандай нақты шараларды ұсынды – толығырақ «Депутаттық сауал» айдарынан біле аласыздар.
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
📱
Instagram
📱
Facebook
📱
YouTube
📱
TikTok
📱
Telegram

February 13, 16:53
Media unavailable
1
Show in Telegram

Мәжіліс ғылым мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Мәжіліске бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған ғылым…

February 13, 16:52
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Мәжіліс ғылым мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Мәжіліске бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қарау ұсынылады. Бұл құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесін айқындау, олардың академиялық еркіндігі мен шығармашылық еркіндігін, құқықтарының кепілдіктерін бекіту, сондай-ақ ғылыми қызмет бағыттарын өз бетінше жоспарлау және таңдау құқығы қамтылып отыр.
Сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамға шамадан тыс аудиториялық жүктемені шектеу енгізілуде. Ғылыми зерттеу жүргізу мерзімдерін бекіту, оларды қаржыландыру тәртібі, сондай-ақ оқушыларға олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына дайындалу үшін ғылыми инфрақұрылымды пайдалану құқығын беру жөніндегі нормалар ұсынылады.
Бұдан бөлек, заң жобасында композиттік қызметті енгізу есебінен дәрілік заттарды тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібін енгізу, референс-зертханаларды реттеу тәртібін айқындау және өзге де нормалар көзделеді.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы келісімді қарайды. Құжат екі елдің осы саладағы ынтымақтастығына құқықтық негіз қалыптастырады.
​Бұдан бөлек, депутаттар әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызметті, педагог мәртебесі мен білім беруді жетілдіру, сондай-ақ педагог мәртебесі бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселелері туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
📱
Instagram
📱
Facebook
📱
YouTube
📱
TikTok
📱
Telegram

February 13, 07:34
Media unavailable
1
Show in Telegram

Мәжілісте агроөнеркәсіп кешеніндегі сауда қызметін реттеу мәселелері талқыланды Мәжілісте депутат Еркебұлан Мәмбетовтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі және сыртқы сауда қызметін реттеуге арналған тақырыптық…

February 13, 07:32
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Мәжілісте агроөнеркәсіп кешеніндегі сауда қызметін реттеу мәселелері талқыланды
Мәжілісте депутат Еркебұлан Мәмбетовтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі және сыртқы сауда қызметін реттеуге арналған тақырыптық отырысы өтті. Талқылауға Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Отырыста комитет мүшесі Еркебұлан Мәмбетов сыртқы және ішкі сауда саласында қабылданатын шешімдерді кешенді бағалау мәселесіне назар аударды.
Өз кезегінде депутат Нұржан Әшімбетов сыртқы сауда шараларына және ішкі нарықты реттеуге байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Ол күнбағыстың баж салығы, сауда желілеріне ретробонус енгізу және заманауи қоймалардың тапшылығы сынды мәселелерді тілге тиек етті.
Депутат сонымен қатар өндірушілердің сауда желілерімен өзара іс-әрекеті мәселелеріне де назар аударды. Оның айтуынша, қосымша төлемдер алу және ілеспе қызметтерді таңу отандық өндірушілердің өндірісті модернизациялау және кеңейту мүмкіндіктерін шектейді. Сайып келгенде қайта өңдеу секторының дамуын тежейді.
Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін экспортқа уақытша тыйым салып, квоталар енгізу қажет екенін жеткізді.
Талқылау барысында сала өкілдері отандық ауыл шаруашылық өнімдері саудасын реттеудің қазіргі жүйесінің жеткілікті деңгейде тиімді емес екенін атап өтті. Олардың пікірінше, 2020 жылдан бері қолданылып келе жатқан экспортқа тыйым салулар мен шектеулер күткендей нәтиже бермеді, келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуына, оны уақтылы өткізу мүмкін болмағандықтан қаржылық шығындар мен өнімнің бүлінуіне әкелді.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар тыйым салу шараларын енгізу туралы шешімдер жан-жақты талдау арқылы, оның салдарын бағалау негізінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Депутаттар мұндай бастамаларды Парламенттің салалық комитеттерінде алдын ала қарау тәжірибесін бекітуді ұсынды. Осыған байланысты Үкімет атына тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
Толығырақ
mazhilis.parlam.kz
сайтында.
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
📱
Instagram
📱
Facebook
📱
YouTube
📱
TikTok
📱
Telegram

February 12, 14:27
Media unavailable
8
Show in Telegram

©️
Мәжілістің Баспасөз қызметі
t.me/mazhilis_kz

February 12, 14:26
Media unavailable
2
Show in Telegram

Аграрлық мәселелер комитетінің агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі және сыртқы сауда қызметін реттеу мәселелерін талқылауға арналған тақырыптық отырысынан
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
📱
Instagram
📱
Facebook
📱
YouTube
📱
TikTok
📱
Telegram

February 12, 13:14
Media unavailable
7
Show in Telegram

©️
Мәжілістің Баспасөз қызметі
t.me/mazhilis_kz

February 12, 13:13
Media unavailable
10
Show in Telegram

©️
Мәжілістің Баспасөз қызметі
t.me/mazhilis_kz

February 12, 13:11
Media unavailable
1
Show in Telegram

Мәжілісте қытайлық инвесторлары бар мұнай компанияларындағы жергілікті қамту мәселелері талқыланды Мәжілістің Экология және табиғат пайдалану комитетінің жетекшісі Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен қытайлық инвесторлар қатысатын мұнай-газ компанияларындағы…