
Жүрек тыныштығы🫀
Білесің бе, сенің жүрегіңде ешқашан ұйықтамайтын төрт ұры бар? Олар қару ұстамайды, есік бұзбайды, бірақ сенің нұрыңды білдірмей ұрлап кетеді. Имам Ғазали (қ.с.) жүректің бұзылуы сырттан емес, адамның ішінен басталады дейді.
Біріншісі — нәпсіқұмарлық. Ол саған ләззат уәде етеді, бірақ ешқашан тоймайды. Қанша берсең, сонша сұрай береді. Ақыры адам өз қалауының тұтқынына айналады.
Екіншісі — ашу. Ашу — кішкентай от сияқты. Уақытында сөндірмесең, ол алдымен өз жүрегіңді өртейді.
Үшіншісі — атаққа, мәртебеге құмарлық. Бұл көбіне білінбей келеді. Жақсы іс істейсің, бірақ іштей мақтау күтесің. Егер мақталмасаң, көңілің түсіп, кеудең қысылып қалады.
Төртіншісі — дүниеқоңыздық. Байлық — тек құрал. Бірақ ол мақсатқа айналса, адам соны байқамай-ақ жүрегін соған байлап қояды.
Осы төртеуі жүректің тазалығын ұрлайды. Ғибадат ауыр сезіледі, ниет араласып кетеді, жүрек тыныштық таппайды.
Имам Ғазали (қ.с.) олардың емі — үнемі өз-өзіңе есеп беру дейді: алдымен өзіңді тексеру,
нәпсі шақырғанда оған қарсы тұру,
ашуды сабырмен басу, мәртебені тек Алла үшін арнау, байлықты қолда ұстап, жүрекке кіргізбеу.
Бүгін өзіңе сұрақ қой: шешімдеріңді осы төртеудің қайсысы басқарып жүр?
Егер оларды тежей алсаң, жүрегің түзеледі, өмірің де тепе-теңдік табады.
Мен үй өсімдіктерін ерекше жақсы көремін!
Жеміс жесем -дәнін тастай салмаймын,
міндетті түрде ыдысқа отырғызамын
Сол кішкентай дәннің
жарып шығып,
жасыл өскінге айналғанын көру
ерекше бір қуаныш.
Жақында анар өсірген едім.
Бірақ бір кезде ұнамай қалып,
сыртқа шығарып қойғанмын.
Бір ай бойы
аптап ыстықта,
сусыз тұрды.
Бітті ғой , деп ойладым
Бір күні су құйдым.
Сөйтсем, қайтадан жасыл өскіндер шыға бастапты.
Тіріліп кеткендей болды
Сонда түсіндім.
Кейде біз де сол өсімдік сияқтымыз.
Шаршаймыз.
Солып қалғандай боламыз.
Бірақ бір тамшы мейірім,
бір үміт -қайта тірілтеді
Өмір жалғасады. Сен тоқтап қалсаң да, уақыт тоқтамайды. Кейде бәрінен шаршап, бәрін тастағың келеді. Бірақ өмір ешкімді күтпейді. Сондықтан қанша қиын болса да, орныңнан тұрып, алға жүру керек. Бір күні бүгінгі ауыр күндерің тек естелік болып қалады.
Сіз риза болмай жүрген өмір — біреудің арманы...
Сондықтан бүгінгі күніңізге шүкір етіңіз.
Әр таң — мүмкіндік, әр тыныс — нығмет.
Қолда бардың қадірін білген жан ғана бақытты
❤️
Қалайсыңдар?
Жарық дүниені екі көзбен көргізген,
Жер бетінде екі аяқпен жүргізген.
Он екі мүшемізбен сездіріп,
Нәсіп қылып дүниеге келтірген,
Жаратқан Иеміз саған мың шүкір!
🤲🏻
Жұмыс шаршатады! Ақша келеді де кетеді!Тойлар , отырыстар аяақталады!
Армандар өзгереді!
Бірақ , соңына келгенде ең маңыздысы - сенің қолыңнан ұстап жүретін адамды дұрыс таңдай білу!
Денни Де Вито
Қайырлы таң! Әрбір жаңа күн – жаңа мүмкіндік, жаңа үміт.
Ешқашан ашу үстінде шешім қабылдама және қуаныш кезінде уәде берме.
Эмоцияға ерік бермеу — даналық.
🤫
🚫
Өмірде бәрі идеал болмайды.
Қателесесің ,адасасың, тіпті құлайсың. Бірақ ең бастысы тоқтап қалмау. Ешкім ылғи мықты емес. Бірақ тырысып жүргендер ғана алға жылжиды.