ЗІКІР,САЛАУАТ👤🤎
Channel photo removed
•Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.
Уа, Раббымыз! Сені пәктеп, Саған ғана құлшылық етеміз. Біздің күнәларымызды кешіріп, мейіріміңе бөле. Әлбетте, Сен біз білмейтін нәрселерді білесің.
Алла барлық алғысқа лайық
ол жақсылыққа қарымта қайтарушы (Әш-Шәкур),ол аса жоғары әрі асқақ(Әл-‘Алий),аса үлкен,аса зор (Әл-Кабир),Алла қорғаушы әрі сақтаушы,бақылаушы (Әл-Хафиз),ол қорек беруші,қолдаушы (Әл-Муқит)
аттарының иесі аса мейірімді,аса жомарт Алладан ғана жәрдем сұраймыз,Аллаға ғана зәруміз!
“Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет”. (Зуннун-и Мысри)
Алла иманға келген,тура жолды таңдаған әрбір құлына кешірімді! Алладан хайырлысын сұраңыз,Алла бәріе білуші!
Оразаңыз қабыл болсын!
Мен бәрін Аллаға тапсырдым!
🔋
Сіз өміріңізді кімге сеніп тапсыра аласыз? Кім сізді жақсы дәрежеге жеткізе алады? Ойландыңыз ба?
Себебі біз кейде өзімізге-өзіміз сенбей жатамыз… Аллаға тән билік пен құзырды өзіміздің жауапкершілігімізге алып,
мен мынаны дұрыс істемедім,осыны дұрыс жасамасам өмірім күл-талқан болады,ары қарай ешнарсе шықпайды деп бәрін алдын ала шешіп тастаймыз. Бірақ расында сіз өзге түгілі өзіңізге сенбейсіз! Менің өмірімді біреу келіп жақсартса екен деген жеңіл ой бойымызды билеп алған. Ол өтірік емес!
Бірақ осындай ойлар адамды шаршатып,қажытары анық. Сол себепті өзіңізге бір сәт болсын мақтау айтыңыз,себебі сіз талпынып жатырсыз. Кейін бәрін баппен ойланыңыз,жүрегіңізде қалай тыныштық орнағанын бірден сезесіз. Себебі сіз бәрін Аллаға тапсырдыңыз…
Алла бәрін көруші,білуші,естуші!
Алла құлының қай кезде қиындыққа түскенін,қай кезде ауыр сезіммен арпалысып жатқанын білуші.
Біреу келіп көңіліңізге кірбің түсірсе,өшпес дақ қалдырса,сізге қиянат жасаса бәрін сол сәтте ұмытып,Аллаға тапсырыңыз! Алла бәріне әділ әрі бейбітшілік орнатушы! Сіздің жүрек біреудің мұңымен ешқашан кірленбесін! Сізде біреудің жүрегін кірлетуден сақтаныңыз!
Дәуіт Пайғамбардың Алладан түскен мұғжизасы
✨
•Қасиетті Құранда аты 16рет кездесетін Пайғамбарымыз Дәуіт Пайғамбар,Алла оған ерекше қасиетті дарытқан ол темірді илей алатын күшке ие болған.
Мұсадан кейін Пайғамбарсыз қалған қауым үлкен бір ауыр кезеңге тап болады. Сол сәттерде Исраил қауымынан шыққан Дәуіт деген батыр болады,ол жастайынан Жалутпен жекпе-жекке шығады,соңында жеңіске жетеді. Көптеген жекпе-жектер мен соғыстарда жеңіске жетеді. Оны барлығы Патша тағына лайықты санайды,кейін ол Талут дүниеден өткен соң Патша тағына отырады.
40жасын толғанда Пайғамбарлық қонады. Ол өз қауымына Таураттың тағылымын бұлжытпай жасауға үгіттеп,орындатады.
Оған сый ретінде Алла самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур-Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы.
Дәуіт Пайғамбарымыз туралы көптеген деректер кездесе бермейді бірақ соның бірі де бірегейі Дәуіт Пайғамбарымыздың күшінің бәрі шашында болған дес еді оны көре алмаған достары бірде шашын алып тастайды,бірақ Дәуіт Пайғамбарымыз Алланың әміріне бас игендіктен сабырлық танытады.
Алланың әмірінен артық әмір жоқ!
Адалы мен арамын ажыратып қойған Алла сізге ненің хайырлы ненің хайырсыз екенін де көрсетіп қойған! Сол үшін Алламен байланысты үзбеңіз!
Әлемдердің Раббысы,барлық жаратылыстың әміршісі,барлық жаратылыстардан пәк Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау-мадақтар Аллаға ғана тән!
Алла (Әл-Хабир) құлдарының барлық ісін білуші,барлығынан хабардар,Алла өзіне иман келтірген құлдарына кешірімді(Әл-Халим),Алла бәрінен де Ұлық,Ардақты (Әл-’Азым),Алла бәрінен кешірімді(Әл-Ғафур) Алла барлық мақтауларға лайық!
Алланың құлдарына деген мейірімі шексіз,Алла күнәхар құлдарына да кешірімді,Алла тура жолға салушы,Алла ең Рақымды,ең Жомарт. Аят
“Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңді шынайы тануды әрі шынайы құлшылық жасауымызды һәм бізге Өзіңе жақындататын істерді нәсіп қыла гөр. Біздерге таудай тәуекел, дұрыс ой-пікір, дүниеде, ақиретте де есен-саулық және ізгіліктер бере гөр”. (Әбу Мухаммед Рази)
Аллаға шынайы иман етіп,құлшылық ету ташуалықтың жоғарғы дәрежесі. Аллаға және Пайғамьарымызға(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуды ұмытпайық!
Оразамызды қабыл етсін!
🤲🏻
✨
•Жүрегім тыныштық тапты…
•
Тыныштық деген не?
Осы күнге дейін тыныштықтың тәтті дәмін сезіне алдыңыз ба? Әлде тыныштықты тек үйде жалғыз қалып,сағаттың сықырын ғана есту деп жүрсіз бе? Тыныштықтың жүректе орнауы туралы көп ақпаратты естіген боларсыз…
Әр адам тыныштықты әрқалай түсінері анық,біреуі демалуын,біреуі анасымен өткен сәтін,біреуі жақынымен өткен сәтін,не болмаса қарапайым кино қарауын тыныштық деп таныйтын дейтіндерді де кездестіреміз. Бірақ ол бір сәттік жүрек тыныштығы. Себебі,сол бір сәтте ғана жүрек жылу сезінеді.Ал жүрек әрқашан жылуға мұқтаж…
Ең алдымен жүрек Алланы еске алумен тынышталады.
Жүрегіңді бір үзік қаннан ұйытып жасаған жаратушы Алланы ғана еске алумен мына бір жұдырықтай жүрек тыныштанады.
•
Қаншама адамның жүрегі өлі,өзі тірі жүр.
Ойлаңызшы,Аллаға иман келтірмей тыныштықты байлықпен,не болмаса ойын-сауықпен салыстыратындар бар. Мейлі,бірақ дүниелік тыныштықтың уақытша екенін түсінбейтіні қынжылтады.
Жүректің алапат сезімдерге бөленіп,кейде қуанышта жарылардай болып дүрсіл қағуы,кейде тіпті қайғыда,қасіретті сыздап ауыруы,сағынышта сарсаң болуы,тіпті кейде дым сезбестей тасқа айналуы әрбірімізде болатын құбылыс.
Алла бізге сондай бір ерекшелік берген,біз сезінеміз,біз жүрегімізбен жылаймыз,қуанамыз. Бірақ осыны сезіндіріп қойған Алланы жүректен шығарып тастаймыз.
Алласы бар жүрек,әрқашанда тірі болады,әлемдегі барлық сезімдерге ашық болады.
Сол үшін де,Алланы еске алып,иман келтірсек жүрегіміз жібіп,тыныштық табары анық!
Жүректер Алланың құзырында…
Жүрегіңіз тыныш болсын,жақсы жан!
🤍
✨
Нұх пайғамбардың Алладан түскен мұғжизасы
✨
🤍
Дінімізде айтылатын пайғамбарлардың ішінде мұғжизасы бәрімізге таныс аса құрметке ие Нұх пайғамбарымыздың оқиғасымен таныс боларсыздар. Бүгін пайғамбарымыздың мұғжизасы туралы жазатын боламын.
•1000жылдам астам уақыт өмір сүрген,өмір сүрген жылдарының ішінде 950жылын уағыз айтуға,иман жолында,адамдарды тура жолға шақыруға арнады.
Алла жер бетіне Адам атадан кейін 10ғасыр өткен соң Нұх пайғамбарды жіберді,себебі ол кезеңдерде адамдар Адам атадан келе жатқан дінді ұстанбай,Алланың әміріне бас имей,пұттарға табына бастаған болатын,сол адасқан құлдарын тура жолға шақыру мақсатында Нұх пайғамбарды жібереді,тура жолға шақырып,Алланың Хақ жолына түсуге қанша шақырып,үгіттесе де адасушылардың саны артып көбі пұттарға табынып,Алланың Хақ екеніне сенбейді,сол сәтте Нұх пайғамбар Алладан көмек сұрайды сонда Алла Нұх пайғамбарға кеме жасауын талап етеді,Нұх пайғамбар Алланың әміріне бағынып,кеме жасауға кіріседі,кеме жасау үшін ағаштардан ең алып кемені құрай бастайды,тіпті ағаштар таусылғанда ағаш егіп,оның өскенін күтіп одан тақтай жасап кеме құрылысына жұмсайды. Осының бәріне куә болып жүрген пұттарға табынушы қауым Нұхты келеке етеді,жақын маңда ешқандай теңіз жоқ,су жоқ бұл кемені не қылмақшысың деп оны есінен алжасқан деп есептейді. Бірақ пайғамбарымыз бұл мазаққа барынша сабыр етеді,Алла әмірімен кемені жасап,Алла бұйрығын орындайды.
Кейін кеме дайын болған соң Алла Нұх пайғамбарға өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуға бұйрық береді, Нұх пайғамбар кеме есігін ашқанда Алланың бұйрығымен барлық аң-құс жұп-жұптап кемеге кіреді,Алланың Хақ екеніне сенген санаулы қауымда кемеге кіреді,бірақ Нұх пайғамбардың әйелі мен баласы кірмей қояды,Нұх пайғамбар отбасы үшін оларды көндіруге тырысады,баласы әкесінің сөзіне сенбей,топан су болғанның өзінде мен тау төбесіне шыға саламын дейді.
Сонда Нұх пайғамбар:”Бүгін Алланың әмірінен,Алланың топан суынан ешкім құтыла алмайды”-,деп жауап береді. Кеме есігі жабылған сәтте,аспаннан су ағылды,жерден су атқылады,жерді бұрын соңды болмаған топан су басады. Бұл мұғжизадан түйеріміз не? Алланың Хақ жолына келмейтін,Пайғамбардың айтқанына сенбейбін қауымдардан Алла жер бетін тазартты.
Алланың қахарына түспеу үшін,Алланың тура жолында жүріп,кешірім тілеп,иман келтіруіміз керек!
•Таңымызды аттырған Аса мейірімді,Аса қамқор,барлық жаратылыстан пәк Алланың атымен бастаймын! Әрбір жұтым ауа мен ішерге асымызды,ризық несібемізді беруші,ризықтандырушы Алланың пендесіне кешірімді әрі рақымды екеніне күмәніміз жоқ!
•"Алла мұңсыз,ол тумады да,туылмады да.Әрі оған ешкім тең емес." (Ықылас сүресі,1,4-аяттар)
•Алланың тура жолды ұстанған құлы болғанымыз үшін тәубе! Тақуалық дәрежемізді көтеруші Алла,Аллаға шүкірімізді арттырар болсақ,Алланың сүйіктісіне айналарымыз хақ!
•
Алла құлының әрбір сөзін естуші (Әс-Сәми),бәрін көруші (Әл-Бәсыр),бәріне жоғары төрелік етуші (Әл-Хакәм),Алла құлдарына ең адал (Әл-‘Адл),Алла өзіне иман келтірген құлдарына мейірімді (Әл-Ләтыф).
Осындай есімдерге лайық әлемдердің Раббысы үшін жүрегіңізді Исламға арнаңыз,Раббыңызды таныңыз,Пайғамбарлардың өміріне үңіліңіз!
•Алла ұстаған оразаңыздың қабыл етсін!
🤲🏻
🤍