Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Мұсылман естеліктері

muslimsnotes
Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg Арнаның бас редакторы: @altayberish
Subscribers
3 660
24 hours
30 days
-30
Post views
2 110
ER
58,36%
Posts (30d)
Characters in post
770
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
March 23, 08:08

Имам Хасан әл-Басри (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады:
«Расында, Аллаһқа күнә жасамай өткізген әр күнің — сен үшін айт (мейрам)».
Дереккөз: Ибн Ражәбтың “لطائف المعارف” кітабы (512-бет)
@muslimsnotes

March 20, 04:05

Айт — шариғат бекіткен ұлы мейрам
Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
«Әрбір қауымның өз мейрамы бар, ал (Ораза айт пен Құрбан айт) бұл

біздің мейрам» [1].
Хафиз Ибн Хажар (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады:
«Айт күндері қуаныш пен шаттық білдіру — бұл діннің ұлы нышандарының бірі» [2].
[1] Бухари 952, Муслим 895
[2] Ибн Хажәрдің “فتح الباري” кітабы (2-том, 443-бет)
@muslimsnotes

March 19, 22:31

Құрметті «Мұсылман естеліктері» оқырмандары.
Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз.
Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында жасаған ғибадаттарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!

March 11, 21:22

Назарларыңызға
«Қадір түні»
атты қысқа мақаламызды ұсынамыз.
Бұл мақалада осы ұлы түннің қадірі, мүмкіндікті жіберіп алмаудың маңызы және мұсылман жүрегіне арналған естеліктер баяндалады.
«Мұсылман естеліктері»
арнасы оқырмандарына пайдалы болады деп үміттенеміз.

March 10, 01:46

Рамазан айының соңғы он түні
Рамазан айының соңғы он түні — мұсылмандар үшін ең қадірлі әрі ең берекелі уақыттардың бірі. Бұл түндердің ерекше маңызға ие болуының бір себебі — олардың қасиетті Рамазан айының соңына сәйкес келуі. Себебі амалдың шынайы қадірі оның қалай аяқталғанымен бағаланады. Бұл жайында Аллаһ Елшісі ﷺ:
«Шын мәнінде, амалдар соңымен бағаланады»
[1], – деген.
Сондықтан Рамазан айының алғашқы күндерін Аллаһ талап еткендей лайықты түрде өткізе алмаған пенде үшін жіберген кемшіліктерін өтеуге үлкен мүмкіндік бар. Ол — соңғы он түнді бар ықыласымен құлшылыққа арнау.
Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндердің қадірін ерекше бағалап, оларды өзгеше құлшылықпен өткізетін болған. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:
«Аллаһ Елшісі ﷺ Рамазанның соңғы он түнінде басқа кездерге қарағанда, құлшылыққа әлдеқайда ерекше күш салатын»
[2].
Cөзсіз, бұл — мүміндерге үлкен өнеге. Өйткені Аллаһтың ең соңғы елшісі әрі ең сүйікті құлы, тақуалар мен мүміндердің ең алдыңғысы болған және өткен-келер күнәларының барлығы кешірілген Пайғамбарымыздың өзі Рамазан айының соңғы он түнін осындай дәрежеде өткізген болса, біз секілді күнәға батқан құлдар үшін бұл уақытты қалай бағалау керектігі айтпаса да түсінікті.
Бұған қоса, Пайғамбарымыз ﷺ бұл түндерде құлшылықты тек өзі орындаумен шектелмей, отбасын да соған ынталандырып, оларды ұйқыларынан оятып, ғибадатқа шақыратын еді. Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:
«Рамазанның соңғы он түні кіргенде Пайғамбарымыз белін байлап, түнін [құлшылықпен] тірілтіп, отбасын оятатын»
[2].
“Белін байлайтын” — яғни, әйелдерінен оқшауланып, ғибадатқа ерекше көңіл бөлетін.
Мейірімді АллаһТағала баршамызды бұл қасиетті түндерді бос жіберуден сақтап, оларды ықыласпен құлшылық жасап өткізуге жәрдем еткей.
[1] Бухари 6607 — Сәһл ибн Сағттан
[2] Муслим 1175
[3] Бухари 2024, Муслим 1124
https://t.me/mulimsnotes

February 28, 15:42

Ел амандығы

баға жетпес ұлы нығмет
Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен сәлеметі болсын) Аллаһ Тағалаға былай деп дұға еткен:
﴿رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا ٱلۡبَلَدَ ءَامِنٗا وَٱجۡنُبۡنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعۡبُدَ ٱلۡأَصۡنَامَ...﴾
«Уа, Раббым! Бұл елді-мекенді бейбіт әрі аман қыла көр! Сондай-ақ мені де, ұрпағымды да пұттарға табынудан аулақ ет…» [1]
Содан кейін ол басқа да түрлі тілектерін сұрады.
Имам Шәукәни (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) осы аяттардың тәпсірінде былай дейді:
«Ибраһим пайғамбар көптеген тілектерінің алдына ең әуелі елінің амандығын бірінші қойып сұрады. Себебі елден тыныштық пен бейбітшілік кетсе, адам баласы діні мен дүниесінің ешбір ісіне көңіл бөле алмайды» [2].
Уа, Раббымыз! Қазақ елімізге және басқа да мұсылман елдеріне мәңгі бейбітшілік пен аманшылық нығметін нәсіп ет!
[1]Ибраһим сүресі, 35-аят
[2] Шәукәнидің “فتح القدير” кітабы 3-т., 134-бет
@muslimsnotes

February 27, 12:30

Мұқтаж адамның садақасы
Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
«Бір дирһам (сауабы жағынан) жүз мың дирһамнан асып түсті».
Сонда сахабалар:
— Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қалай? — деп сұрағанда, Ол ﷺ:
«Бір адамның екі-ақ дирһамы бар еді, ол соның біреуін [қиып] садақаға берді. Ал екінші бір адамның мол дүниесі бар еді, сол байлығының бір шетінен [қиналмастан] жүз мың дирһам садақа етті»
, — деп жауап берді [1].
Тағы бір хадисте:
— Уа, Аллаһтың Елшісі, садақаның ең абзалы қайсысы? — деп сұралғанда, Ол ﷺ:
«Дүниесі аз бола тұра, шамасы келгенше, нәпсісімен күресіп шығарған садақа»,
— деген [2].
Имам Ибн Қайим (Аллаһ оны рақымына бөлесін) осы хадистерді түсіндіре келе былай дейді:
«Бұл хадистердің барлығы кедей адамның барын салып берген садақасы — дәулетті адамның мал-мүлкінің аз ғана бөлігінен берген көп садақасынан артық болатынын көрсетеді. Өйткені Аллаһтың алдында амалдар олардың санына не сыртқы көрінісіне қарай емес, оған түрткі болған ықыластың күшіне, орындаушының адалдығы мен шынайылығына, әрі Аллаһты өз нәпсісінен жоғары қоюына қарай таразыланып, бағаланады.
[Ойлап қараңызшы:]
Өзіне азық болып тұрған жалғыз нанын Аллаһ разылығы үшін берген адамның садақасы мен байлығының бір шетінен ғана жүз мың дирһамды еш қиналмай шығарған адамның садақасы тең бола ма?!
Әлбетте, әлгі адамның бір тілім наны мен бір дирһамы таразыда екінші адамның жүз мыңынан ауыр түседі.
Аллаһтан ғана жәрдем тілейміз» [3].
[1] Нәсәи 2527 — Әбу Һурайрадан
[2] Әбу Дәуд 1677, Ахмад 8702 — Әбу Һурайрадан
[3] Ибн Қайим عدة الصابرين кітабы, 235-бет
https://t.me/mulimsnotes

February 26, 10:44

Кез келген құлшылықтың өзегі әрі ең маңызды бөлігі — Аллаһты еске алу. Ол қаншалықты көбейсе, амалдың салмағы да соншалықты ауырлап, сауабы артып, құлдың дәрежесі биіктей түседі.
Сондықтан ораза ұстаушылар ішіндегі ең абзал адам — оразасы кезінде Аллаһты ең көп еске алып, тілі мен жүрегін көркейткен жан.
Қараңыз: Ибн Қайим الوابل الصيب кітабы 181-бет

February 22, 14:09

Түңгі намаздарда ата-ана үшін дұға жасаудың маңыздылығы
Аса көрнекті ғалым шейх Ибн Усәймин (Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады:
«Тарауих немесе түңгі намазда әкең үшін [Аллаһқа] дұға жасағаның — оның атынан он түйе сойғаныңа қарағанда әлдеқайда абзал» [1].
﴿رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِی وَلِوَ ٰ⁠لِدَیَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِینَ یَوۡمَ یَقُومُ ٱلۡحِسَابُ﴾
«Уа, Раббымыз! [Алдыңа тұрып] есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр»
[2].
﴿رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّیَانِی صَغِیرࣰا﴾
«Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр»
[3].
[1] Шейхтің الباب المفتوح атты жүздесуі (115)
[2] Ибраһим сүресі, 41-аят
[3] Исра сүресі, 24-аят
@muslimsnotes

February 21, 12:21

Ораза ұстаушының ауыз иісі жайында
Аллаһ Елшісі ﷺ айтады:
«
Расында, ораза ұстаушының ауыз иісі Қиямет күні Аллаһтың алдында мисктен (жұпар иісінен) де жағымды» [1].
Имам Ибн Ражәб (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады:
«Бұл жерде екі маңызды мағына бар:
Біріншісі,
ораза — бұл дүниедегі құл мен Аллаһтың арасындағы құпия құлшылық. Аллаһ Тағала оны Ақырет күнінде адамдардың алдында айқын етеді. Осылайша, дүниеде ораза ұстағандар ел арасында оразаларымен [және ерекше жұпар иістерімен] танылады.
Бұл - олардың дүниеде оразаларын жасырғандарының сыйы.
Екіншісі,
кім бұл дүниеде Аллаһқа құлшылық етіп, әміріне құлақ асып, Оның разылығын ізгі амал арқылы іздесе, сол амалының нәтижесінде адамдарға ұнамсыз көрінетін кейбір нәрселер байқалуы мүмкін. Алайда оның барлығы Аллаһтың алдында сүйікті де жағымды болады.
Себебі бұл көріністер Аллаһқа деген мойынсұну мен Оның разылығын іздеудің нәтижесінде пайда болды.
Ақиқатында, Пайғамбарымыздың ﷺ бұл хадисі — Аллаһ үшін жасалған амалдарының нәтежесінде пайда болған кейбір ұнамсыз көріністерді жек көрмеу үшін, амал етушілердің жүректеріне жұбату болып есептеледі» [2].
[1] Муслим, 1151 - Әбу Һурайрадан
[2] Қараңыз: Ибн Ражәб لطائف المعارف кітабы (286-288-беттер)
@muslimsnotes