Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Намаз оқып үйренейік

namazoqy
Subscribers
1 610
24 hours
10
30 days
-60
Post views
8 349
ER
518,2%
Posts (30d)
Characters in post
371
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
March 16, 21:35

«Уа, дұғаларды қабыл етуші, кешірімі мен мейірімі мол Раббымыз!
Бізді осы қасиетті түнге жеткізгенің үшін Саған мадақ айтамыз.
Уа, Алла! Ораза, намаз, Құран арқылы рухтарымызға шипа болған Рамазан айымен қоштасудың мұңын сезінудеміз. Бізді тағы да Рамазан айына және Қадір түніне жеткізуді нәсіп ет.
Уа, Алла! Мың айдан да қайырлы осы түнде бізді кешіріміңе лайық құлдарыңнан ете гөр.
Өткен күнәларымызды кешір, жүректерімізді тазарт, дұғаларымызды қабыл ете гөр.
Уа, Раббым! Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйреткендей Саған жалбарынамыз:
Уа, Алла! Сен Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Бізді де кешіре гөр.
Уа, Раббым! Осы түннің құрметіне жүректерімізді Исламның нұрымен нұрландыр.
Біле тұра немесе білмей істеген барлық күнәларымызға өкініш білдіреміз.
Шексіз мейіріміңе сыйынамыз. Бізді нәпсіміздің еркіне қалдырма,
тура жолыңнан және һидаяттан айырма.
Үйлерімізге тыныштық, денемізге саулық, өмірімізге береке бере гөр.
Қиналған құлдарыңа кеңшілік, науқас құлдарыңа шипа,
ал мазлұмдарға құтылу нәсіп ете гөр.
Мұхаммед үмбетінің бірлігін баянды қыл
және бізді келесі Рамазанға күнәлардан арылған, таза жүректермен жеткізе гөр.
Дұғаларымызға “әмин” деген әр адамның жүрегіндегі тілегін
қайырлысымен нәсіп ете гөр.
Әмин.

January 26, 18:22

Миғраж түніне арналған тағы бір ерекше дұға:
Дұға:
«Я, Раббым! Бүгінгі қасиетті Миғраж түні құрметіне бізді кешіріміңе, мейіріміңе бөлей гөр. Бізді шайтанның азғыруынан сақтап, жүректерімізге тазалық пен тақуалық нәсіп еткейсің. Күнәларымызға тәубе етеміз, кешіріміңді сұраймыз, бізді кешіре көр, Я, Алла! Білімімізді арттыр, иманымызды күшейт, сабырлылық пен шүкіршілік қасиеттерін жүрегімізге орнықтыр. Елімізді, дінімізді, ұрпағымызды аман сақта! Барша мұсылман үмбетіне мейірімің мен жеңілдігіңді сыйла! Әмин, Я Раббым!»
Мұнымен қатар, Миғраж түнінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) салауаттарын көп айту және ішкі жан-дүниеңнен шыққан өз тілектеріңді Аллаға арнап, шынайы дұға ету ең маңыздысы.

January 26, 07:01

Миғраж түні жасалатын зікір мен дұғалар:
1.
Тәубе дұғасы:
“Астағфируллаhа әл-азыйма әлләзи лә иләһә иллә һуә, әл-Хаййул-Қаййуму, уә әтубу иләйһи.”
(Мағынасы: Ұлы Алладан кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін.)
2.
Салауат айту:
“Аллаһумма салли ’ала Мұхаммадин уә ’ала әәли Мұхаммад.”
(Мағынасы: Уа, Алла! Мұхаммед пен оның әулетіне игілік пен салауат түсір.)
3.
Зікір:
• “Субханаллаһ”
• “Әлхамдулиллаһ”
• “Аллаһу Әкбар”
• “Лә иләһә илләЛлаһ”
4.
Арнайы дұға:
“Лә иләһә иллә Анта, субханака, инни кунту мин аз-залимин.”
(Мағынасы: Сенен басқа тәңір жоқ. Сен кемшіліктерден пәксің. Мен өзіме зұлымдық жасадым.)
5.
2 рәкәғат намаз оқып, шын жүректен дұға жасау.
Алла жасаған ғибадаттарыңызды қабыл етсін!

April 05, 17:59

Қадір түні…
🩵
Барынша көп көп дұға етіңіздер.
Тағдырды дұға өзгерте алады

April 05, 17:58

Егер Алла сенің дұғаңа жауап бергісі келмесе, әуелде оны аузыңа салмас та еді.
[Яғни дұға жасауға жүрегіңді бұрмас еді]
©
Имам ибн әл-Қайим

April 01, 21:44

Бүгін “Қадір түні” болуы мүмкін ықтималдығы жоғары тақ түн
🩵
Барынша дұға етіңіздер

February 23, 20:27

🪄
Салауат
"Аллаһумма солли ‘алә сәийдина Мухаммадин уә 'алә әли сәийдина Мухаммад" деп айт
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ
~Я, Алла! Мырзамыз Мұхаммедке және оның отбасына салауат ет~

February 23, 20:26

🍃
Истиғфар

Айтылуы:
⠀أسْتَغْفِرُ اللهَ العَظِيمَ وَأتُوبُ إلَيهِ

Оқылуы:
«Астағфируллаһ әл-азим уә әтубу иләйһ».

Мағынасы:
«Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін».

February 23, 20:24

Ертең Алла қаласа Бараат түні
💙
Барынша көп истиғфар айтып, салауат айтыңыздар.
Алдағы 1 жылдық тағдыр жазылатын және кешірім түні.

February 18, 20:10

Қасиетті айлардың ішіндеміз. Аллаға барынша жақындайық.
Намаз оқып үйренуге,Құран оқып үйренуге ең қолайлы әрі ең жеңіл уақыттамыз.
Аллаға барынша жақындауға,сүйікті қ
ұ
лы болуға асығыңыз.
Раббымызда бізден де жақын құлдары бар.
Мен Раббымды олардан қызғанамын
💐