
Narikbi LIVE
Талғат Тынымбай: "Талғатпен сұхбаттың" шындығы / Narikbi LIVE #136
Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз.
Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды!
https://youtu.be/ByRjXPMVHjs?si=MzGP4fAlhw9KJWrh
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #134
Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.
- Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?
- Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық.
- Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік
https://youtu.be/6HOa0ZkMQWY
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134
Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша»
@kalkastop
телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек.
Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік.
«Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз?
https://youtu.be/-GX59brkY0A?si=LpHDi6GcAlLbvzqC
Данияр Аренов: бала - сіздің жобаңыз емес / Narikbi LIVE #133
Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық.
Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық:
• Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?.
• «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай?
және өзге де қазіргі ата-аналарға өзекті сұрақтарды ашып көрдік.
https://youtu.be/q_TVdOQ6E1g
Салем, достар!
Кейде тредсте неге қазақ тілінде дұрыс контент жоқ деп жазып жатады ғой.
Біздің жобаның ерекшелігі - біліктілігі өте жоғары, алайда елімізге танылмай жүрген тұлғаларды шақыру.
Мират мырза солардың бірі деп білемін.
Қазақ ютубының өкінішті тұсы - қаржы, экономика, IT туралы видео мүлдем танымал бола алмайды. Бірақ, оларды шығармау керек деген сөз емес. Кейде бір қаралымның өзі біраз адамға әсер ете алады.
Сол үшін ондай подкаст санын көтере берейік, халқымыз да, қаралымдар да тартылар.
Мират Ахметсадық: 2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Narikbi LIVE #132
2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр.
Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық.
Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға.
Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық.
https://youtu.be/hUNOjb07mLc?si=t6p1ZOcuS86m_3xI