
“Насихаттар жинағы”
Имам ибн Қаийм айтады:
«Кедей адамның өзіне жақсылық жасағанды жақсы көруі — қалыпты жағдай.
Ал таңғалатын нәрсе — Байдың кедейді жақсы көруі».
"الفوائد" ابن القيم
Адам күнә жасайды, әлсіздік танытады, қайта-қайта қателеседі. Соған қарамастан Аллаһ:
*жәрдем береді
* ризық береді,
* күнәні кешіреді,
* тәубені қабыл етеді,
* дұғаны естиді,
* құлын Өзiне жақындатады.
@NasihattarJinagi
Абу Бакр – Аллаһ одан разы болсын – айтады:
«Жылаңдар. Егер көз жасы келмесе, жылағандай күйге түсіңдер».
الإمام أحمد في "الزهد"
Адамдар қазір күлетін нәрсе іздеп жүреді
. Көп күле беру жүректі қарайтады хадисте келгендей.
@NasihattarJinagi
Шейх Солих Фаузан – Аллаһ оны сақтасын – айтады:
Бұл дүниенің әсемдігі, байлығы мен сән-салтанаты арқылы адамның Алланың алдындағы құрметін анықтауға болмайды.
Расында, Алланың алдында қадірлі болу — тек салихалы амалға байланысты. Мейлі, адам бай болсын, мейлі кедей болсын — айырмашылық жоқ.
Алайда адамдардың көпшілігі байлықты өлшем етіп, байларды ғана Алланың алдында құрметті деп санайды. Ал кедейлерді төмен көреді.
"شرح المسائل…" ص ١٠٩
@NasihattarJinagi
{Осындай бауырларымызды бағалайық}
Имам ибн Хиббан:
“Сенің әкеңнен тумаған қаншама бауырың бар…
Ал кейде бір әкеден туған бауырыңның өзі сенен теріс айналуы мүмкін.”
“Егер шынайы достық қаласаң — жомарт, жаны таза адамдармен аралас.
Біліп қой: уәдеге берік, адал адам — нағыз бауыр.”
“Саған әкеңнен тумаған қаншама адамдар бар,
бірақ олар саған өз бауырыңдай жақын болып кетеді.”
“Егер оларды өте қиын, тіпті өмірге қатерлі жағдайда шақырсаң —
олар сені тастамай, сен үшін бастарын қатерге тігуге дайын болады.”
روضة العقلاء
للإمام ابن حبان
ص(143)
@NasihattarJinagi
Шейхуль-Ислам айтады:
«Адамдардың арасында сондайлары бар:
оны қызғаныш (хасад) ғайбат айтуға итермелейді.
Сөйтіп ол екі жаман істі бірге жинайды:
ғайбат пен қызғанышты.»
مجموعة الفتاوى | ٢٣٨/٢٨
Қысқаша түсінік:
Яғни кейбір адамдар біреуді көре алмай, соның салдарынан артынан жамандап (ғайбат айтып) қояды. Бұл — екі күнәнің қосылуы:
Ішкі дерт — қызғаныш
Сыртқы амал — ғайбат
@NasihattarJinagi
Имам Мәлик айтады:
Білімдегі орынсыз талас-тартыс пен айтысу —
құлдың жүрегінен білімнің нұрын өшіреді.
(جامع العلوم والحكم) ص ٩٣/١
@NasihattarJinagi
Имам Мәликтің насихаты:
Маңызды іс болмаса, үйден жиі шыға берме.
Пайдалы білім берілетін жиналыс болмаса, бос отырыстарға барма.
ترتيب المدارك (٦٣/٢)
@NasihattarJinagi
Му’ауя ибн Қурра айтады:
Адамдардан жақсылық жасауды талап етпе, керісінше олардан зиян тигізбеуін талап ет.
Кімде-кім бүгін саған зиян тигізбесе — ол саған сыйлық берген адаммен тең.
تاريخ دمشق (٢٧٠/٥٩).
Расында да, саған жала жаппай, зұлымдық жасамай жүрген адамның өзі — саған үлкен жақсылық жасағанмен тең.
@NasihattarJinagi
Шейх Фаузан (Аллаһ оны сақтасын) айтады:
Дін мәселелері тек ғалымдардан сұралады. Ол жайлы дәрігерлерден, инженерлерден сұралмайды. Дін мәселесі ақылмен жетіп түсініп алатын нәрсе емес. Расында, ол тек аспаннан түскен уахи арқылы үйренілетін нәрсе.
"المنحة الربانية في شرح الأربعين النووية"
ص ٢٣١
@NasihattarJinagi
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Құлдың Раббысына ең жақын болатын сәті — сәждеде тұрған кезі. Сондықтан (сол кезде) дұғаны көбейтіңдер».
رواه مسلم (482)
@NasihattarJinagi