
Нұрсұлтан Рысмағанбет
«Әй, адам баласы! Расында сен күндерден тұрасың. Сондықтан әрбір күнің өткен сайын сенің өміріңнің де бір бөлшегі азая бермек».
Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын)
Шыншыл әрі сенімді саудагер (қияметте) пайғамбарлармен, шыншылдармен және шахидтермен бірге болады.
©️
Тирмизиде келген хадис
Адамдарға көңілдері еш нәрседен ләззат ала алмай қалатын бір заман келеді. Сол кезде олар дауаны тек оңаша қалу мен адамдардан алыстаудан іздейді.
©️
Әли ибн Әбу Толиб (родиаллаһу ғанһу)
«Адамдардың ең әлсізі – дұғаға әлсіздік еткендер. Адамдардың ең сараңы – сәлемге сараңдық еткендер».
©️
әт-Тәбәрани, Бәйһақиде келген хадис
«Әр атқан таңың саған былай дейді: «
Міне мен бүгін сен үшін жаратылдым, шамаң келгенше бос жібермей амал жасап қал! Егер мені өткізіп алсаң қияметте қайтып оралмаймын
».
©️
Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына бөлесін)
«Он жылдап кәсіпсіз, азықсыз ғұмыр кешсең де білімнен сырт айналып кетпе! Білімнен сырт айналсаң, тұрмысыңның ауыртпалығы арта түседі».
©️
Имам Ағзам өсиетінен