
OiTube💭(aselqyzdan)
Исламда романтика жоқ дейсіздер ме?
“Сафия анамыз түйесіне мінер кезде, Алла елшісі тізесін тосты, Сафия аяғын оның тізесіне қойып, түйеге мінді”
П.с. Мәссағааан, мына кітаптан Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларымен қалай қарым-қатынас жасағанын оқып, көзің ашылады екен..
💔
💔
💔
Бәрін Аллаға тапсырып, ештеңені уайымдамай, тып-тыныш бола қалған қандай ғажап
🤍
Ия, әрқайсымыздың бір мұңымыз, қасіретіміз, уайымымыз бар. Бірақ, Раббың менің жанымды тыныштандыратыны, уайымымды жаратқан Аллаһым емес пе? Демек ол шешіледі. Шешілмесе де шешіледі.
Шеше алмасам, Аллаһым Өзі шешіп береді. Өмір ешқашан бір арнада тоқтап қалған емес, солай ғой? Әр қиындық өз уақытында қиын, үлкен проблема болып көрінгенімен…дәл осы қиындық- біздің өмір жолымыз ғой. Әдемі, нәзік өмір жолымыз…
🕊️
Бәрін Аллаға тапсырып, ештеңені уайымдамай, тып-тыныш бола қалған қандай ғажап
🤍
Ия, әрқайсымыздың бір мұңымыз, қасіретіміз, уайымымыз бар. Бірақ, Раббың менің жанымды тыныштандыратыны, уайымымды жаратқан Аллаһым емес пе? Демек ол шешіледі. Шешілмесе де шешіледі.
Шеше алмасам, Аллаһым Өзі шешіп береді. Өмір ешқашан бір арнада тоқтап қалған емес, солай ғой? Әр қиындық өз уақытында қиын, үлкен проблема болып көрінгенімен…дәл осы қиындық- біздің өмір жолымыз ғой. Әдемі, нәзік өмір жолымыз…
🕊️
Ең жеңіл өмір-адамды ғайбаттамауда, жек көрмеуде
🤍
Жай оның да әлсіз құл екенін ескеріп, дәл сол қалпында қабылдауда деп білемін.Өйткені бәріміз күнәһар құлдармыз.
Бәріміз.
Бір ғалымның сөзі бар:
“Егер бір адаммен қарым-қатынасыңды үзсең, одан тіліңді де үз” дейді.
Дәл осы ғибратқа амал етсек, біз басымыздағы көп күнәдан аман қалар ма едік? Әр әділетсіздік пен сатқындық, ғайбат пен өсек өзімізге екі есе қайтып жатқанын білеміз бе?
Мен Алланың Аль Адль (Әділ) есімін қатты жақсы көремін, Оның әділдігіне өте қатты сенемін, әр әділетсіздік, қиянат, қастандық үшін 2,3 есе ауыр сынаққа тартылатынымызды білемін, біреуді өсектеп, сыртынан ғайбат айтар болсақ, сол нәрсенің тез арада өзімізге қайтатынына жан жүрегіммен сенемін. Ешқашан біреудің артын аңдып, айыбын ашпау керек, керісінше барынша жасырын ұстау керек, сонда Раббыңыз да сіздің күнәңізді ақірет күні жасырады (иншаАллах)
🤍
Дәл сол секілді, бір адам жайлы жеңіл, жағымсыз ойдан барынша сақтану керек, себебі сіз дәл сол адамнан көмек аласыз, ең жақын, жақсы деп ойлаған адамнан емес. Ешқашан сіз ойлағандай болмайды, кейде Алла Тағала түсіңізге кіріп-шықпаған ситуациялармен сынайды.
Жақында бір ұстаздан естіп қалдым
🤍
Намазды тек жан рахаты үшін оқу жеткіліксіз. Намазды Алла Тағала бізге бақыт сыйлау үшін парыз еткен жоқ. Артымызда өлім деген нәрсе бар болғандықтан, құтылу үшін (тозақ отынан)Алла Тағала оқыңыздар деп әмір еткені үшін оқуымыз керек екен.
“Намаз оқысам күшті болып қалам” деген сезім бірде бар, бірде жоқ. Ол сезім кейде шайтан аузубилляхтан да келеді, намазды сезініп оқи алмайтын болдың ғой, оқымай-ақ қой деген секілді ойларға ұласады…Сол үшін намазды сезімге байламаймыз. Күшті болсақ та, болмасақ та оқимыз…
🫶🏻
Ешқандай жұмыс, шаруа, проблема сенің өзіңнен және сенің денсаулығыңнан биік емес. Кейде жауапкершіліктің шекпенін шешіп те біл. Оны киетін басқа адамдар табылады. Кейде жай ғана Алла Тағалаға тапсырып көр, сонда ісіңнің сен араласпасаң да, өздігінен домалап жатқанын көресің. Біздегі ең үлкен проблема- мен араласпасам бітпейді деп ойлау, бәріне біздің қатысымыз бар деп түсіну. Осының салдарынан көп күшімізді дүнияуи проблемаларға жұмсап, құлшылыққа ашығып қалып жатырмыз. Кейде жай ғана әлсіз бола біл, әрекетсіз бола біл, бақылай біл, болды, басқасы маңызды емес.
Мәңгі тыныштығым ол менің намазым, басқа ештеңеден мен бақыт таппадым. Сәл алыстап кетсем сағынамын, өз-өзімнен жүрегім айнып жиіркенемін. Бұл тіпті фанатизм емес, бұл рухани аштық. Намазға аш болу, діннің тәттілігіне аш болу.
Бір кісі бұрын “саған діннің салқыны тиген” деп еді, керісінше Ислам мені тоңғанда жылындырды, киетін киімім сияқты болды. Күнде керемет амал ете алмасам да, пенделік басып кетсе де, Алласы жоқ ауыздың құритынын білемін…Аллаһым тек даналық берсін, дүниеге баспен кіріп кетуден сақтасын.
Ешқандай дүнияуи нығмет, ақша, атақ, машина, бизнес - Алланың алдында сүйікті болудан, Құран оқудан, Құранды жаттаудан, оған амал етуден артық емес.
Әдемі киіну, роскошьта шалқып өмір сүру, брендтен киіну ешқайсысы мәңгілік өмірді сатып кетуге тұрмайды.
Әдемі бояну, әдемі фигура, әдемі келбет, соны көрсету үшін намазды тастау, орамалды тастау, ешбірі Алланың мәңгілік, ақіреттік нығметтерінің жанында түк емес
❗️